Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болашаққа бір қадам

26 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Психология
11 сыныптар
Психологиялық трениг тақырыбы: “Болашаққа бір қадам”

Сабақтың мақсаты: оқушылардың кризистік кезеңдерде өзін - өзі басқару және бақылау, қорқыныш пен үрей кедергілерін жеңу дағдыларына үйрету, өз - өзіне, күштеріне және өз мүмкіндіктеріне сенімділіктерін жоғарылатуға ықпал жасау.
Міндеттері:
1. Сенімді мінез - құлық дағдыларын игеру, қорқыныш феноменімен танысып, оны жою;
2. Психикалық қысымнан босаңсуға үйрету;
3. Ішкі резервке арқау бола отырып, өзіндік бақылау дағдыларын дамыту;
4. Өзінің әрекеттері мен ұстанымдарын талдаудағы жеке бас жауапкершілікті сезінуге көмектесу.

Қажетті құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, бет қағаздар, түрлі - түсті қарындаштар, карточкалар, т. б.
Әдіс - тәсілдер: әңгіме, мини - лекциялар, арттерапиялық және медитативті техникалар, талдау, топпен жұмыс, тест, демонстрация және т. б.

Сабақ барысы:
1. Сәлемдесу.
- Қайырлы күн, айналайын оқушылар! Бүгін сендермен қауышып тұрғаныма, алдағы 1 сағат уақытымды тек сендермен өткізу мүмкіндігім үшін қуаныштымын. Бүгін мен сендермен, сендер менімен, өздерің өзара бір - біріңмен жақындастыра түсетін, өз - өзімізді тереңірек тани түсетін, көзқарастарымызды өзгерте түсетін тренинг болатынына мен сенімдімін!
- Бүгін таңертең барлығымыз бір - бірімізбен амандасуды ұмытқан жоқпыз ба? Ендеше, «Аманның артығы жоқ» демекші, тағы бір сәлем беру кезегі келді.
Сәлемдесу шарты: жүргізуші оқушылардың қандай - да бір белгісін атайды, сол белгіге сәйкес келетін оқушылар тез орындарынан тұрып, бір - біріне сәлем береді. Мысалы, «Тек қана ұлдар тұрып, бір - біріне «Сәлем!» дейді» немесе «Кімнің есімі «А» әрпінен басталады, солар орнынан тұрып «Привет!» дейді» және т. с. с.

2. Эпиграфпен таныстыру.
«Тауды орнынан қозғалта алған адам ұсақ тастарды бір орыннан екінші орынға тасудан бастаған екен. Әлемді өзгерткіміз келсе, БІЗ ең алдымен ӨЗІМІЗДІ ӨЗГЕРТУІМІЗ КЕРЕК» (Сократ)
Талқылау, өз ойларымен бөлісу.

3. Сұрақтарды талқылау.
- Балалар, сендер болашақ туралы көп ойлайсыңдар ма?
- Болашақ сендерге қандай болып көрінеді: ЖАРҚЫН БА әлде БҰЛЫҢҒЫР МА?
- Сендер болашақ туралы қорқынышпен ойлайсыңдар ма?
- Ал болашақты неше ай немесе неше жыл алдыға елестете аласыңдар?
- Сендер өткен шақ немесе болашақ тың қайсысы жайлы көбірек ойланасыңдар?
Статистикаға сүйенсек, СӘТТІ АДАМДАР уақытының 70% болашақ туралы ойлаумен өткізеді екен. Ал ЖОЛЫ БОЛМАЙТЫН СӘТСІЗ адамдар уақыттарының 90% өткен өмірі туралы ойлаумен өткізеді екен. Және сендер, балалар, алыс болашақты елестете алсаңдар, сендер сәтті болады екендерің рас.
Құпия емес, көбіміз болашақ жайлы негативті ойлаймыз. Болашағымыз үшін қорқыныш дәл қазіргі шақтағы әрекеттерімізді тоқтатып тастайды. Ал көптеген адамдар, керісінше, барлығын өз бақылауына алып, жеңе алады.
Әлсіз адамдарды ҚОРҚЫНЫШ күйретеді, бұзады, ал КҮШТІ адамдар қорқыныштың өзін бұзады екен.

4. «Шынымды айтсам» жаттығуы
«Балалар, интербелсенді тақтада алдын - ала даярланған «аяқталмаған сөйлемдер» берілген. Әрбіреуің бір сөйлемді оқып, тез, басына алғаш келген жауапты айтуларың тиіс. Шынайы жауап берулерің тиіс. Егер де біреу жауаптың шынайылығына күмәнданса, ол бала тағы бір сөйлемді аяқтауына тура келеді. Ал, ендеше, бастайық.

Сөйлемдер:
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, алдағы өмірім туралы ойлаған кезде...
ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, мен ҰБТ туралы ойлаған кезде...
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, үйге келген кезде...
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, мен консультацияға келген кезде...
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, мен көшеде қыдырып жүргенде немесе дискотекаға барғанда...
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, мен қатты толқығанда...
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, мен ойымды жинақтай алмай қалған кезде...
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, осы ҰБТ туралы ойлаған кезде...
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, мен... туралы ойлағанда қорқыныш сезімі туындайды.
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, мен мектепке келген кезде...
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, мен болашағымды елестеткен кезде...
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, қазір өзімді... сезінемін
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, соңғы кезде...
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, өткен өмірім маған... болып көрінеді
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, болашағым маған... болып көрінеді.
 ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ, алдағы ҰБТ - ге қатысты ата - анамның уайымдағанын ойласам...
Талқылау: сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
Өздерің үшін жаңа және қажет мәлімет ала алдыңдар ма?
5. Топқа бөліну.
4 топқа бөліну үшін оқушыларға 4 затты таңдау ұсынылады. Ол зат өзіңе ұнайтын, өзіңе жақын зат болуы тиіс (сәбіз, жұмыртқа, ағаш, кофе).

6. Топпен жұмыс
Топқа бөлінгеннен кейін әр топқа келесі сұрақтар талқылауға беріледі?

1. Жалпы, қорқыныштан арылу қандай өзгерістерге әкеледі? Пайдасы?
2. Қорқыныш/үрей мәселесін шешудің бір жолы – өз қорқынышыңды қабылдау.
3. Қорқыныш/үрей мәселесін шешудің бір жолы – өз қорқынышыңды қорқыту.
4. Қорқыныш/үрей мәселесін шешудің бір жолы – өз қорқынышыңды жақсы көру.
Әр топ өз ойларын ортаға салады, талқылайды.

7. Практикалық бөлім
Осы қарастырылған тәсілдердің бірнешеуін орындап көрейік.
«Намток» техникасы.
1 оқушы интербелсенді тақтамен жұмыс істесе, қалғандары орнында жұмыс істейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығару
Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығару
Оқушының туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру. Туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған
How old are you?
How old are you?
"How oldare you?", “I am …” лексикалық бірліктерін беру. Тыңдау, сөйлеу, сәлемдесу және өзін - өзі таныстыр дағдыларын дамыту. Шет тіліне қызғушылыққа тәрбиелеу.
АКТ құзіреттілігін арттырудың тиімді жолдары
АКТ құзіреттілігін арттырудың тиімді жолдары
АКТ құзіреттілігін арттыру туралы ой қозғау және оның оқу мен оқыту процесіне тигізер пайдасы мен кедергілерін анықтау. Ақиқатқа сай шешімдер құру және талдау.
В дыбысы және әрпі
В дыбысы және әрпі
Оқушыларға в дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасауға үйрету. Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Оқушыларды адамгершілікке,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×