Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Графиканың әсерлеуші құралдары

03 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Тақырыбы: Графиканың әсерлеуші құралдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды бейнелеу өнерінің түрі графикамен таныстыру, графиканың әсерлеуші құралдарын меңгеру арқылы сурет өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыру.
Дамытушылық: көзбен көріп есте сақтау, бейнелі ойлау, байқағыштық қабілеттерін дамыта отырып графикалық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білуге баулу арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Көрнекілігі: иллюстрация, слайд, оқушылар шығармашылығы.
Жабдығы: ақ қағаз, жай қарындаш, өшіргіш, түсті қарындаш, фломастер.
Түрі: зерттеушілік, сарамандық жұмыс.
Әдісі: салыстыру, талдау, түсіндіру, бағалау.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оқу - құралдарын тексеру.
2. Үй жұмысы. Көрме ұйымдастыру, оқушылар суреттерін қорғайды.
3. Өткенге шолу. «Сәйкестендіру»
Автопортрет-----------------Көркем шығармалық көрменің салтанатты ашылуы
Аппликация-----------------Жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма
Батальды жанр------------Кеуделік мүсін
Бюст---------------------------Соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма
Вернисаж--------------------Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі
Маринист-------------------Кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы жасалған көркем шығарма
Икебана---------------------Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші

4. Жаңа тақырып. Ой қозғау: Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі маңызы қандай?
Графика - бейнелеу өнерінің түрі. Шығармалар тек бояулармен ғана орындалмайды. Олар қарындаш, тушь, қаламұш және басқа да графика құралдарымен бейнеленуі мүмкін. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құрал сызық, штрих, дақ болып келсе, онда бұл - графика. Графика туындылары тек ақ - қара түсті болып қана қоймай, түрлі түсті де болады. Бірақ түс графика шығармаларында маңызды емес. Мұндағы басты әсерлегіштер – сызық, және штрих. Штрих – көп, біртектес сызықтардың жиынтығы. Штрих түзу, доғал, көлбеу, т. с. с. болу мүмкін. Тіпті «түсті графика» деген түсінік те бар. Түсті графиканы сен әрдайым өзіңнің сүйікті кітаптарыңды ашып, ондағы суреттерді тамашалаған кезде көресің. Ал олардың дұрыс атауы – иллюстрация. Слайд арқылы оқушылар графика туындыларын тамашалайды, талдау жасайды. (Леонардо да Винчи «Автопортрет», И. Репин «Санкт-Петербург: Невский проспект», Ә. Қастеев «Арасан Қапал», «Пионерлер лагері», «Жасөспірім»).
5. Сарамандық жұмыс. Жұмыс барысын мұғалім толығымен өзі көрсетіп түсіндіреді. Әр түрлі сызықтарды пайдалана отырып түрлі қызықты бейнелер жасауға болады. Мұғалім сызықтардың түрлерін (түзу, қисық, ирек, сынық сызықтар) тақтаға сызып көрсетеді. Әр сызықты белгілі бір бейнені салғанда қолдануға болады. Мысалы, түзу сызықтарды үйді, фигураларды, т. б. бейнелегенде қолдануға болады. Ирек сызықтарды толқын, т. б. бейнелегенде қолданамыз. Слайд арқылы жай және түсті қарындашпен орындалған суреттерді көрсетеді. Оқушылар графиканың әсерлеуші құралдарын қолдана отырып композициялық сурет орындайды. Мұғалім әр оқушыға жекелей көмек көрсетіп бағыт бағдар береді.
6. Сергіту сәті. Оқушылар жылдам әуен ырғағымен бір - біріне әзіл сурет орындайды.
7. Қорытынды. Кері рефлексия. Оқушылар алған білімдерін түйіндеп стикерлерге жазады, үш бағаналы таблицаға жапсырады:
Білемін Білдім Білгім келеді
Оқушылар жұмыстарды өзара бағалайды. Бағалау параметрлері: композициялық шешім, ұқыптылық, суреттің аяқталуы. «Галерея аралау».
Үйге тапсырма. Графикалық сурет.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін және көңіл - күйлерін түрлі - түсті жапырақтарды таңдау арқылы жеткізіп постерге жапсырады, нәтижесінде әдемі гүл шығады (қызыл түс - жақсы көңіл күй, сары түс - орташа, қара түс - жабырқау).
11 882
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
Corel Draw бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту және практика жүзінде қолдана білуге үйрету;
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Бояулар сыр шертеді
Бояулар сыр шертеді
Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау
Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау
Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту
Абай шығармаларына иллюстрация жасау
Абай шығармаларына иллюстрация жасау
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжайық орта мектебінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі Г. С. ДОСПАНОВА
Компьютерлік графика
Компьютерлік графика
Шымкент қаласы, №15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп - лицейінің информатика пәні мұғалімі Умирова Гулайна Зиябековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×