Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Психология пәні бойынша тест сұрақтары. Зейін

20 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Психология
Психология пәні бойынша тест сұрақтары. Зейін
329. Сананың белгілі мезетте қажет объектке бағытталуы
А) түйсіну
В) қабылдау
*С) зейін қою
D) тітіркену
E) сезу
330. Зейінді болудың шарты
А) таңдау
*В) таңдауды сақтап қалу
С) жоспарлау
D) бақылау
E) қорытындылау
331. «Зейін»сөзінің мағынасы
А) таңдау
В) қабылдау
С) тітіркену
*D) шоғырлану, шому
E) қозу
332. Ой - сананы қажетсіз объекттерден ауыстыра алуға байланысты психикалық процесс
*А) зейін
В) түйсіну
С) қабылдау
D) қиял
E) елес
333. Іс - әрекетті бақылау және реттеу қызметін атқарушы психикалық процесс
А) қабылдау
В) ойлау
С) сөйлеу
D) ес
*E) зейін
334. Адам санасындағы ойлар мен бейнелерге бағытталатын зейін түрі
А) сезімдік
*В) интеллектуалды
С) қимылдық
D) сыртқы
E) перцептивті
335. Қимылдық зейіннің мәні
А) санаға бағытталу
*В) дене қозғалыстарына
С) көзге түскен объекттерге
D) қоршаған ортаға
E) физиологиялық қасиеттерге
336. Зейінің өзге танымдық процестерге қатынасы
А) дербес
В) тәуелсіз
*С) қосалқы
D) өз мәніне ие
E) байланысы жоқ
337. Зейіннің пайда болу мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге үлес қосқан психолог - ғалым
А) Павлов
В) Сеченов
С) Фрейд
D) Пиаже
E) Ланге
338. Зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігін дәріптеуші теория
А) заттан затқа ауысуы
В) сананың шектеулі болуынан
С) көңіл - күй нәтижесі
D) өткен тәжірибе нәтижесі
*E) рухтық сана
339. Зейін - рухтық сананың ерекше белсенділігі деуші теорияның негізгі дәлелі -
А) зейін бұлшық еттер қызметімен байланысты
В) күшті елес әлсізін ығыстырады
С) ниетке тәуелді
*D) түсіндіруге келмейтін қабілет
E) сананың ерекше шоғырлануынан
340. Зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл - ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайтынын пайымдаған психолог - ғалым:
А) Ломов
В) Рубинштейн
С) Узнадзе
D) Лурия
*E) Гальперин
341. Зейін жөнінде Гальперин пайымдауларына сай тұжырым:
А) зейін өткен тәжірибе нәтижесі
*В) зейін зерттеу іс - әрекетінің бір кезеңі
С) зейін көңіл - күй нәтижесі
D) рухтың сана қабілеті
E) зейін жүйкелік тежелуден
342. Ырықсыз зейіннің туындау негізі
*А) адам мақсатына тәуелсіз
В) санаға байланысты
С) рухтық күш
D) жоспарлы әрекет
E) ниетті іс
343. Ырықсыз зейін туындатушы бұрын білмеген, көрмеген зат, құбылыстар әсерінен болатын себеп түрі:
А) қарқындылық
*В) тосындылық
С) көңіл - күй
D) бағыт - бағдар
E) қажетсіну
344. Зейін себептерінің бағыт - бағдарына байланыстылығының мәні
А) күтілмеген оқиға
В) көңіл - күй жағдайы
С) жаңалық
D) мұқтаждық
*E) бұрынғы тәжірибе
345. Мақсатқа тәуелді зейін түрі
*А) ырықты зейін
В) ырықсыз зейін
С) үйреншікті зейін
D) импульсті зейін
E) ерікке байланыссыз зейін
346. Ырықты зейіннің басты қызметі:
*А) психикалық процесті белсенді реттеу
В) таныған затқа ғана ден қою
С) жүйке тітіркендіргіштерінің күшеюіне жауап
D) жүйкенің мекенді тітіркену қабілеті ұлғайту
E) сананың ерекше шоғырлануын басқару
347. Ырықты зейін себептерінің бірі
А) биологиялық
*В) әлеуметтік
С) тумадан
