Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз мейрамы

27 ақпан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Рефераттар
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Көктем мен Жаңа жылды қарсы алу мейрамы
Басқаша аталуы: Ұлыстың Ұлы күні
Қайда өткізіледі: Қазақстан, Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Босна - Гершек, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, т. б.
Түрі: Халықаралық деңгейдегі мейрам
Мағынасы: Жаңа жыл мейрамы
Күн - айы: наурыздың 22 - і (Қазақстанда; басқа елдерде наурыздың 20 - сында, наурыздың 21 - інде болуы мүмкін)
Мейрамдауы: Наурыз көже, Хафтсин - Иранда, т. б.

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
Тарихы
Наурыз мейрамы басында диқаншылық пен айналысатын иран тілдес Орта Азия халықтарының күн жаз мезгіліне аусқанда егіс өсіру науқаны басталғанын мерекелеу дәстүрінен шыққан.
Қазақ салты
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл - ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш - ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т. б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2 - ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс - қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2 - ші күні жаппай егіске кірісетін.

Наурыз – халықаралық мейрам

Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз - Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным - сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер - көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?

Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына
ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі индо – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған. Ал одан бергі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың көне шежіресінде де Наурыз, Алаш деген сөздер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
52 132
0
  • 100
8 дауыс


Жаңалықтар
Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!
Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!
Наурыз - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т. б. атап өтеді.
Наурыз мейрамы - қош келдің!
Наурыз мейрамы - қош келдің!
«Ұзынсары» - бұл Наурыздың ұзақ, сары күні. Наурыз мейрамы - көптен күткен мейрам. Наурыз - жаңа күн, жыл басы! Наурыз тойының мақсаты - халыққа молшылық, тоқшылық тілеу! Сол үшін қазан - қазан наурыз көже жасайды. Әдемі киімдерін киіп, сыйлықтарын
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру; Наурыз мейрамын сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Наурыз
Наурыз
Алматы қаласы. қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Абишева Зульфия Нопирбаевна
Наурыз-жыл басы
Наурыз-жыл басы
Сабақтың мақсаты: 1) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беріледі, сұрақтарын дұрыс қолдана білуге үйренеді. 2) Наурыз – жыл басы және оның шығу тарихы, тойлану себебі туралы терең мағлұмат беріледі, Жыл санау күнтізбесін жатқа меңгереді.
Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
О, жараңдар, жараңдар Бәрін мұнда қараңдар Наурыз тойы басталды Текке қарап тұрмаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×