Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ер есімі – ел есінде

19 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Рефераттар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің
11 сынып оқушысы Шарипова Қарлығаш

«Ер есімі – ел есінде»
Жер бетін тып - типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан қаһарлы зұлмат – соғыс туралы жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс – уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Міне, биыл 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығын қарсы алғалы отырмыз. Біз, келешек ұрпақ, осыншалық жақсылыққа қалай кенеліп отырғанымызды, осынау дәрежеге қалайша жеткенімізді, бұл жеңістің қандай қиындықпен келгенін білеміз.

Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтарға ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда, Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда қазақ жұрты жаппай ерлік пен қайсарлықтың ерен үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыздың қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңізші?! Сол кездегі Кеңес Одағы халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Майданға кеткен талай мыңдаған жұмысшылар мен шаруалардың орнына шексіз қиын, ұйқысыз, ас - сусыз еңбек вахтасында әйелдер мен балалар, мүгедектер мен зейнеткерлер жұмыс жасады. Әр отбасының басшысы майданда болды. Сондықтан, сол кездегі адамдарға тәулік бойы жұмыс істеуге тура келді. «Бір минут ішінде сен соғысқа дейін бір сағатта істегеніңді істеуге тиістісің!» деген ұранды ұстанған адамдар қатал тәртіп пен еріксіз жұмыс істетулерге қарамастан, асқан шыдамдылық танытып, ешқандай қысым көрсетусіз - ақ ұйымшылдықтың асқақ үлгісін көрсетті. Елдің елдігін, ердің ерлігін сынайтын нағыз тарихи аласапыран кезеңде:

Қасиетім менің
Адалдығым менен ақтығым.
Жаныма қуат –
Жүрегімнің таза пәктігі.
Тәңірімнен күнде
Көз жасымменен тілеймін
Өтсем екен деп
Тірі жанға болмай жаттығым, - деп ақын Әбділдә Тәжібаев атамыз жырлағандай, парасаттылық, адалдық, жүрек пәктігі сияқты ізгі қасиеттерді биік ұстап өткен Қазақ халқы ел басына күн туған қасіретті шақта Отанды қорғауға ойланбастан аттанды. «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан – анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», - деп жауынгер жазушы Баубек Бұлқышев ағамыз айтқандай, жаратылысынан ақ жүрек әрі намысты халық өз мүддесінен Отан мүддесін артық қоя білді. Отан үшін өмірін құрбан етуден асқан ерлік жоқ деп білді. Қасиетті Туған жеріне деген махаббатын осылайша дәлелдеді.

Ұрпағына бейбіт өмір сыйлау үшін жан аямаған жандардың бірі – менің атам – Таңқаев Шәріп Шәуенұлы. Ол 1922 жылы 8 тамызда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қызылтам ауылтық советінде дүниеге келген. 1941 жылы 13 қазанда Кеңес үкіметінің Қарулы күштері қатарына алынады. Сол мезеттен бастап қарулы күштер қатарында атқыш, 30 қарашадан бастап атқыштар взводының командирі қызметін атқарған. 1942 жылы 31 тамызда Сталинград түбіндегі шайқаста, 1945 жылы 4 қаңтар Украина түбіндегі шайқаста атқыштар дивизиясының командиры қызметінде болған. Ұлы Жеңісті қарсы алғаннан кейін, Қармақшы ауданының орталығында орман шаруашылығы бөлімінде есепші қызметін атқарған. Атамның кейінгіге үлгі болар ерлігінің куәсі ретінде артында қалған ұрпағы, біздің қолымызда қалғаны – тек қана орден, наградалар мен мадақтамалары. Медальдары: «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медальі, т. б. «Кеңес одағы Қарулы күштеріне 60 жыл» медальі, Ұлы Жеңістің 20 жылдық, 30 жылдық, 40 жылдық, 50 жылдық мерейтойына арналған медальдармен наградталған. Ауданның құрметті ақсақалы, еңбек ардагері, соғыс ардагері, өз Отанын қорғауға үлесін қосқан азамат болғандығын немересі ретінде мен де мақтан тұтамын. Атам – Шәріп өзі үлкен үлес қосқан Жеңістің жемісін көре отырып, балалары мен немерелерінің қызығын көріп, 1988 жылы 7 сәуірде дүние салған.

