Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мінез – адам айнасы

01 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Сабақтың тақырыбы: Мінез – адам айнасы
Мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Тәрбиелік: Жақсылыққа, сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қанатты сөздер, тренингтер.
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, психология

Барысы: І. Ұйымдастыру. Сергіту сәті:
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Кіріспе. Адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата - аналарымыз, ата - бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Ал осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.
Адам мінезі сан алуан. Бұл адамның іс - әрекетінен айқын көрінеді: біреудің қимылы - шапшаң, екіншісі асықпайды, үшіншісі – іске ойланбастан кірісе салады. Адам бойында көрінетін мұндай ерекшеліктер МІНЕЗ деп аталады.

«Адамның жеті жетекшісі бар: басшысы – ақыл, Жетекшісі – талап,
Жолаушысы – ой, Жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы - МІНЕЗ, Сынаушысы – халық» (Саққұлық би).

Олай болса, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз тақырыбы «Мінез – адам айнасы»

2. Мінез туралы түсінік беру. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығы көрсетеді. Мінез даралықтың негізгі құраушы бөлігі.

«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды.

Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте «Мінезіміз келіспеді» - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр түрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет қылықтарын болжай аламыз.

Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттері мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б. э. д. 372 - 287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасампаз, сөзшең т. б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек chapaцтер - қасиет, сапа) терминін енгізген. К. К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.

Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін адамдар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы, өндіріс ұжымы, түрліше ресми емес топтар. Олардың әрқайсысы адамның мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні – даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. Кез - келген қатынас мінез қалыптастырушы бола алмайды.

Қоғамға және өзге адамдарға қатынас адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік - адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа адамдармен қатынаста коммуникативтік қатынастар ерекше орын алады: мейірбандылық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым - қатынаста бола алады: отбасында, жұмыста, әріптестерімен, достарымен. Олар әлеуметтік - мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым – қатынас барысында пайда болған
негативті сезімдерді
қызғаныш,
сенімсіздік
жаратпаушылықты
оңай жеңеді.

Мінез - саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, ой жете бермейтін, саналылығының, даналығының, қабілеттілігінің шегі, теңі мен телісі жоқ. Киелі де аса кеңістікте жасампаз тіршілік иесі – адамзат, биоәлеуметтік шеңберде жеке тұлға. Сезімтал, пайымды, болжамды. Амалы мен тәсілі мың сан. Бүгінгісін ертең таңдай білетін, жоғын таба, барын жаңарта, жасандыра, жетілдіре беретін жаһандағы баламасыз, ішкі жан - дүниесінің тылсымды рухани күші мен сыры жер танымдық қуат көзі, нағыз адамдықтың негізі нәзік болмыс - ақыл, ес ой - өріс, жад, түйсік және сезім өмірде қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр - сипат, іс - әрекет, бет - бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Ақыл мен мінез кісіліктің парқыны мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай - ақ бірін - бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория.
Беті бүлк етпей көз ойнату, сырт айнала беріп мысқылды кейіпте мырс - мырс күлу. Бұл жалған, надандық ұяттың жымысқыланып, ашықтан ашық өміріндегі реттеуші күш. Ағаттықтан қорған, ізеттікке пана. Оғаштыққа жол бермес тежеу. Опықты іс - әрекетке бөгеу.

«Мінез – құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна» (И. Гете)

3.«Мінез» бейнеролигі
Адамның мінезіне нелер жатады:
Есер, өктем, аяр, жалтақ, көнбіс, табанды, ұяң.

1. ЕСЕР: Орынсыз лепіретін немесе аяқ астынан ашуланатын шапшаң, шодыр мінезді, басқаларға ұқсамайтын өзгеше қылықты адам. Оның күтпеген жерден лып шыға келетін шайпау мінезі жұртшылықты таң қалдырады. Ол кейде Қожанасырға да ұқсап кетеді. Бойындағы оғаш мінезден туған іс - әрекеттері қисынсыз, ретсіз әрі ақылға қонымсыз. Болмысы: шабарман.

