Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Боз бала мен бойжеткен" байқауының сценариі

22 ақпан 2022, Сейсенбі
Категориясы: Сценарий
«Бозбала мен бойжеткен» байқауының сценарийі.
 (Сахна тақырыпқа сай безендірілген, лэдэкранда тақырып аты, залда әуен ойнап тұрады)
Өтетін орны: Жайсаң арнайы білім беру ұйымының АКТ залы.
Өтетін күні: 
Сағ: 
Жүрг: Қайырлы күн ханымдар мен мырзалар! Еліміздің ең керемет мерекесі Әз - Наурыз қарсаңында және ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдық, қара шаңырағымыздың 100 жылдығы мерейтойлары аясында ұйымдастырылып отырған «Бозбала мен бойжеткен - 2022» байқауына қош келдіңіздер!
 Наурыз мейрамы - ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қоймайды, осы бір көктемніңшуақты мейрамы бабалар рухына тағзым етіп, салт - дәстүр, әдет - ғұрып, рухани құндылықтарды да сақтауда орны ерекше.
 Оған Сіз бен Біз бүгінгі байқауымызда куә боламыз. Мейрам баршаңызға құтты болсын!
(Лэдэкранда жұптардың суреттері мен аттары көрсетіледі)
Ендеше, Сіздердікөп күттірмей, қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық.
1.
2.
3.
4.
Жүр: Олай болса бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ - қазылар алқасының мүшесімен таныстырып кетейік.
1.___
2.
3.
Байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар!
1. «Біз - бозбала, бойжеткен»( өзін - өзі таныстыру, қалауыңыз бойынша ән, би, қойылым, бейнеролик ) 3 минут
2. «Қазақтың салтын, сақтаған көркем...» ұлттық салт - дәстүрден қойылым: 3 - мин
3. «Нұрлы талант» өз өнерлерін көрсету; 2 - минут
4. «Білімдінің күні жарық» интеллектуалдық сайыс
5. «Сән салтанаты» киім үлгісі:
Жүрг. Ата - бабамыз «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деп, бозбала бойына билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, зергерлік, аңшылық өнерді дарытып отырса, «Қызға қырық өнерде аз» деп, қыз баланы жастайынан кесте тігуге, ою оя білуге, ас әзірлеу сияқты алуан өнерге баулып отырған.
 Иә, ата - бабаларымыздың айтуына сүйенсек, қазақ бозбаласы мен бойжеткені осы қасиеттерді бойына сіңіре білген. Ал, біздің бүгінгі сайысқа қатысушы жұптарымыз бұны қаншалықты дәлелдей алады?!
Сайысымыздың алғашқы кезеңі«Біз - бозбала, бойжеткен» ( өзін - өзі таныстыру, қалауыңыз бойынша ән, би, қойылым, бейнеролик ) 3 минут
Қатысушылар:
ЖүрҚазақтың тәлім - тәрбие тарихы - халқымыздың теңдесі жоқ даналықтың қасиетті мектебі десек артық айтқандық емес. Ақсақалдардың ақылын тыңдау, жөн сөзге тоқтау, үлкеннің айтқанын иек қаққызбай тыңдау - инабаттылықтың, кішіпейілділіктің, бауырмалдылықтың көрінісі. Байқауымыздың да мақсаты - осындай халқымыздың салт - дәстүрлерін ұмыт қалдырмай жалғастыру.
Ендеше, байқауымыздың 2 - кезеңі»«Қазақтың салтын, сақтаған көркем...». Ұлттық салт - дәстүрден қойылым көрсету. 3 - мин
Қатысушылар:
ЖүргӨнер – халық тарихының шежіресі.. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырдан келе жатқан қол жетпес мұрасы. Қазақ халқының тіршілігі мен салт - дәстүрі, сана - сезімі, өмір сүрген ортасы, әдет - ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарихи мәртебеге айналды.
Міне, бүгінгі ұрпақ соның куәсі. 
Ендеше, сайысымыздың келесі кезеңі: «Нұрлы талант» бұл кезеңде қатысушы жұптар өз өнерлерін ортаға салатын болады. 2 - минут
 Қатысушылар:
ЖүрҚатысушы жұптарымызға көп - көп рахмет. Сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашаладық, енді жұптарымыздың қаншалықты білімді екенін тексеріп көрелік. Сайыс кезеңі үшін барлық жұптарымызды Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырғым келіп тұр.
 Қатысушылар:
Сайысымыздың 4 - кезеңі «Білімдінің күні жарық»интеллектуалдық сайысы. Назарларыңызға экраннан сұрақтар легі беріледі. Қалауыңыз бойынша саланы таңдап, сұрақтарға жауап бере аласыздар. Әр жұпқа 3 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға вариант берілмейді. 1 мүмкіндік болады. Ол - көрермен көмегі.
Бәрі түсінікті болса, сайысымызды бастайық.
ЖүрСайысымыздың шешуші және соңғы кезеңі «Сән салтанаты» кезеңі. Жұптарымыз ұлттық киім үлгілерін көрсететін болады. Ендеше, алдарыңызда қатысушы жұптар:
ЖүрҚымбатты көрермен қауым бүгін өте тамаша өнер кеші, жақсы сайыс болды. Талабы таудай талапкерлерімізге әділ баға беру үшін әділ - қазылар алқасына сараптауға уақыт береміз. 

Қорытынды сөз кезегі бүгінгі әділ - қазылар алқасына беріледі. 
Құрметті әріптестер, ұстаздар келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Мереке тағы да құтты болсын!
2 289
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Екі жұлдыз" байқауының сценариі
"Екі жұлдыз" байқауының сценариі
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні, Қазақстан халқының тойы, мемлекетіміздің мерейлі мерекесі. Мереке құтты болсын!
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Наурыз мейрамы - қош келдің!
Наурыз мейрамы - қош келдің!
«Ұзынсары» - бұл Наурыздың ұзақ, сары күні. Наурыз мейрамы - көптен күткен мейрам. Наурыз - жаңа күн, жыл басы! Наурыз тойының мақсаты - халыққа молшылық, тоқшылық тілеу! Сол үшін қазан - қазан наурыз көже жасайды. Әдемі киімдерін киіп, сыйлықтарын
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Жыл басы Наурыз
Жыл басы Наурыз
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүріне дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×