Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өз өмірім өзімен құнды!

18 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Өз өмірім өзіме құнды!
Сабақтың мақсаты. Оқушыларға өмір сүру туралы дұрыс, жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, олардың өз өмірлерін дұрыс құру, өмірде кездесетін қандай қиындықтар болмасын оны жеңе білу және өмірді бағалай білу туралы түсінік беру.
Көрнекілігі. Өмір - арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың.
Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады.
Сөзі мен әні А. Қырықбаевтікі «Ғажайып әні тыңдалды.
Оқушылар оқулықта берілген ой - толғаулармен танысып, өмір туралы өз ойларын ортаға салды.

1 - оқушы.
Өмір дүние дегенің.
Ағып жатқан су екен.
Жақсы жаман көргенің
Ойлай берсең у екен.

2 - оқушы.
Қалай тұрар бұл көзден мұң көрінбей -
Ғұмыр қысқа көктемнің гүлдеріндей.

3 - оқушы.
Өмірде өз жолымызды табу үшін қоршаған ортаны танып білуіміз керек;
- Рухани құндылықтарды терең меңгеруіміз керек;
- Бойымызға адамгершілік қасиеттерді дарытуға тиіспіз;
- Алдымызға қойған мақсат - мұраттарымызға қол жеткізуге тиіспіз.

Психолог сөзі: Өз - өзіне қол жұмсаудың басты себептерін айта кетсем: Проблеманың көптігі - Барлық проблемалар шешілмейтіндей көрінеді. Оларды бір - бірлеп шешуге ойын шоғырландыра алмайды.
Басқа адамның жанын ауыртуға әрекет жасау -«олар әлі өкінетін болады», яғни кек алу.
Проблеманы шешу жолы - кейде адам өз - өзіне қол жұмсау арқылы проблемаларын өзімен бірге алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.
Батылдығы мен күшін көрсету - батыл және күшті адам ғана өз - өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.
Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа жақсы ойлар ойлау керек. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады. Міне өмірдің өзі біле - білсең сонысымен қымбат.
Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг - жаттығу жасау арқылы жалғастырайық.

«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы.
Ақ парақтың оң жағына өз проблемаларыңды шатасқан жіп күйінде сурет етіп сал. Кескіннің төменгі жағына өз проблемаларыңды шатасқан жіп күйінде сурет етіп сал. Кескіннің төменгі жағына «Менің проблемаларым» деп жаз. Немесе оны нақтырақ атауыңа болады. Кескіннің сол жағына төменірек өзіңнің фотосуретіңді бейнеле де есіміңді жаз. Содан соң қайшы ал да жіпті, яғни проблемаңды қиып таста. Сенің көрнекі түрде көзің жетті: Проблема жойылып кетті. Қайшының жүзі арқылы бір сәтте қиып тастадың. Дәлірек айтқанда, осы іс - әрекет туындағанда қиын жағдайларды жеңіл шешуге болатынына көзіңді жеткізеді.

Психолог сөзі: Сонымен тренингтен қандай әсер алдыңдар. Қандай да бір мәселенің шешілетін жолы бар екенін түсіндік.
Мазасыз жаман, жағымсыз, мағынасыз ойлар адамды психикалық, тәндік жарақатқа шалдықтырады.
Өздерің ойлаңдаршы? Сонда не өзгерді? Одан сен не ұтасың?
Оның кімге пайдасы, кімге зияны тиеді?..
Ештеңе де өзгермейді, ештеңе де ұтпайсың, еш пайдасы жоқ, керісінше өзіңе жақын адамдарыңа зияныңды тигізесің. Әрине дұшпаныңа күлкі, достарыңа ең қымбат адамыңа, ата - анаңа бауырларыңа орны толмас қайғы, қасірет әкелесің, одан басқа ештеңе жоқ. Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп, не істесең де ойланып істеуге үйрену керек.

Әрі қарай
«Сергіту» тренингі.
Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып - тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз...
Сізге өте жайлы, тып - тыныш, сіз тек менің дауысымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңыздан орман шықты, Көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба - өзіңіз таңдайсыз.
Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба - оны да өзіңіз біліңіз.
Келе жатырсыз - алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе?- өзіңіз шешіңіз.
Енді алдыңыздан өзен көресіз - ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? Оны да өзіңіз таңдаңыз.
Орман - ол сіздің проблемаңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда сіздің проблемаңыз да сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз алда қалың үлкен проблема күтіп тұр.
Жол сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.
Әмиян - ол сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз болашақта сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз сіз алдағы уақытта қаржы жағынан қиналатын боласыз.
Қақпа - қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз - қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз - қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтардан қашасыз.
Құмыра - ол сіздің ата - бабаңыздың байлығы.
Жылқы - аттың қасына жақындасаңыз сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.
Өзен - ол жай болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап тасып жатырса - сіздің қаттылығыңызды білдіреді.
Өзіңді өткен, осы және келер шақта қалай көресің, елестете отырып суретін сал.
Талдау:- Осы суреттердің қайсысы саған аса ұнайды?
- Келешекте өзіңді кім деп елестетесің?
- Сенде қандай қасиеттер пайда болды?
- Сен өзің не тілер едің?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 495
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмір — теңіз
Өмір — теңіз
Өмір — ол үлкен жол. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Өмір арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз.
Өмір, қымбатсың сен маған!
Өмір, қымбатсың сен маған!
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Беларан ауылдық округі, №77 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қазбағанбетова Жанна Байкаловна
Өмір – өзен...
Өмір – өзен...
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№ 6 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернат» КММ Калишева Нурбану Бурмантаевна
Мен таңдаған өмір... (тренинг сабақ)
Мен таңдаған өмір... (тренинг сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектеп психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Өмірді таңда
Өмірді таңда
Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң
Өмір шексіз керуен
Өмір шексіз керуен
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×