Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейнелеу өнерінің түрлері

01 мам 2015, Жұма
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу өнері, түрлері, саяхат сабақ, мұражайлар, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері, мүсіндеу, кескіндеме, графика, сурет, қарындашпен сурет салу, бояу туралы логикалық сұрақ, Орал Таңсықбаевтің шығармашылығы, Жеңіс Кәкеновтың портреттері, қазақ мүсіншілері, Ғ. Иляев және Т. Басенов ою – өрнектері Қазақстандағы 7 керемет, презентациясымен

4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды танымал суретшілердің шығармаларымен таныстыру, сурет өнерінің элементарлық негізі туралы білім беру.
Оқушылардың байқағыштығын, көру арқылы қабылдауын дамыту.
Еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын азаматын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: репродукция, тақта, слайд, шағын көрме.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушы назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын жариялау.
Силуэт суреттерге қарап отырып «бейнелеу» сөзін құрастыру( бесік, ерін, ине, нан, етік, лақ, екі, уық ) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Саяхат жасау
- Балалар, бүгін біз «сиқырлы кілемге» жайғасып саяхатқа шығамыз. Алдымызда бейнелеу өнері туындылары жинақталған «сурет», «графика», «кескіндеме», «мүсін», «сәулет өнері» және «сәндік қолданбалы өнер» мұражайлары күтіп тұр. Сол
мұражайларға жетіп кіру үшін берілген тапсырмаларды орындау қажет, сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
- Ал, қане «сурет» мұражайына саяхатқа барайық.
1. Тапсырма: а/ Сурет дегеніміз не?
ә/ Сурет салу құралын ата
б/ Сурет тарихы қайдан бастау алады.
в\ Жұмбақ суреттің жауабын шешу.
Мұражайға кіруге қол жеткіздік ( слайд көрсету) Карандашпен орындалған нобай суреттер таныстыру, қолмен салып көрсету.

Ендігі сапарымыз «графика» мұражайы
2. Тапсырма: а/ Графика сөзінің қазақша мағынасы
ә/ «Графика» сөзі қайдан шыққан?
б/ Қазақстандағы график суретшілерді ата
в/ «графика» сөзінен бейнелеу өнеріне қатысты 7 сөз ойлап тап.
(гуашь, репродукция, акварель, фреска, иллюстрация, композиция, автопортрет)
«Графика» мұражайын тамашалайық (слайд көрсету) Жеңіс Кәкеновтың графикалық туындыларын көрсету, таныстыру

Саяхатымызды жалғастырайық, бізді «кескіндеме» мұражайы күтіп тұр.
3. Тапсырма: а/ Кескіндемеге қажет құрал - жабдықтарды ата
ә/ «Живопись» деген не?
б/ Кескіндеменің қандай түрлері бар?
в/ бояу туралы логикалық сұрақ беру

Кескіндемелік туындылары бар мұражайды көріп, талдау. Орал Таңсықбаев туралы слайд көрсету.

Саяхатты жалғастырайық, «мүсіндер» мұражайына жол тартайық.
4. Тапсырма: а/ Ертеде қазақ жерінде мүсіндер болған ба?
ә/ Мүсін қалай жасалады?
б/ Мүсін неден жасалуы мүмкін?
в/ Қазақ мүсіншілері кімдер?
«Мүсін» мұражайын аралау, көру, танысу ( слайд)
Ескен Сергебаев және Хакімжан Наурызбаевтың шығармашылығы туралы мағлұматтар беру.

Саяхатымыз «сәндік қолданбалы өнер» бағытында жалғасады.
5. Тапсырма: а/ Қазақ қолөнері дегеніміз не?
ә/ Қолөнердің қандай түрлері бар?
б/ Ұлттық ою - өрнекті зерттеп, дамуына үлес қосқан суретші
қолөнершілер кімдер?
в/ Бас киімге қандай ою - өрнектер салынуы мүмкін?
Оқушылардың жауаптарын толықтырып, оларды «ою - өнек» әлеміне жетелеу.
«Ою - өнек түрлері» слайдымен таныстыру. Ғ. Иляев, Т. Басенов еңбектеріне тоқталу.
- Ал, енді біздің соңғы бағытымыз «сәулет өнері»
6. Тапсырма. а/ «Сәулет» сөзін басқа тілдерге аударып көрейік.
ә/ Ең ежелгі танымал, сақталып қалған сәулеттік құрылыс қай жерде?
б/ Қазақстандағы 7 кереметті атап бер.
в/ Сен туып өскен жерде сәулетті құрылыстар бар ма?

Оқушыларды бағалау.
1. Белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.
2. Оқушылардың білімін салыстыра отырып бағалау.
Ой толғау
- Мен не білемін?
- Мен не білгім келеді?
Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін бейнелеу түрлерін еске түсірдік. Суретші шығармалары қоршаған ортаны, табиғатты, өмірдегі құбылыстарды танып білуге, сұлулықты сезіне білуге жетелейді.
11 392
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Бейнелеу өнері түрлерін жанрларын ажырата білуге, көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, нәрсені алыстаған сайын кішірейіп көрсетуді, әрі қатесіз салуға үйрету.
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Сәулет өнері 4 - сынып
Сәулет өнері 4 - сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×