Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үздік ұстаз - 2016

28 наурыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Сценарий
Құрметті сайт қолданушылары!
Білімділер порталы 2015 - 2016 оқу жылын қорытындылау үшін «Үздік ұстаз» бәйгесін ұйымдастырғалы отыр.
Мақсаты: Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік ұстаздарды анықтау және бағалау болып табылады.
Бәйгеге тек ашық сабақтың жоспары қатыстырылады. Егер, бұрын енгізген ашық сабағыңыз болса, жұмыс үлгіге сай құрылған болса, қатыстыруға болады. Жаңадан жұмыс жіберуге де болады.

Бәйгенің шарты: Ұстаз өз пәні бойынша ашық сабақ енгізуі тиіс. Тек бір ғана сабақ жіберуге құқылы. Бәйгеге қатысу құны 3000 теңге. Сабақ сайтқа жарияланған соң реквизиттер жіберіледі!

Бәйгенің ережесі:
Сабақ жоспары екі беттен кем болмауы қажет. Тақырыбыңызды толық ашуға тырысыңыз, ойын элементтерін, сөзжұмбақ, мақал - мәтел, болса құба - құп. Слайды болуы міндетті емес. Кембридж тәсіліндегі қысқа мерзімді жоспарлар жарамайды!
Жұмыс Word - та сауатты теріліп. 14 шрифтте болуы керек. Сабақ үлгіге сай болуын қадағалаңыз!

Сабақ үлгісі: Жүктеу

Сабақ жоспарын bilimdiler@yandex. ru почтасына жіберу қажет (ворд нұсқасын прикрепить етіп).
Бәйгеге қатысу үшін төмендегі үлгідегідей аты-жөніңізді, сабағыңыздың тақырыбын толық жазып бізге жіберіңіз! Сабақ сайтқа жарияланған соң реквизиттер жіберіледі.

Ақмола облысы, Шортанды ауданы,
Төле би кенті, №70 орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы
Қатысатын категория: бастауыш сынып
1.Жазбаша қосу және азайту

Бәйгенің бағалануы: Әр сабаққа бағалау комиссиясы өз балын қояды және оған дауыс беру балы қосылып нәтиже шығады. Бағалау комиссиясын сайт ұжымы өзі анықтап, жасақтайды. Біз, портал тарапынан бәйгенің мейлінше ашық және әділ өтуіне атсалысамыз. Сонымен іске сәт ұстаздар!

Барлық қатысушылар - сертификатпен және сайт атынан алғыс хатпен марапатталады. Үздіктер - дипломмен, сертификат және алғыс хатпен марапатталады. Ең үздіктері - ақшалай сыйлық алады. Барлық орын алған ұстаздардың бәйге соңында суреттері сайтқа жарияланады.
Бәйге өткізілетін уақыты 10. 02. 2016 – 31. 04. 2016, сайт арқылы дауыс беру 01. 05. 2016 – 14. 05. 2016 аралығында.
Бәйге қорытындысы және үздіктерді анықтау 15 - 20 мамыр аралығында белгілі болады.

Берілетін орындар әр категорияда 7 орыннан (әр номинация бойынша)
Бас бәйге: 1 орын
Бірінші орын: 1 орын
Екінші орын: 2 орын
Үшінші орын: 3 орын
Орын алу мұғалімдердің қатысу белсендігіне тікелей байланысты болады және орын саны қысқаруы немесе көбейтілуі мүмкін.

