Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапырақтардан аппликация дайындауды меңгерту

07 қыркүйек 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жапырқтардан аппликация дайындауды меңгерту.
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушылардың табиғи материалдар – ағаш, ағаштың жапырақтарының маңызы жөніндегі білімдерін кеңейту. Бұйымды талдау. Жұмыс жоспарын құру.
2. Жапырақтардан аппликация дайындауды үйрету. Дағдыларын, іскерліктерін дағдыландыру.
3. Табиғатты аялауға, жұмысты таза, әдемі орындауға тәрбиелеу.
Жабдықтар: а) Материалдар: жапырақтар, бұйымдар үлгілері
ә) Құралдар: қайшы, қарындаш, желім үшін қылқалам.
б) Көрнекілік: бұйымдар үлгілері, ағаштар, иллюстрациялары.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушылардың жұмыс орындарының дайындығын тексеру
3. Сұрақтар қою.
- табиғи материалдар қалай жіктеледі?
- табиғи материалдарды ата?
4. Жаңа материалды меңгеру.
1) Сабақтың тақырыбын және мақсатын айту.
Бүгін біз өсетін табиғи материалдармен жұмыс жасаймыз, қандай табиғи материал екенін тауып көріңдер (жұмбақ айту). Жапырақтардан аппликация дайындаймыз.

2) Мұғалім әңгімесі.
Ағаш – тірі организм, ол бірнеше мүшелерден тұрады: жапырақтар, бұтақ, діңгегі және тамыры. Әр мүше ерекше қызмет атқарады. Аңдардың өзі ауаны ластайды екен, мұны ХVIII ғасырда ғалымдар дәлелдеп берген, ал өсімдіктер ауаны тазартады. Жасыл өсімдіктер күн сәулесі шыққанда ғана ауаны тазалайды. Күн түскенде өсімдіктер оттегін шығарады. Мұнымен адамдар және жануарлар демалады. Сонымен қатар өсімдіктер көмірқышқыл газын сорады. Жапырақтар көмірқышқыл газын соруға жақсы бейімделген. Жасыл жапырақ – планетадағы өмірдің қайнар көзі. Егерде жер бетіндегі өсімдіктер болмаса, адамдар мен жануарлар болмаушы еді. Өсімдіктер жануарлар әлемінің тамағының негізгі көзі болып табылады. Түскен жапырақтар жер қыртысы үшін органикалық тыңайтқыш болып табылады. Көмір және мұнай ерте кезде өмір сүрген өсімдіктердің химиялық өзгерген қалдықтарынан құралған. Аппликация бейнелеу техникасы. Негізгі фонға формаларды жапсыру немесе безендіру.

3) Бұйымды талдау.
- аппликация қандай табиғи материалдан орындалған?
- қандай ағаштың жапырақтары қолданылған?
- жапырақтарға керек пішін қалай берілген?
Дұрыс жауап: қайшының көмегімен. Қайшы арқылы жапырақтарға қандай да болмасын пішін келтіруге болады.
- жапырақтар негізіне қалай біріккен?

4. Практикалық жұмыс.
1) Жұмыс істеу ережесімен қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасын қайталау.
2) Бұйымды дайындаудағы кезеңдерді анықтау. Жұмыс жоспарын құру.
- нені бейнелейтінін ойластыру,
- ұқсас жапырақтарды таңдау және негізіне (фон) оларды жаю. Қайшымен керекті пішінге келтіру.
- әр жапырақтың жоғарғы және төменгі шекараларына қарындашпен нүкте қою арқылы белгілеу.

- Тұтас жапырақты желімдеу. Мұнда үлкен немесе кішкентай жапырақ алынады, жапырақтың тамыршықтары бар жағын төмен қаратып, жапыраққа қылқаламмен «пва» желімін жағамыз, егерде жапырақ кішкентай болса, онда желімді тамшылап жағамыз. Қағаздың бетіне немесе басқадай жазықтық бетіне жапырақтарды белгіленген сызықтар бойынша және белгілеусіз де желімдейді. Желімнің артығын қағаз майлықпен сүртеміз, қолымыздың көмегімен жапсырған жапырақты қыса басамыз. Әр жапырақты кезекпен алып ішкі жағынан қылқаламмен желім жағып, негізіне басу арқылы жапырақты өз орнына желімдеу.
Белгілеу, өлшеу, жинау операцияларын орындау (мұғалімнің басшылығымен өз бетінше).
Желім жағу реті:

1. Сол қолымызбен желімденетін бөлшектің бір шетін ұстап тұрамыз.
2. Оң қолымызбен қылқаламмен, желімденетін бөлшектің ортасынан шетіне қарай бір бағытта желім жағамыз.
3. Желімденетін әр бөлшекке желім жаққанда жоғарыдағы әдіспен желім жағылады.

Жапырақтарды дайындау: Сабақтан бірнеше күн бұрын жапырақтарды жинап, кептіріп, ескі газет – журнал беттерінде сақтау.

5. Сабақты қорытындылау.
а) Бүгін сабақта қандай табиғи материалмен жұмыс жасадық
ә) Ағаштарға жапырақтар не үшін қажет?
б) Ең жақсы жұмыстарды талдау және көрме ұйымдастыру

6. Жұмыс орнын жинау.
6 998
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары.
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары.
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары
Әдемі көбелек (мозаика техникасында заттық аппликация)
Әдемі көбелек (мозаика техникасында заттық аппликация)
Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың мақсаттары жапсырмасын құрастыру,
Табиғи материалдардан бұйымдар жасау
Табиғи материалдардан бұйымдар жасау
Табиғи материалдар туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау, іскерлік, шеберлік қабілеттерін дамыту.
Денелер. Заттар. табиғаттағы құбылыстар
Денелер. Заттар. табиғаттағы құбылыстар
Тірі, өлі табиғат туралы, денелер туралы ұғым беру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Танымдылық қабілетін дамыту. Еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Аппликация
Аппликация
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәні мұғалімі Темірбекова Айман
Аппликация
Аппликация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×