2. ӨКТЕМ: Қаймықпайтын да тыл, тәуекелшіл, дегеніне жетпей тынбайтын адуыңды жан, оның ашық мінезі, тез тіл табыса алу қасиеті, қолы ашық жомарттығы көбінесе өктемдік пен билікқұмарлықтың құралына айналады. Ол сондай - ақ топ жаратын шешен, көңілді, жұрттың ыстық ықыласын тек өзіне аудару мақсатында қоғамның ұйтқысы бола жүріп, басқалардың мысын басуға ұмтылады. Негізінен қызыл сөзге бейім, онысымен қоймай іске араласа кететін қызбалау адам. Ол «құласа нардан құлайтын» үлкен әрекетке құмар. Уысына түскенді ұршықша үйіреді. Көшбасшы болуға деген ұмтылыс оның табиғатында бар қасиет. Өйткені оның бойына ұйымдастыру мен басқаларды соңынан ерте жөнелетін қабілеті дарыған. Дегенмен, олардың басты ерекшелігі парсы поэзиясында көрсетілгендей «Менменсіген жезтырнақ, азулы арыстан, жапырағы үлбіреген гүлдей өкпешіл». Өктем тұлғалардың маңайын үнемі жәбірлеп жүруінің бір себебі осында. Болмысы - қолбасшы.

4. Адамдардың көп мінез - құлығы өз бойындағы темпераментіне де қатысты.
Ерте заманнан - ақ оны мынадай төрт түрге бөлген:
1. Холерик
2. Сангвиниг
3. Меланхолик
4. Флегматик

Оқушылардың мінез - құлқы туралы ТЕСТ.
«Мінез - адам айнасы» өлеңі оқылады
Мінез мөр деп аталады. Мінезі жаман адамның бойында жақсы қасиет бола ма? / оқушы пікірі/

Абайдың сөзімен айтқанда ниет болса, мінезді өзгертуге болады. Бізге дейін ғұламалардың айтуы бойынша екінші қасиеттері керемет дамыған. Мысалы: білімді, өнерлі, шебер........

«Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты». Б. М. Теплов.

Адамның қадір - қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез - құлқына қарай бағаланады. Талай тағдырға да оңды – солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан - ошақ басынан асырамайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әмәнда ақылға жүгіндіру керек.

5. Ендеше, балалар, адам бойындағы көркемдік, әдептілік, ұяттылық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар балалар,
Намыс бір сырлы, көп қырлы

Жеке бастық намыс, құқықтық, кәсіптік, азаматтық, ұлттық

Аталуы әр түрлі болғанымен әр адамның қасиеті мен мінез - құлқына байланысты айтылып, абырой мен беделді қорғайды.

6.«Менің бейнем» тренинг

7.«Дүкен» ойыны / гүлдер музыкасы/
Адамгершілік қасиеттер өз бойыңдағы жақсы мінез - құлық, әдеп, әдеттен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі өнегесімен, ата - әженің үлкендік, ақ сақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді.
/бұл адам бойындағы жақсы қасиеттер. Ал, балалар, ашуланғанда өздеріңе қалай тоқтау қоясыңдар?/

8.«Сызат» бейнеролигі

9. «Мен қандаймын?» тренинг
«Абу Хурайра (Алла оған разы болсын) айтады: Пайғамбарымыз:
/Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын/ жаннатқа кіргізетін амал жайында сұралғанда «Тақуалық және көркем мінез» - деп жауап берді. Көркем сөйлеу, адамдармен жақсы қарым қатынаста болу, адамдарға сабырлы болып, оларға жәрдем беру сияқты ұнамды болған мінез - құлықтардың Исламда үлкен орын бар.

Ендеше, балалар, ешкімге жанында мәңгілік жатталып, сызат болып қалатындай ауыр, қатты сөздер айтудан аулақ болайық!
Осынау кең байтақ жерімізде бір - бірімізді ренжітпей, көркем сөзбен, көркем мінезімізбен жанымыздағы адамдарды жадыратып жүрейік
11 147
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Мінез – адам айнасы
Мінез – адам айнасы
Адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата - аналарымыз, ата - бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Мінез-көңіл айнасы
Мінез-көңіл айнасы
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×