D) тысқы күштен
E) нәсілден
348. Ырықты зейін дамуымен тікелей байланысты психикалық процесс
А) қабылдау
В) түйсік
С) қиял
*D) сөз
E) ойлау
349. Кіші жастағы баланың ырықты зейін қалыптастыру негізі:
А) әдеттерін өз талаптарына бағындыру
*В) үлкендердің нұсқауларымен
С) ережелерді орындау
D) инстинкттік қасиеттер
E) дағдыланудан
350. Адам бұрынғы тәжірибесінің ырықты зейін кезіндегі әсер бағыты:
А) тікелей затқа
В) нақты әрекетке
С) әрекет жоспарына
D) орындау әдісіне
*E) әрекеттің мақсаты мен нәтижесіне
351. Әдейі қайталап, ерік күшін қосуды қажет ететін зейін түрі
А) ырықты зейін
В) ырықсыз зейін
*С) үйреншікті зейін
D) реттеу зейін
E) бақылау зейіні
352. Үйреншікті зейіннің ырықты зейіннен айырмашылығы
А) мақсат пен қызығуларға тәуелді
В) ерік күштері қатысуымен
*С) бұрынғы тәжірибемен орайлас
D) нұсқауларға бағынады
E) талаптарға байланысты
353. Үстемелі ақыл - ой қызметімен және жоғары еңбек нәтижесімен ерекшеленетін зейін түрі:
*А) үйреншікті зейін
В) ырықты зейін
С) ырықсыз зейін
D) реттеу зейіні
E) бақылау зейіні
354. Қажетті де мәнді әсерлерді таңдауда зейін үшін қажетті физиологиялық жағдай:
А) белсенді ми қызметі
*В) организмнің жалпы сергектігі
С) перифериялық жүйке жұмысы
D) анализатордың қалпы
E) ми қызметі мен жалпы сергектік байланысы
355. Тиімді зейінді қамтамасыз етуші сергектік түрі
А) қалғып - мүлгу
*В) белсенді - сабырлы
С) шектен тыс
D) терең ұйқы
E) гипнозды
356. Зейіннің іске қосылуын қамтамасыз ететін организм қасиеті -
*А) бағдарлаушы рефлекс
В) тітіркену
С) сезім
D) сана
E) дағды
357. Зейінге байланысты бағдарлаушы рефлексті «немене?» рефлексі деп атаған ғалым
А) Сеченов
*В) Павлов
С) Ломов
D) Выготский
E) Рубинштейн
358. Сезім (түйсік) мүшелерінің икемдесу әрекетін қамтамасз етуші зейін механизмі
*А) перифериялық
В) орталық
С) индукция
D) доминанта
E) рефлекс
359. Ми қабығының бір аймағында туындаған қозу басқа бөліктерде тежелу пайда ететінін түсіндіруші зейін заңы:
*А) индукция
В) доминанта
С) адаптация
D) синестезия
E) иллюзия
360. Зейіннің физиологиялық негізі - доминанта принципін ашқан ғалым -
А) Павлов
В) Сеченов
С) Рубинштейн
*D) Ухтомский
E) Лурия
361. Уақытша үстемдік етумен психикалық процеске бағыт - бағдар беретін қозу ошағн танытушы түсінік
А) индукция
В) илюзия
С) синестезия
*D) доминанта
E) аккомодация
362. Адам зейіннің жануарлар зейінінен басты ерекшелігі
А) бағдарлаушы рефлекс
В) индукция
С) доминанта
*D) бағдарлы басқару
E) импульсті әрекет
363. Зейін үшін қажет қозудың басымдау ошағының пайда негізі
А) бірінші сигналдық жүйе
В) екінші сигналдық жүйе
С) тітіркену
D) сезім
*E) тітіркену мен сөз
364. Уақыт аралығына байланысты, белгілі бір нысанға көзделу мерзімінің ұзақтығын аңдатушы зейін қасиеті:
А) шоғырлануы
*В) тұрақтылығы
С) ауысуы
D) көлемі
E) бөлінуі
365. Зейін тұрақтылығын күшейтуші фактор:
А) ес
В) елес
*С) ақыл - ой
D) сөз
E) қиял С
366. Саналы іс - әрекеттің белгілі нысанға бағытталып, толығымен қажетті нүктеге шөгуінен болатн зейін қасиеті:
А) тұрақтылығы
*В) шоғырлануы
С) шашыраңқылығы
D) көлемі
E) ауысуы
367. Бас ми қабығында зейіннің шоғырлану себебі
А) тежелу
В) радиация
С) иррадиация
D) сөну
*E) қозу
