Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суретшілер шығармаларын талдау

02 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Cурет және сызу пәні мұғалімі Сералиева Айгерим Куанышбаевна

Бейнелеу өнері 6 сынып
Сабақ тақырыбы: Суретшілер шығармаларын талдауды үйренеміз.
Жалпы мақсаты:
Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру. Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т. б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Әдіс - тәсілдер: Эстетикалық тұрғыда бейнелеуге үйрету, тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану, сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілетін дамыту, оқушыларды өнертанушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақ кезеңдері
І Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру:
- Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар?
- Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
- Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

Жаңа сабақ
Суретшілер шығармаларын көріп, қабылдауда суреттегі табиғат көрінісі, заттар тобы, оқиғалар, адамдардың көңіл күйі, яғни қуанышқа, қайғыға, қорқынышқа икемдігін түсініп, автордың бейнеленген бейнеге, оқиғаға әсерленуін, сүйіспеншілігін, ренішін аңғару қажет. Суретші С. Мәмбеевтің шығармасына назар аударып көрелікші.
Қазақ халқының мақтаныш етер шебер суретшілерінің бірі Сабыр Мәмбеевтің көркем шығармалары ең алдымен көрерменнің эстетикалық сезіміне әсер етеді. Түстердің әсемдігі, композицияның анықтығы, бояу колоритінің байлығы суретшінің әрбір шығармасында әлемді әуезді қабылдауға бейімділік байқалады. Суретші шығармалары көрген адамның жан дүниесін тебірентпей қоймайды.

Суретші Қ. Телжановтың «Көкпар» атты шығармасында қазақтың кең - байтақ даласында көкпар шауып, тартысқа түскен ер - азаматтар бейнеленген. