Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз болу - борышым (эссе)

15 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
«Ұстаз болу - борышым» эссе.
«Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»- деп, Ж. Ж. Руссо айтқандай, өзінің бар білгенін аямай, өзгенің бақытына қуана білетін ұстаз болу, мен үшін үлкен арманым, алдыма қойған мақсатым болатын. Мектептегі ұстаз - балалардың екінші анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірттердің бойындағы талай жіберген ағаттықты кешіре білетін, бойындағы парасаттылығы мен ақылдылығы арқасында, әр оқушының жүрегінен жол тауып, тентекті жуасытып, еркені сабасына түсіріп, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізетін мейірімді адам. «Ұстаз» болған адам бақытты, адал, мәдениетті, білімпаз, өз білгенін үйрете білетін, өзгеге үлгі адам сияқты деп көз алдыма елестете білдім. Жүрек қалауым, балалармен жұмыс жасап, қуанышты күлкілерінен нәр алу болатын. Алғашқы қызығушылығым, бастауыш сыныпта сабақ берген Дина апайыма еліктеуден, қызығушылықтан басталды. «Болмасаңда ұқсап бақ» дегендей, сол балалық шақтағы арманым орындалып, бүгінде 35 жыл еңбек өтілі бар, 3(базалық) деңгейден өткен, 1санатты, бастауыш сынып мұғалімімін. Бар күш - жігерімді осы алдыма келіп отырған шәкірттеріме арнаймын. Шаршамай, талмай, бар білгенімді оқушыларыма беруге тырысамын. АКТ - ны пайдаланамын. Әр өткізер сабағымда жаңа технологияларды көптеп қолдануға тырысамын. Мысалы: «Шелектегі идея» «Ыстық орындық» «Өрмекшінің торы» «Мозайка» «Көпір» «Джиксо» «БҮҮ» «Бұлт» «Түртіп алу» стратегияларын үнемі қолданамын. Ашық сабақтар мен тәрбиелік шараларды мультимедиа арқылы өткіземін. Сабақтан тыс уақыттарда оқушылармен бірге мешітке, саябаққа, музейге барамыз. Мектеп айналасына талдар, гүлдер отырғызамыз. Ата - аналармен байланысым өте жақсы жолға қойылған. Сыныптың арын ойлаймын, Ата - анамен байланысты қолдаймын. Жетуім керек, ұлы биік мақсатқа, Ерінбеймін, жету үшін жақсы атқа.. Ата - аналар арасындағы бұл жұмыстарым В. А. Сухомлинскийдің мына сөздерімен тұспа - тұс келетін сияқты. «Тек қана ата - аналармен бірге, жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімнің балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін». Көп ізденемін, өз білімімді көтеруден ешқандай жалыққан емеспін. «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігіде жойылады» деген орыс педагогі К. Д. Ушинский. Өйткені қазіргі заман талабыда 3 деңгейлік курстан өту керектігін басты назарда ұстап отыр. Иә, өмір талабы - іздену, үйрену. Ізденсең - табасың, талаптансаң - жетесің, зейін салсаң - ұғасың дегендей бізді осындай жігерлі сөздер алға жетелейді. Қазіргі аумалы - төкпелі заманда тез шешім таба білетіндербес тұлға дайындауымыз қажет. Ол бәсекеге қабілетті, сауатты да, білімді ұрпақ. Сол ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру жолында, маңдай терімді төгіп, адал еңбек ету менің алдыма қойған мақсат - міндетім. Өйткені мен өз мамандығымды ұнатамын, сүйемін.«Ұлағатты ұстаз болу - борышым» деп санаймын. Осы тұста ұлы Абайдың Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға деген өлең жолдары ойға оралады. Біз тәрбиелеп жатқан шәкірттеріміз өмірден өз орынын тауып, бір кірпіш болып қаланып, ұстазынан шәкірті озып жатса, адал еңбегіміздің ақталғаны деп қуанамыз емес пе?! Ұстаздык мамандықты жан - тәніммен сүйгендіктен, алдымдағы шәкірттерім алдында жаңа форматта, терең білім беру борышым деп есептеймин. Мен ұстаздық мамандықты таңдағанымды мақтаныш тұтамын! Ұстаз болу - басты менің борышым, Шәкірттеріме берем ылғи қол ұшын. Сауаттанып қанаттанса биікке, Ақталғаны емес пе, менің борышым!
Бүгінгі таңда, менің шәкірттерім егеменді елдің, Тәуелсіз Қазақстанымыздың толыққанды, білімді де, тәрбиелі азамат болып шықса, менің арманымның орындалғаны деп есептеймін. Осы орайда Б. Момышұлының «Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет»деген сөзі есіме оралады. Ал, ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені - бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарға» деген сөзінен біз сияқты ұстаздардың бала тәрбиесінде басты тұлға екендігін көрсеткенін аңғаруға болады. Биылғы жаңа оқу жылында жаңартылған бағдарлама бойынша өз білімімді шыңдап, бірінші сынып алуға дайындық үстіндемін.. Өмірлік ұстанымым: Білу аздық етеді, қолдану қажет! Қалау аздық етеді, жасау керек!
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай қызық, шын бақытын тапса адам!

Атырау облысы Жылыой ауданы, Құльсары каласы,
№9жалпы орта білім беретін мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Есенова Ляиля Байтоллакызы
11 307
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Ұстаздық еткен жалықпас Эссе
Ұстаздық еткен жалықпас Эссе
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.
Эссе. Қазіргі заман мұғалімі
Эссе. Қазіргі заман мұғалімі
Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық.
Ұстаздың ұлы келбеті
Ұстаздың ұлы келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш класс мұғалімі Аптимова Серікжамал Ихсанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×