Біз жас болсақ та, Ұлы Отан соғысына әр үйдің ер азаматтары аттанып, Отан үшін жан қиғанын білеміз. КСРО кезінде Отанын қорғау үшін аттанған әр азамат, қасық қаны қалғанша жеңіске жету жолында оққа ұшса да, «Отан үшін» деп өзін өлімге қиды. Олардың ерліктерін болашақ ұрпақ, біз, мәңгі ұмытпаймыз.
Балам, сенің бұл халқың – батыр халық,
Батырлығын жауына татырды анық, - деп ақындар өз жырына арқау еткен халқымыздың батырлығы, ерлігі қан майданда талай рет дәлелденді. Дүниені дүр сілкіндірген осы алапат соғыста қазақтың 497 азаматы Кеңес Одағының Батыры атағын алды, тарихта өшпестей із қалдырды. «Ел шетіне жау тиді» дегенді естігенде, қазақ батырлары қолдарына қару алып, бір кісідей кеуделерін оққа тосуға әзір екендіктерін білдірді. Жау жағадан алғанда, елін қорғау өмірлік парызы деп білген, елін нағыз ерлерше қорғап, Отан соғысының лаулаған отының ішінде қаза тапқан жалынды публицист, ер жүрек жауынгер Баубек Бұлқышев Отанды қорғауды өзінің азаматтық борышы деп түсінді. "Өмір сүргім келеді" деп шырылдаған небәрі жиырма сегіз жастағы жауынгер өзінің ерен еңбегі мен керемет батырлығының арқасында дүние жүзіне танылып, үлкен құрметке бөленді. Жауынгер қаламынан шыққан жалынды үн жерлестерінің жанын тебірентіп, отты жылдарда ерекше маңызымен ұран болып қала берді.
Егеменді ел болып отырған Қазақ елінің балалары, яғни біздер өте бақыттымыз. Өйткені заманымыз тыныш, аспанымыз ашық, уайым - қайғы жоқ. Тек алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету барысында ұмтылу ғана қажет. Отан қорғаушы аталарымыз бен әжелерміздің арқасында тыныш, бейбіт өмір сүрудеміз.

Соғыс бітіп, жеңіске жеткенімізге де 70 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та естен кетпес із қалдырды.
Сұрапыл соғысты көзбен көру тұрмақ, көркем шығармалардан оқығанда, жаның түршігіп көзіңе жас үйіріледі. Тәуелсіздікке, осындай бейғам өмірге сүрлеу - соқпаққа толы тар жолмен келгенімізді ұмытпағаймыз.
Біздің парызымыз – Жеңіске жеткен бұл күнді мәңгі есте сақтап қана қоймай, ержүрек аталарымызға тағзым ету. "Ер есімі – ел есінде", - демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес!
Әманда Қазақ елінің көгінде бейбіт құсы ғана самғай берсін! Ешқашан соғыс болмасын!
Қамықпаған қиындықтың түгінен,
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз 70 жыл, Жеңіс күнімен!
17 642
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы жеңіс ардагерімен кездесу
Ұлы жеңіс ардагерімен кездесу
Ел өмірінде, жеке адам тағдырында терең із қалдырған, жүрекке салған жарасы әлі де жазыла қоймаған жағдай – Ұлы Отан соғысы.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
ШҚО, Семей қаласы, Абай ауданы, Тоқтамыс ауылы, "Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебі" КММ тәрбиешіcі Оразаева Гүлнұр Тұрсынқызы
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Гулия Майрамбаевна
Жеңіске жеткен ұлы күн
Жеңіске жеткен ұлы күн
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Ақмарал
Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат
Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектеп мұғалімі Ізтілеуова Замзагүл
Ер есімі ел есінде сақталады
Ер есімі ел есінде сақталады
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, № 9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Ер есімі ел есінде сақталады Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар және бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтары!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×