Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Психология
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы


Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезеңі Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.

Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы. Баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті.

Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту - тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп - салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік - жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан - жақты дами алады.

Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі балалардың барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ тәрбиеші ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет. Мектепке дейінгі білім берудің алдында тұрған негізгі мақсат – балаларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту.

Мектепке дейінгі кезеңінде алған білімдерді бала өз іс - әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп - салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде баланың ойлауы нақты - бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне сүйенеді. Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілетін зерттеу әдістері арқылы біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың тапсырмаларды шешу. Баланың назарын тексеріп, зерттегенде, іріктеу мен нәтижелерді қайта тестілеу үшін классикалық Бурдон тестісінің балаларға арналған түрі қолданылады. Бұл үлгі еркін түрде балаларға жақсы таныс және қарапайым пішіндер, мысалы жұлдызша, квадрат, шеңбер, үшбұрыш, жарты шеңбер, жалауша орналасқан парақтан тұрады. Зерттеушілерге белгілі бір фигураның астын сызу ұсынылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 649
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау,
Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Шығыс Қазақстан облысы, Үрджар ауданы, «Алтыншоқы орта мектеп» КММ - сі Мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сихимбаева Рымхан Абилхайдаровна
Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №234 Ж. Жабаев атындағы қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық жетекшісі Смағұл Гүлжан
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×