Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмір деген

07 маусым 2019, Жұма
Категориясы: Психология
Тақырыбы: ««ӨМІР» деген «әлемнің» ең жақсысын қалаймын!»
Мақсаты: Жастардың бойындағы өмірге деген қызығушылығы пен шығармашылық шабытын ояту. Ең бастысы өмір құндылығын түсіндіру.«Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау. Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету; Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу. Өмірге құштарлықтарын арттыру; өмiр маңыздылығын ұғындыру, өмiрде кездесетiн түрлi келеңсiз жағдайлардан шығу жолдарын меңгерту.
Міндеттері:
- өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Формасы: топтық шара.
Өткізуге қажетті материалдар: слайд, видео роликтер, даналық сөздер, үлестірмелі бетше, лента, шарлар, арнайы дайындалған бетшелер, түрлі түсті қарындаш, қалам, плакат т. б.
Бағыты: психопрофилактика
Шараның өзектілігі:
Бұл тақырыпты таңдаудағы себеб: Өмiр құндылығының мәнiн ашу, ойлау, пайымдау, шешiм қабылдау, әдептiлiкке тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды жандандыру. Психологтар өзгелердің өмірі үшін үнемі алаңдаумен жүретін мамандық иелері. Бақытсыздыққа ұрынғандар үшін қоғам, бізді жауапқа алады. Сондықтан біз өмір құндылығы туралы өзіміз өзгелердің сусындарын қандырып айта алатындай түсінігіміз бен білігіміз болуы керек

Жүру барысы әдемі сазды әуен жүреді.
Кіріспе: Өздеріңіз білесіз, қоғам дамыған сайын, еліміздің жағдайы жақсарған сайын көлеңкелі жақтарымызда байқалып келеді. Оған өздеріңіз күнделікті өмірден көріп жүрген оқиғалар куә. Өмір - сағаттардан, сырғыған күндерден, жылжыған жылдардан құралған, көкжиек секілді шеті - шегі көрінбейтін уақыттың еншісіндегі жұмбаққа толы сырлардың жиынтығы. Осы жиынтықты біреу сүйсе, біреуі жиынтықтың жұмбақтарын шеше алмай, қиналып жүреді, жалпы " бес саусақ бірдей емес" деп бабаларымыз тауып айтқан.
Жастардың қоғамдағы психологиялық вирустарға иммунитеттері өте әлсіз. Олардың жаман жолға түсіп секталарға еніп кетуі, өз - өзіне қол жұмсау әрекеттеріне баруы да осының салдарынан. Психологиялық тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып жас ұрпақтың психологиялық денсаулығын нығайту бүгінгі қоғамның басты талабы.
Сондықтан да бүгінгі шара тақырыбы «ӨМІР» деген әлемнің тек жақсысын қалаймын - деп алынып отыр.
Шараның алғашқы сөзін, ашылу салтанатының құрметін Колледж директордың міндетін атқарушы А. Ізғалиқызына береміз.

Өмір туралы аңыз оқылады.
Таршылық пен талпыныс: Бір жігіт данышпан қарияға келіп "қанша талпынып талаптанса да, қаржыдан қысылып, дүниеге жарымай” жүргенін баяндапты. Ол айтыпты: сірә, менің маңдайыма осындай таршылығы мол тағдыр жазылған шығар. Сонда данышпан: талпынып талаптанған адамның табысқа жетпеуі мүмкін емес, сенің қателігің соны түсінбеуде жатыр,- депті. Сонан соң данышпан жігітті өзен жағасына алып келіп, өзімен бірге суға алып түсіпті. Адам бойламайтын терең жеріне алып келіп, басынан ұстап, төменге басыпты. Алғашқыда шыдап көруге тырысқан жігіт, болмай бара жатқан соң, жоғары шығуға ұмтылыпты. Шалдың қолынан босанып шыға алмағасын, қатты бұлқынып, су бетіне басын зорға шығарып ауа жұтыпты. Сонда данышпан қария: міне, сенің талпынысың осындай болғанда ғана, таршылықтың тұсауынан босай аласың, - депті.
PS: Сен таршылықтан тұншығып жүрген болсаң, сенің "таза ауа” жұтқың келсе, онда талмай талаптану керек.

