Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұйықтар мен газдардың қасиеттері. Ауаның ылғалдылығы.

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Пәні: физика
Сабақтың тақырыбы: Сұйықтар мен газдардың қасиеттері. Ауаның ылғалдылығы.
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: сұйықтар мен газдардың қасиеттері жайлы жаңа ұғымдармен таныстыру, табиғаттағы фазалық ауысулар туралы білімдерін тереңдету.
- дамытушылық: оқушылардың білік - дағдыларын, ауызша сөйлеуін, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, тапсырманы талдай алу және есептеу қабілеттерін дамыту.
- тәрбиелік: мұқият тыңдауды, ізденімпаздыққа, қойылған талаптарды тиянақты орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа ұғымдарды игеру сабағы.
Сабақтың жабдықталуы: бейнекөрсетілім.
Пәнаралық байланыс: география, биология
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру (2 мин)
II. Сабақты таныстыру (3 мин)
III. Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)
IV. Жаңа сабақ (20 мин)
V. Жаңа сабақты бекіту (10 мин)
VI. Үй тапсырмасын беру (5 мин)

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру. Дәрісхананың тазалығына, оқушылардың киіміне назар аудару. Журналды толтыру, оқушыларды түгендеу.
II. Сабақтың тақырыбын айту, таныстыру, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.
III. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтар:
1. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады? Термодинамиканың бірінші заңының изопроцестерде қолданылуының өрнектері мен графиктерін салыңдар.
2. Термодинамиканың екінші заңы қалай тұжырымдалады?
3. Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі қалай? ПӘК деген не?
IV. Жаңа сабақ
a. Қаныққан бу.
b. Фазалық ауысулар.
c. Ауаның ылғалдылығы.
d. Сұйықтың физикалық қасиеттері.
e. Қайнау.

А) Қаныққан бу.
Идеал газды сұйыққа айналдыруға болмайды. Ал нақты газ сұйыққа айналады.
T=const болған жағдайда жабық ыдыстағы сұйық пен бу арасында біртіндеп динамикалы (қозғалмалы) тепе - теңдік қалыптасады.
Өз сұйығымен динамикалық тепе - теңдікте болатын бу қаныққан бу делінеді.
p ~ T p ~ V
Сұйық өзінің буымен тепе - теңдікте болған жағдайда, көлемге тәуелсіз бу қысымы – р қаныққан бу қысымы деп аталады.
p = nkT [p] = 1Па
Өзінің сұйығымен динамикалық тепе - теңдікте болмайтын бу қанықпаған бу деп аталады. Мысалы, жердің атмосферасы.

В) Фазалық ауысулар.
Фазалық ауысу дегеніміз - бұл заттың бір күйден басқа күйге өтуі.
Заттың сұйық күйден газ күйіне өтуі булану, ал заттың газ күйінен сұйық күйінен сұйық күйге өтуі конденсация деп аталады.
Заттың кризистік температурасы деп сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады.

Г) Ауаның ылғалдығы.
Ауадағы су буының мөлшері ылғалдылық деп аталады.
Берілген температурада ауа құрамындағы су буы р парциал қысымының, сол температурадағы қаныққан будың р қысымына процентпен өрнектеліп алынған қатынасы ауаның φ салыстырмалы ылғалдылығы деп аталады:
φ = p/p*100% [φ] – ауаның ылғалдылығы = 1%
Мұндағы, р – қаныққан бу қысымы, р – парциал қысым – егер басқа газдардың барлығы жоқ десек, онда су буының түсіретін қысымы.
Адам үшін неғұрлым қолайлы болатын салыстырым. ылғалдық 40 - 60 %.
Тоқыма, кондитер және басқа өндірістердегі процестердің дұрыс жүруі үшін белгілі бір ылғалдық қажет. Өнер туындыларын және кітаптарды сақтау үшін ауа ылғалдылығын тиісті деңгейде ұстап тұру қажет.
Ауаның ылғалдылығын гигрометр, психрометр деген құралдармен өлшейді.

Д) Сұйықтардың физикалық қасиеттері.
1. Көлемін сақтайды.
2. Ыдыстың пішінін қабылдайды.
3. Молекулаларының арақашықтығы молекулалардың өлшемдерімен салыстырылады.
4. Аққыш болады.
5. Қаттылығы.
6. Сынғыш.

С) Қайнау.
Қайнау – сұйықтың барлық көлемінде және тұрақты температурада өтетін булану процесі.
Қайнау температурасы – судың қаныққан буы атмосфералық қысымнан жоғары болатын температура.
Қайнау кезінде сұйықтың барлық көлемі бойынша тез ұлғаятын бу көпіршіктері пайда болады да, олар сұйық бетіне қалқып шығады. Сұйықтың температурасы тұрақты болып қалады.

V. Жаңа сабақты бекіту. Қайталау сұрақтарына жауап беру, есеп - 14 - жат. №1, 3, 5
1. Қаныққан және қанықпаған бу деген не?
2. Фазалық ауысулар деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
3. Ауаның ылғалдылығы деген не, өрнегі қалай жазылады?
4. Сұйықтың қандай физикалық қасиеттерін білесіңдер?
5. Қайнау деген қандай процесс?
VI. Үй тапсырмасын беру. § 6. 1, 6. 2 оқу - мазмұндау. 14 - жат. №2, 4. есеп шығару.
40 003
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы ұғымын енгізе отырып, күнделікті өмірде және адам өміріндегі ылғалдылықтың маңызын көрсету, ауаның ылғалдылығын өлшеу құралдарымен және олардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру
Ауа және ауа райы
Ауа және ауа райы
Ауа қасиеттері туралы білімдерін тереңдете отырып, ауаның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің Физика пәні мұғалім Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №5 орта мектептің физика және информатика пәні мұғалімі Ерланова Шынар Алтынбековна
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жарқынбаева Майра Нұрғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×