Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ҰБТ-ға дайындалуға пстхологиялық көмек

07 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
Тақырыбы: ҰБТ-ға дайындалуға психологиялық көмек

Мақсаты: ҰБТ - ге дайындау кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл-күйін көтеру.
Қажетті құралдар: видеопроектор, тоқыма жіп, А4 парағы
Жұмыс жоспары.
1. «Достық торы» жаттығуы
2. «Сәлемдесу» жаттығуы
3. «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» жадынаманы тарату, талқылау
4. «Менің жарқын үміттерім, менің қауіп - қатерлерім»
5. «Өмір күрес» бейнеролигін тамашалау
6. «Суретті тест» жаттығуы
7. Қорытынды

Кіріспе:
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқыту мен тәрбиелеудің құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологияның түбегейлі өзгерістерімен ерекшеленеді. Мұндағы мақсат жеке тұлғаның білім, білік дағдысын механикалық түрде дамыту емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаның ақыл – ойын, тұлғалық психикалық қасиеттерін дамыту.
ҰБТ - ны өткізу елімізде өте үлкен жауапты шараға айналды. Түлектің әрі қарай жоғары оқу орнына түсіп білімін жалғастыру, жалғастырмауы осы ҰБТ - нің қорытындысына тікелей байланысты. Сол сияқты біздің де мойнымызда алда үлкен жауапкершілік артылған тапсырма тұр. Ол ҰБТ - дан сүрінбей өту, қалаған балыңызды алу. Бірақ, ол өздігінен келе қоймайды. Кез – келген талапкер үшін уақыт пен еңбекқорлық, ізденіс керек.
ҰБТ - ны тапсыру кезінде оқушылардың өзін - өзі реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін - өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетінің төмендігі және емтиханды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі. Осы қиындықтарды жеңу үшін талапкерлердің бойындағы уайымды, жан күйзелісін, қорқыныш пен үрейді төмендету үшін бүгінгі тренингті ұйымдастырғалы отырмын.

1. «Достық торы» жаттығуы
Мақсаты: жағымды қарым - қатынас, достық сезім қалыптастыру.
Нұсқау:
Жаттығуды бастайтын оқушы жіптің бір ұшын саусағына іліп алып, өз есім және есімінің басты әрпінен басталатын бір сын есім айтып жіпті кез – келген оқушыға лақтырады. Осылайша барлық бала тапсырманы орындап шығады. Жаттығу соңында «достық торы» пайда болады.

2. «Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: мейірімді қарым - қатынас қалыптастыру
Нұсқау:
Қазір мен сіздерге түрлі тәсілдермен амандасуды ұсынамын. Сіздер оң және сол жақ көршілеріңізбен дәл солай амандасуларыңыз керек. Амандасу кезінде бір - бірлеріңізден қал - жағдайларыңызды сұрауды ұмытпаңыздар.
(қолмен, тіземен, иықпен, арқамен, баспен, т. б)

3. «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек»
Мақсаты: Емтиханға дайындалудың тиімді формаларымен таныстыру.
Оқушыларға “ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек” тақырыбында кітапша таратып, талқылау

4. «Менің жарқын үміттерім, қауіп - қатерлерім» жаттығуы
Нұсқау:
Алдарыңыздағы парақтың оң жағына “менің жарқын жақтарым”, сол жағына “Менің қауіп - қатерлерім” деп жазыңыз. Енді осы екі бағанға ҰТБ - ға байланысты өз ішкі сезімдеріңізді жазыңыздар. “Менің жарқын жақтарым”бағанына жағымды, алдағы армандарыңызды, ал “қауіп - қатерлерім” бағанына неден қауіптенесіз соны жазасыздар.
(кімде қандай жарқын жақтар бар, қандай қауіп - қатерлер бар талқылау)

5. «Өмір күрес» бейнеролигін тамашалау

6. «Суретті тест»
Нұсқау: Қатысушылар ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың суретін салып бүгінгі тренингтен алған әсерлерін жазады.
1. Күннің суреті – тренингке қатысушылардың толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
2. Бұлттың суреті – алған әсері төмен.
Жаңбырдың суреті – ешқандай әсер алмаған

7. Қорытынды:

Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.
Әрдайым ашық болсын аспанымыз,
Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз.-
дегендей қаламгеріміздің өлең жолдарына назар аударайықшы, балалар. Егер өмірде өзіңе - өзің сенімді болғың келсе, өмірмен бетпе-бет кездесуден қорықпа, үнемі өмір сынағының әр түрінен қашқақтап, жеңілдікпен өтірік көңіл көтеруді пайдалансаң, кезең - кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен - өзің әлектене бересің. Сондықтан өмірдің қиындығын қасқайып қарап қабылда. Жеңіл жол іздеме, қиындықпен күрес. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкеледі.
Бүгінгі тренинг сабаққа қатысқандарыңа рахмет, сау болыңдар!
19 609
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
6 - сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық тәрбие жұмыстарының жоспары
6 - сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық тәрбие жұмыстарының жоспары
Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан – жақты дамыған, ақыл – ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие жұмысының жоспары
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан - жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Ойынның шарты: әр қатысушы өз есімін айтып, сол есімінің бастапқы әрпіне сын есім немесе жағымды қасиет ойлап табады.
Сындарлы оқыту
Сындарлы оқыту
ШҚО, Семей «№13 ЖОББМ» КММ Траих пәні мұғалімі:Н. Кульджина
Бейінді оқыту-жеке тұлғаны дамыту құралы
Бейінді оқыту-жеке тұлғаны дамыту құралы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №170 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әбдіхалықова Жайнагүл
Педагогика тест
Педагогика тест
Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×