І Тур:
Қатынасушыларға берілген тапсырма бойынша, Жарқын өмірді бейнелейтін үлгіде киініп, өмірді қалай түсінсеңіз, соны таңбалап, өмірдегі ұстанымдарыңыз қандай ғұлама ғалымдардың пікірімен сәйкес келсе соны ұстанып мағынасын ашып таныстыру керек болатын. Ендеше, кезек өздеріңізде
1. «Филология» бөлімі «Бәйтерек» тобы
2. « Өнер және мәдениет» бөлімі «Алға басар» тобы
3. «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі «итл»
4. «Мектеп» бөлімі «Шамшырақ»
Тапсырма: Қас - қағым сәтте.. Уақыты 2 минут. Тапсырма бір - ақ рет айтылады.
Өмір деген; Басқалардан биік тұрар бой да емес; Ойын да емес; Шахмат емес шатасқан; Той да емес,; Қадіріне; Қатаң емтихан; Ұта қояр дойбы емес; Өтпейтіндер құлайды.
жетпейтіндер; Өмір бойы жылайды;
келе жатыр дәлелдеп, еңбек, еңбек және еңбек. Өмір деген бақыттың да құсы емес,
Қарап жатсаң, Өмір оны қона қалар саған кеп.
Бұл кімнің өлеңі?, тақырыбы қандай?
«Өмір жыры» Сөзі Т. Молдағалиевтікі; Әні Ә. Бейсеуовтікі
Өмір деген ойын да емес, той да емес,
Басқалардан биік тұрар бой да емес.
Өмір деген шахмат емес шатасқан,
Өмір деген ұта қояр дойбы емес.
Қайырмасы:
Өмір – қатаң емтихан,
Өтпейтіндер құлайды.
Қадіріне жетпейтіндер
Өмір бойы жылайды.
Өмір оны келе жатыр дәлелдеп,
Өмір деген - еңбек, еңбек және еңбек.
Өмір деген бақыттың да құсы емес,
Қарап жатсаң, қона қалар саған кеп.
Ой талқы: ӨМІР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Бұл сұрақтың жауабын әркім өзінше айтады. Өйткені әр адамның дүние тануы, түсінігі, өмір тәжірибесі әр түрлі. Ал тәжірибе оқу - біліммен ізденуден, жақсы мен жаманды бастан өткізуден тұрады.
ІІ тур: Өмірдің құндылығы, жеңіліспен жеңістен құралатынын шыдамдылар мен сабырлыларғана қайтадан қайраттанып тұра алатынын суретшілер қылқалам мен, ақындар өлең жолдарымен жырлаған, Ендігі кезекте сол өздеріңіздің көңілдеріңізге қонған ақынның жарымен жеткізсек.
«Ақындар жырлаған ӨМІР» ақын өлеңдерін оқу
ІІІ тур: Өлең сөздің өзегіне үңілсек, талай жандар өмірді талмай жырлағаны жанды тербетті емеспе.. Бірақ, осынау бейбіт өмір сүруге біз кімдердің арқасында қол жеткізгенімізді ұмытпасақ керек. Демек біз биылғы тойланғалы отырған Ұлы жеңістің 70 жылдығының өзі, өзекті өртеген талайғы өкініштер мен қабырғаны қайыстырған қайғы - қасіреттермен келді.
«Қиындықпен мен құралған жеңісті өмір» туры арқылы сіздер өмір құндылығын түсіндіріп көрсеңіздер. Көрініс қойылымы
Өмірдің ақ пен қарадан тұратынын тереңірек үңіліп ашып көрсек деген оймен «Өмір өзі құралған ақ - қарадан» атты турға кезек береміз.
Суретшілер ойларын өрнектеп қағаз бетіне түсіргенше,

Көтеріп, көңіл - күйдің салтанатын,
Күн ғой бұл көмекейден бал таматын.
Әншілерді шақырам ортамызға,
Өмір туралы жолдасын ән қанатын - дей келе «Әсем әні сырнайдай» турына келіп жеттік
1. «Бәйтерек» тобы Айдар, Ернар «Өмір - жолы»
2. «Алға басар» тобы Сөзі: Жазира Байырбекова,
Әні: Айжан Сағатов «Армансыз күнім болмайды»
3. «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі «итл»
4. «Шамшырақ» Сөзі: Серік СЕЙІТМАН
Әні: Сәкен ДӘРІБАЕВ «Өміріңе немқұрайлы қарама»

ІV тур: Газет қорғайды
Тренинг: «Менің өмірімнің ақ жолы» Әр топтан 1 студент, жетекшілерімен қатысады
Мақсаты: Бір тілек, бір мақсат, бір мүддеге келмесек, әрқайсысымыз әр жаққа жүгіріп жол табам деумен мақсатқа жету қиын екенін түсіндіру.

V Тур: «Балауса жырдың көктемі» Студенттер шығармашылығы

Қорытынды Адамның жан дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап - жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды. Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа.
Өмір деген. жүктеу
3 831
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмір мәні... (суицид туралы)
Өмір мәні... (суицид туралы)
Оқушыларға өздері қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың тағдыры осы өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру
Өмір, қымбатсың маған!
Өмір, қымбатсың маған!
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру; - өмірге құштарлықтарын дамыту;
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
Өмір сен маған қымбатсың
Өмір сен маған қымбатсың
«Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау; Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Өмір, қымбатсың сен маған!
Өмір, қымбатсың сен маған!
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Беларан ауылдық округі, №77 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қазбағанбетова Жанна Байкаловна
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×