Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата - анамен серіктесе тәрбиелеудің психологиялық қатынастар

13 қыркүйек 2013, Жұма
Категориясы: Психология
Ата - анамен серіктесе тәрбиелеудің психологиялық қатынастар

Ата - анамен серіктесе тәрбиелеудің мақсаты:
Бала, педагог, ата - ана осы үштіктегі серіктестік қатынасты қалыптастыру, бала тәрбиесіндегі бірлікті қамтамасыз ету;
Міндеттері:
- Отбасы мен мектептің өзара қарым - қатынасы;
- балалар мен отбасыларына әлеуметтік психологиялық, құқықтық көмек көрсету мақсатында кеңес беру.
Ата - аналар алқасының өзекті мәселесі:
Сынып ата - аналарының мектеппен тығыз байланысын нығайту, ата - аналармен жүргізетін жұмысымды мына сызбаға түсірдім.

Зерттеу жұмыстары:
------------------------------- Ата - аналар жиналысы
------------------------------- Педагогикалық біліммен қаруландыру
------------------------------- Ата - аналармен жүргізілетін жұмыстар

Өз ойларын ортаға сала білу, тәжірибе алмасу
Жеке ата - анамен жұмыс

Ата - аналар жиналысы тоқсанына бір рет өткізіледі. Мұнда оқушылардың үлгерімі, мінез - құлқы жөнінде жасалынған диагностикалық картамен таныстырылды.

Оқу тоқсанында атқарған жұмыстар және кемшіліктер, оқу тоқсанының қорытындысы ескертілді. Сонымен бірге төмендегі жұмыстар жүргізілді.
Зерттеу жұмыстары: тест, анкета, сұрақтар тізбегі берілді, ата - аналар сол бойынша тапсырмаға жауап берді.
Сауалнама «Сіз қандай ата – анасыз?»
Сауалнама сұрақтары ата – аналарға таратылып беріледі.

1. Кез – келген уақытта өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып, балаңызға бір сәт көңіл бөлесіз бе?
2. Балаңыздың жасын ескермей, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен арадағы қарым - қатынас барысында жасаған қателігіңізді мойындай аласыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
5. Балаңыздың жасаған ісі ашу шақыртқан кезде өзіңізді игере аласыз ба?
6. Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәт Сізге мейірімді адам ретінде сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің балалық шағыңыздан балаңызға өнегелі, қызықты әңгіме айта аласыз ба?
9. Баланың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін өзгелердің айтпауына ықпал жасайсыз ба?
10. Балаға берген уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Отбасындағы балалармен қарым – қатынас дұрыс жолға қойылған ба?
12. Балаларыңыздың достарын білесіз бе?
13. Сіздерді және балаларыңызды қызықтыратын ортақ істер бар ма?
14. Сабақтарын орындауын тексересіз бе?
15. Балаларыңызбен бірге серуенге, театрға шығасыз ба, оқыған кітаптар туралы пікірлесесіз бе?
Баяндамалар.
● Ата - ана мен бала ынтымақтастығы;
● Баланың бас ұстазы - ата - анасы;
● Отбасылық сыйласым;
● Баланың үй тапсырмасын орындауына байланысты ата - ананың міндеті.
Бұл баяндамаларды тек сынып жетекші оқымай,, ата - аналарға бөліп берілді.
Ақыл - кеңестер:
■ Балаңыздың бас ұстазы - өзіңіз.
■ Дарынды бала өсіргіңіз келе ме?
■ Оқып, талдап ғибрат қыл.
■ Сіздің балаңыздың сеніміне ие болу үшін көрсететін кеңестер.
өз ойларын ортаға салу, пікір білдіру мақсатында ата - аналарға түрлі сұрақтар және ситуациялық жағдаяттар берілді.

Сұрақтар:
1. Дені сау, тәрбиелі, өнерлі бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?
2. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
3. “Бақытыңды балаңнан ізде” деген сөзді қалай түсінесіз?

Ситуациялық жағдаят:
Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ, ата - ана бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы себепсіз сабақтан қалдырады, мектепте өтетін жиындарға келмейді.
Сұрақ: Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыз?

Ата - анамен жеке жұмыс.
● Ерекше назар аударуды қажет ететін ата - анамен жұмыс.
(Оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі, мінез - құлқы, икемділік қабілеті)
● Ата - аналардың жақсы істерін насихаттау, мадақтау.
● Кеңес қажет ететін ата - аналарға кеңес беру, ескерту.

Баланың сапалы білім алуы.
Балаға
Мұғалімге
Ата – анаға байланысты

Осының ішіндегі ата - ананың білім сапасын көтерудегі рөліне тоқталсақ.
Білім сапасын көтерудегі ата - ана рөлі:
● Баланың денсаулығын сақтау;
● Психологиялық көңіл - күйі;
● Материалдық көмек;
● Жүйелі қадағалау;
● Уақыт бөлу, бағыттау, қадағалау, көмектесу;
● Стандарт талаптарын білу;
● Олқылықтарын білу;
● Ішкі мүмкіндіктерін білу.

Сынып жетекші мен ата - ана ынтымақтастығы:
● Оқушыларды секция, үйірме жұмыстарына қатыстыру;
● Сәтсіз жанұялар мен жасөспірімдерді қамқорлыққа алу;
● Материалды - техникалық базаны нығайтуға көмек көрсету;
● Ата - ана комитет мүшелерімен байланысты нығайту.
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыстар тек қана сауалнама беру арқылы есем, сонымен қатар формасы әр түрлі етіп өткізуге болады.

Жұмыс түрлері:
■ Дәріс;
■ Семинар;
■ Пікірталас;
■ Ашық әңгіме;
■ Тренинг;
■ Психологиялық кеңес:
Адамның көңіл - күйін өсіретін шараларды іске асыруға тырысу қажет.
Ата - ана жұмысын былайша ұйымдастырудан алынатын нәтижелер:
● Ата - ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алады;
● Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын біледі;
● Ата - ана өзін танып біледі;
● Мектеп, педагогтарға сенім күшейеді;
● Баланың тәрбиесіне тікелей араласуы арқылы ата - ананың педагогикалық - психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянады;
● Ата - ананың жиналысқа қатысуы, белсенділік деңгейі өседі.
Әрбір ата - ана қажет етсін, етпесін ол - тәрбиеші. Тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына қоғамдық мән бере білетін ата - аналар тәрбиеші ғана емес, педагогта бола білетін жандар екенін айтып өтілді.

Қорыта келгенде МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ айтқандай:
“Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”,- деген екен.
Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш жігерін сарп етіп, болашақ еліміздің тұтқасы болуына ата - ана еңбек етсе, болашақтың тізгінін ұстар, халықтың үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы ұрпақ өсіруіміз керек.
Назарларыңызға рахмет!
32 106
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баланың бас ұстазы - ата - ана
Баланың бас ұстазы - ата - ана
Ата - ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата - ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу.
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары
1. Қыркүйек. Жаңа оқу жылымен таныстыру. Ата - аналар үштігін сайлау (Жиналыс)
Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес
Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес
Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×