Жаңа жыл 2023

Құрметті білімділер порталының оқырмандары, сіздерді келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл сіздерге тек жақсылық әкелсін, аспанымыз ашық, ел-жұртымыз аман болсын!
Кең болсын қазағымның керегесі.
Кетпесін туыс туған берекесі,
Баршамызға нұрын шашып келе жатқан,
Құтты болсын ЖАНА ЖЫЛ мерекесі!
Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды. Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!
Құрметпен білімділер порталының ұжымы
Жаңалықтар

Ана – тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтында – Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.

Өз үлесіңді қос!
Құрметті «Білімділер» порталының қолданушылары, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді қазақ әдебиеті, мәдениеті, өнерінің «алтын» қорын жасауға және оның барлық жұртқа қолжетімді болуына атсалысуға шақырамыз. Ақындардың өлеңдерін сайтқа жариялау

Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.

Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге келіп жеткен 2023 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.