Бәйге төмендегі пәндер бойынша үздіктерді анықтайды:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
3. Ағылшын тілі пәнінің үздік ұстазы
4. Математика (алгебра, геометрия) пәнінің үздік ұстазы
5. Физика пәнінің үздік ұстазы
6. Информатика пәнінің үздік ұстазы
7. Химия пәнінің үздік ұстазы
8. Биология пәнінің үздік ұстазы
9. Тарих пәнінің үздік ұстазы
10. География пәнінің үздік ұстазы
11. Технология пәнінің үздік ұстазы
12. Музыка пәнінің үздік ұстазы
13. Сурет және сызу пәнінің үздік ұстазы
14. Бастауыш сынып пәнінің үздік ұстазы
15. Балабақша үздік тәрбиешісі
16. Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы
22 447
42
  • 80
41 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Үздік ұстаз байқауының нәтижесі
Үздік ұстаз байқауының нәтижесі
Құрметті қолданушылар, ұстаздар, оқушылар. Көптен күткен күн де келіп жетті, бәйге аяқталды, нәтижесі шықты. Барлық қатысушыларға, атсалысқан адамдарға алғыс айтамыз. Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз. Дауыс беру аяқталды! Нәтижесін білу үшін
Тегін сертификат пен грамота алу!
Тегін сертификат пен грамота алу!
Құрметті ұстаздар қауымы, сіздерге айтар жағымды жаңалығымыз бар! Біздің сайт ұстаздарға қызмет көрсететін болғандықтан, сайттың жаңа материалдармен толығып отыруын қамтамасыз ету мақсатында үздік жұмыстарға сертификат пен грамотаны тегін беруді жөн
«Үздік ұстаз» сайысы 2016-2017
«Үздік ұстаз» сайысы 2016-2017
Білімділер порталы 2016 - 2017 оқу жылын қорытындылау үшін «Үздік ұстаз» бәйгесін ұйымдастырады. Мақсаты: Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік ұстаздарды анықтау және бағалау.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Білімділер» порталы оқушылар арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты шығарма сайысын ұйымдастырады.
Білімділер порталы
Білімділер порталы
Жакашева Улбал Бейсенбаевна Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Пікірлер (42)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Казбек
Казбек Қолданушылар 10 ақпан 2016 18:20
0
оте тамаша идея екен. Ойланатын маселе. жумыстарынызга шыгармашылык табыс тилеймин.
aiboll
aiboll Бас редактор 10 ақпан 2016 18:29
0
Қатысушыларға сәттілік!
гүлдана б
гүлдана б Қолданушылар 10 ақпан 2016 19:06
0
ақшаны қалай қайда төлейміз
ramuk_b
ramuk_b Әкімшілік 10 ақпан 2016 19:09
0
Құрметті ұстаздар, алдымен үлгі бойынша сабақ жібереміз, сабақ жарияланған соң реквизит жіберіледі!
Бәйге ережелерін мұқият оқимыз! Сабақтарыңызды bilimdiler@yandex.ru почтасына жібереміз!
aiboll
aiboll Бас редактор 10 ақпан 2016 19:09
0
Сайысқа қатысатыныңыз туралы bilimdiler@yandex.ru поштасына хабар беріңіз. Сізге толық ақпарат беріледі.
Сара Сатбергенова
Сара Сатбергенова Қолданушылар 10 ақпан 2016 19:38
0
Өте тамаша ! Міндетті түрде қатысамын.
Алтынкул
Алтынкул Қонақтар 10 ақпан 2016 20:26
0
Жақсы екен... Қатысуға тырысамын.
shynargul71
shynargul71 Қолданушылар 10 ақпан 2016 20:56
0
Керемет сайыс ұйымдастырып жаткандарынызга алгысымды білдіремін. Шыгармашылык табыс тілеймін.
Айбек Мыктыбаевич
