Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілім - менің тірегім

19 қыркүйек 2015, Сенбі
Категориясы: Сценарий
Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы, Үшағаш ауылы,
Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Жұмаева Нұрия Сапиоллақызы

Тақырыбы: «Тілім - менің тірегім»
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа.

Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...

Сахналау
Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.
С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі
Ортаға патша шығады:
ПАТША: - Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін.
МҰҒАЛІМ: - Сонау 5 - 6 ғасырдан бастап уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.

ҒҰЛАМАЛАР ҚАҚПАСЫ.
МҰҒАЛІМ: - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан батырларың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.
ПАТША: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
Оқушылар: Туған тілім
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Талдау:
Неліктен тілді анамен байланыстырамыз?
Қандай адам өз тілін құрметтейді?
Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?
ҚАЗЫНА ҚАҚПАСЫ
ПАТША: ашуланып - Менің кім екенімді білмейді - ау, шамасы, - деп қақпаны өзі итереді.
Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағады, сонда арғы жағынан қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды:
Дүниеде не ащы?
Дүниеде не тәтті?
ПАТША: - Мұның мәнісі неде? - деп оқушылардан сұрайды.
МҰҒАЛІМ: - Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауабын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.

Хатта:
О, хан ием!
Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.
(Сол уақытта қақпа ашылып, жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бұлақ басынан «Ана тілім - қазынам» деген кітапты патша қолына алып, парақтай бастайды).
ПАТША: - Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал - мәтелді аяқтау керек.
1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса,...
2. Өнер алды -...
3. Жіптің ұзыны, сөздің... жақсы.
4. Піл үшті,
Піл күшті емес,... күшті.
5. Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы... тарайды.
6. Жүйелі сөз - жүйесін табар,
Жүйесіз сөз -...

ПАТША: - Ойпырым - ай! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сіздерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.
(Мұғалім патша ұлдарын қалай сынағандығын айтып береді)
Әкесі 1 - ші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады.
ӘКЕСІ: - Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші?
- Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, - деді
- Тіс өтпейтін сіңір ғой.
Әкесі 2 - ші ұлынан да осындай сый - сыяпат көреді.
Содан соң 3 - ші ұлына келгенде де:
- Балам еттің жақсы жерінен берші, - дейді. Тіл береді.
- Енді жаман жерінен берші, - дейді. Тағы да тілден кесіп береді.
ӘКЕСІ:
- Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің?
БАЛАСЫ:
- Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да ұрыс - керіс, өсек те осы тілден шығады.
- Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден».
ӘКЕСІ:
- Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама, - деген екен.

ДӘЙЕКСӨЗ:
- Сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді - осы. Сондықтан да ақын С. Торайғыровтың:

«Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқаным да - ақ берген білім», деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.

ЖАҢА АҚПАРАТ
«ҚР мемлекеттік тілі - қаза тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету - әрбір азаматтың міндеті»
ТАПСЫРМА
«Ана тілің - арың бұл» деген сөзді түсіндіріп беріңдер.
ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС
ТАПСЫРМА: Нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндір
1. Тіл жер жерде ұлт жоқ
Ш. Айтматов
2. Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
А. Жұбанов
3. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.

Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.
78 894
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тілім - менің тірегім
Тілім - менің тірегім
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аманиязова Шынар Болатқызы
Тілім менің – тірегім
Тілім менің – тірегім
Кызылорда облысы, Қазалы ауданы, Айтеке би кенті орыс тіл мен әдебиеті пәні мұғалімі Калымбетов Болат Батырханұлы
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×