Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас ұстазға тілек!

17 шілде 2015, Жұма
Категориясы: Сценарий
Жас ұстазға тілек!

Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да, ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім-нұрға билетіп.
Жүрсің-дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Жалқаулық пен еріншектік танытпай,
Жауһар білім іздетесің жалықпай.
Жетелетіп ізгілікке қадамын,
Жүрегіне білім құйдың баланың.

Келмесең де жасқа-дағы кемелді,
Еткен еңбек көпшілікке еленді.
Тек өзгелер қызығумен қарайды,
Бәйге-сында шаң қаптырдың талайды.

Өз ойыңмен ақыл-білім өлшеттің,
Шәкіртті де ізіңе ерген көрсеттің.
Біле білсек, ұға білсек жайыңды,
Көпке еңбегің қазірден-ақ жайылды.

"Жас - іске" деп, білім жолға сен келдің,
Жаңа заман бағдарын тез меңгердің.
Ғасырыңның құралы да шындығын
Саған ашты - қолыңда ойнап тұр бүгін.

Шындығында маманысың сен істің,
Қазірден-ақ тәжірибеңді бөлістің.
Сен бүгінгі жас ортаның өкілі,
Ізденуің - жемісіңнің кепілі.

Табыстарың табыспенен жалғасты,
Әр шәкіртің ғылымменен сырласты.
Сен оларға білім нұр боп ашылдың,
Ұстазысың алға апарар ғасырдың.

Талаптыға тағылады дүйім сын,
Дос сүйініп, дұшпандарың күйінсін.
Жая берсін қанат қағып өркенің,
Осы бақтың жығып алма желкенін!

Бағдарына айнала алған баланың,
Жас ұстазға үміт артты заманың.
Өзің жайлы берілетін баға көп,
Сен бүгінгі нағыз ұстаз - педагог!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
4 341
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Төсінен ұшқан түлектің Арманы биік болған жер!
Төсінен ұшқан түлектің Арманы биік болған жер!
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Көктем (оқушы шығармашылығынан)
Көктем (оқушы шығармашылығынан)
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің 2 класс оқушысы Рысбаева Анеля
Білімділер порталы
Білімділер порталы
Жакашева Улбал Бейсенбаевна Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ұстазға (Анар апайыма)
Ұстазға (Анар апайыма)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қарашеңгел бастауыш сыныбының 3 сынып оқушысы Нұрғали Мадияр, (жетекшісі бастауыш пән мұғалімі Жолмырзаева Анар)
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×