368. Зейіннің өз ауқымында бір уақытта бірнеше әртүрлі нысандарды ұстай алу қасиеті
А) тұрақтылығы
В) шоғырлануы
*С) бөлінуі
D) көлемі
E) ауысуы
369. Қоршаған ортаның өзгермелі күрделі жағдайында жылдам бағыт - бағдар табуға мүмкіндік беретін зейін қасиеті
А) көлемі
В) бөлінуі
С) шоғырлауы
*D) ауысуы
E) тұрақтылығы
370. Әр адамда зейін ауыстырудың жеңіл болуының себебі
А) әрекет байланысының болмауы
В) іске көңіл соқпауы
*С) қызметтің қызықты болуы
D) мазмұн нақтылығы кем
E) жаттығулар кемдігі
371. Сырттан келіп жатқан ақпараттарды топтап, жіктеуге қажет зейін қасиеті
А) зейін тұрақтылығы
В) зейін ауысуы
*С) зейін көлемі
D) зейін шоғырлануы
E) зейін шашыраңқылығы
372. Зейін көлемін танытушы фактор
А) нысандарды ұстай алу
*В) нысандар шегін тану
С) бір нысаннан екіншісіне өту
D) санының қажетті нүктеге шөгуі
E) нысанның жаңа байланыстарының ашылуы
373. Зейін көлемін эксперименталды зерттеу үшін қажет ақпарат
А) феноскоп
*В) тахистоскоп
С) кардиограф
D) кинескоп
E) кодоскоп
375. Зейін алаңдаушылығының мәні
А) сананың бір нүктеге шөгуі
В) нысаннан нысанға ырықты ауысуы
*С) нысаннан нысанға ырықсыз ауысуы
D) көп нысанды қамтуы
E) нысандар байланысын ашу
376. Қандай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс әсерлердің ықпал етуінен туындайтын зейін қасиеті
*А) алаңдаушылық
В) тұрақтылық
С) ауысу
D) көлем
E) шоғырлану
377. Зейін алаңдаушылығының объектив себебі
А) көңіл - күй
В) толғаныс
*С) іске қызықпау
D) ұмтылыс жоқтығы
Е) қоршаған орта әсері С
378. Адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын танытатын психологиялық құбылыс:
А) зейін шоғырлануы
В) зейін ауысуы
*С) зейін шашыраңқылығы
D) зейін алаңдаушылығы
E) зейін көлемінің кемдігі
379. Адамның бір іске қатты беріліп, қоршаған орта әсеріне берілмеуі
А) шын шашыраңқылық
В) жалған шашыраңқылық
*С) зейін тұрақтылығы
D) зейін көлемі
E) зейін бөлінуі
380. Шын шашыраңқылықтың физиологиялықтың негізі
*А) қозу күшті, тұрақсыз
В) тежелудің күштілігі
С) шоғырлануы мықты
D) қозулар тұрақты
E) алаңдауға берілмейді
381. Шын шашыраңқы зейіннің субъектив себебі
А) жүйкенің зақымдануы
В) қан аздылық
С) миға оттегінің жетпеуі
D) дене ой шашырауынан
*E) көңіл - күй күйзелістері
382. Оқушыда тұрақты қызығулардың кемдігінен туындайтын зейін түрі
*А) шын шашыраңқы
В) жалған шашыраңқы
С) тұрақты зейін
D) ауыспалы зейін
E) көлемді зейін

Психология пәні бойынша тест сұрақтары, толық нұсқаны қарау
59 517
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көру мүмкіндігі шектелген балалардың зейін ерекшеліктері
Көру мүмкіндігі шектелген балалардың зейін ерекшеліктері
Зейін – арнайы бір уақытта, қандай да бір объектіге баланың іс - әрекетінің шоғырлану процесі. Егерде зейін сыртқы ортадағы объектіге шоғырланса, онда оны сыртқы зейін деп атайды, ал егерде субъективті әлемдегі объектілерге бейнелеп, талқылап
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Жалпылау тестілері
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Жалпылау тестілері
Адамның танымдық әрекетіне жатпайтын психологиялық категория А) зейін В) түйсік *С) сезім D) ойлау E) қиял
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×