Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілім – менің тірегім, соғып тұрған жүрегім

27 қараша 2016, Жексенбі
Категориясы: Сценарий
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір – қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге, атсалысуға шақыру.

Көрнекіліктері: Портреттер, нақыл сөздер, суреттер, видеоролик т. б
Гүлжазира: Армысыздар, өз тілін өрлеттірген...
Үміт: Бармысыздар, өзге тілді құрметтеген...
Дәурен: Ұстаздар мен оқушылар!
Гүлжазира: Үміт, сен өзіңе баға бере аласың ба?
Үміт: Сонда қалай?
Гүлжазира: Мәселен, екеуіміз де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміміз. «Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап, аспан қайдан ашылмақ?» демекші, өз тілін сүйетін, тілді кеудемдегі «жаным» деп білетін шәкірт тәрбиелеп жатырмыз ба?
Үміт: Мына бір сауалың мені де ойландырып тастады. Бұл сұрағыңның жауабың шәкіртіміз Дәуреннен сұрайық. Дәурен, сен не дейсің?
Дәурен: Ой, ұстаздар - ау! Тілдің жайын сіздер ойламағанда, кімдер ойлайды? «Өз тіліміз өгейлетпейді»,«Әрбір басқан ізің туған еліңнің пайдасына шешілсін» деген сияқты ұлағатты сөздерді сіздерден ғана үйрендік қой. «Болар елдің баласы бірін - бірі - батырым дер» демекші, сөзді дәлелдеу үшін сіздердің күдіктеріңізді сейілту мақсатында ортаға тілді «тынысым» деп білетін гимназияның жалындаған оқушыларын шақырғым келіп отыр. Қарсы алыңыздар, алдарыңызда 5 - 6 сынып оқушыларының тіл жайындағы толғаныстары.
( Мәнерлеп оқу )

Гүлжазира: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

Үміт: Жаса мәңгі, ана тілім - жан тілім
Жаса мәңгі, дана тілім – жарқыным.
Көкірегімнен көтерейін ар туын,
Мәңгілікке нұрландырсын, жарқыным.

Дәурен: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Ана тілі біздің – туған тіліміз,
Анамыздай сыйлап бағып жүреміз. Ортада қазақша би.
( «Қазақ биі» 9 - сыныптар )

Дәурен: ( Ортада ары - бері ойланып жүреді ) «Тіс шешпегенді, тіл шешеді» Бұл мақалдың мағынасы қандай болды екен? Тістің тартып босата алмағанын тіл қалай ажыратады? Осы қазақтар да қызық, ойға қонымды мақал - мәтел айтса қайтеді? Адамның басын қатырып...
Гүлжазира: Дәурен неге ойланып кеткенсің?
Дәурен: «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, жақсы келдіңіз. Шешімін таба алмай тұрған бір маңызды шаруамның боп тұрғаны...
Гүлжазира: «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген бар. Қай уақытта да саған қол ұшын созуға дайынмын. Бұйымтайыңды айта бер.
Дәурен: Қазақ тілі сабағынан Үміт әпкей «Тіс шешпегенді, тіл шешеді» деген мақалдың мағынасын ашып келіңдер деп еді. Соған қиналып тұрғаным.
Гүлжазира: Жаным - ау, оған несіне қиналасың? Сен сияқты алғыр шәкіртке жол сілтеу мына біздің парызымыз емес пе? Олай болса, сұрағыңның жауабын тыңдап ал. Тіл – қару, көңілді жұбатады, жарқын көңілге қаяу салады. Тілсіз қоғамның дамуы мүмкін емес. Адам нағыз тұлға болып қалыптасамын десе, өз тілін шұбарлатпауы тиіс, ана тілінің байлығын арттыру керек.
Дәурен: Ой, Гүлжазира әпкей, сіздің алдыңызда білімімнің саяз екенін дәлелдегеніме ұялып тұрғаным. «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады». Мақал – мәтел жөнінде достарымнан көмек сұрағаным дұрыс болар. Олай болса, менің достарым - 6 - сынып оқушыларын сахна төріне шақырайық.
( Мақал - мәтелдер)
( «Айтуға оңай» бағдарламасы )

Гүлжазира: Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай, күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін байтақ өмірді думан.

Үміт: Аға, ата, інім деп,
Қарындасым, гүлім деп,
Сөйлегенде күнім деп,
Ана тілі қаның бұл
Жан бітірер тасқа да.
Құйып берер нәрің бұл,
Үлкенге де, жасқа да.

Дәурен: Өсірген ой, білімді,
Сүйемін туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді. Тілдің мәнін әрі қарай терең білгім келеді. Келеді дей отырып, Мейрамбек Қарақаттың орындауында «Туған өлкем» әнін тарту етеміз.
( Ән )
( Көрініс)
( «Жаса, жаса қазақ тілі әнімен қатысқандар ортаға шығады )

Гүлжазира: Ана тілім - дана тілім, бақ тілім,
Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім.
Тұғыр қылып туған елдің төрінде,
Асқақтатам ана тілдің ақ туын.

Үміт: Елбасы айтқан «ана тілі» құнды ұғым,
Төле, Әйтеке, Қазыбек елдің бірлігін
Қасиет тұтып қастерлеген халқының,
Биігіңнен бәсеңдемей тұр бүгін.

Дәурен: Жасай бер, жаса, өз тілім
Ұзақ болсын ғұмырың - дей отырып, бүгінгі ашылу салтанатын аяқтаймыз. Он күн
3 749
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін
Ана тілім - ардағым
Ана тілім - ардағым
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
"Кім тапқыр?"
"Кім тапқыр?"
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×