Айбек Мыктыбаевич Қолданушылар 10 ақпан 2016 21:33
0
Осындай сайыстарға қатысу арқылы біз секілді жас мамандар шындалады деп білемін, сайысқа қатысатыным сөзсіз. Сәттілік серік болсын!
Күлəш
Күлəш Қонақтар 11 ақпан 2016 06:15
0
Мен тарих пен биология пəндерінен сабақ беремін,екі пəннен жариялауға болама? Бағасы өзгере ме?
aiboll
aiboll Бас редактор 11 ақпан 2016 07:18
0
Екі пәннің біреуінен қатыса аласыз.
janerke1984
janerke1984 Қонақтар 11 ақпан 2016 13:19
0
Тамаша қатысуға болатын сайыс.
Гульнар Ертішқызы
Гульнар Ертішқызы Қонақтар 11 ақпан 2016 16:19
0
Колледж ұстаздары қатыса алады ма? Рахмет.
Шакирова Гульяра Балгабаевна
Шакирова Гульяра Балгабаевна Қонақтар 11 ақпан 2016 17:32
0
Тамаша! Қатысу керек.
aiboll
aiboll Бас редактор 11 ақпан 2016 18:39
0
Жұмысты қабылдаған соң сізге хабар береді.
Изтурганова Жадыра
Изтурганова Жадыра Қонақтар 12 ақпан 2016 20:23
0
Қысқа мерзімді сабақ жоспары неге қабылданбайды?
Ляиля
Ляиля Қонақтар 12 ақпан 2016 21:13
0
Сәлеметсіздер ме? Жаңа технология негізінде слайтталған сабақ жіберуіме бола ма?Рахмет!
aiboll
aiboll Бас редактор 12 ақпан 2016 21:20
0
Сабақ аталған үлгілерге сай болса болады. Сабақты қалай ұйымдастырғаныңыз туралы жазылған жазба болса жарамайды!
Ляиля
Ляиля Қонақтар 12 ақпан 2016 21:27
0
Жіберілген сабақ талапқа сай болмаған жағдайда, ескертілу жіберіле ме?
Agnur
Agnur Қонақтар 12 ақпан 2016 21:29
0
Сәлеметсіз бе, міндетті түрде қатысамын бұйыртса. Жақсы идея екен
Ляиля
Ляиля Қонақтар 12 ақпан 2016 21:30
0
Мен өзім3 (базалық) деңгей бойынша сертификатталған мұғалім болған соң сабақтарымның жүрісі көлемділеу болып кетеме деген ойға шомып отырған жайым бар...
zeylbek
zeylbek Қолданушылар 14 ақпан 2016 15:07
0
Мен қосымша білім беру педагогымын. Мен мерекелерге арналған сценарийлер жіберсем болады ма?
Агимбекова
Агимбекова Қонақтар 14 ақпан 2016 20:15
0
Сәлеметсіздер бе Құрметті Админ! "Үздік бәйге-2016 "сайысына міндетті түрде қатысамын, Сіздеге үлкен рахмет! Барлық ұстаздарға мықты көңіл күй, шабыт тілеймін.
Сактапова Жайнагул
Сактапова Жайнагул Қонақтар 17 ақпан 2016 10:11
0
Керемет жарыс. Барлықтарыңызға сәттілік!
kuralai0000
kuralai0000 Қонақтар 17 ақпан 2016 19:36
0
Саламатсыздар ма осы сайысқа қатысу ақылы ма сабағымды жибердим енди не истеймин
hazira
hazira Қонақтар 17 ақпан 2016 20:08
0
Сәлем Қазақстандық ұстаздар сәттілік тілеймін.
Бауыржан21
Бауыржан21 Қолданушылар 21 ақпан 2016 16:26
0
Барлық"Үздік ұстаз" байқауына қатысушы ұстаздаға сәттілік тілеймін жеңісті күндерде жолыққанша, ал сайт әкімшілігіне алғыс білдіремін
Гулаим
Гулаим Қонақтар 1 наурыз 2016 19:52
0
Сәлематсыздар ма? Жақында өткізілген ашық сабақ еді? Сіздерге жіберген едім. "Үздік ұстаз" байқауына қатысу үшін тағы сол сабақты жіберуге бола ма? Тек жоспары дегенде жүрісі жіберілмей ме? Өткізілгелі отырған байқауларыңыз ұнап отыр. Сайт әкімшілігіне рахмет айтпақшымын.
aiboll
aiboll Бас редактор 2 наурыз 2016 20:55
0
Конкурсқа қатысамын деушілер жұмысын ережеде көрсетілген адреске жіберу қажет.
Janylsyn
Janylsyn Қонақтар 3 наурыз 2016 06:39
0
Сабак жибердим. Ештене келген жок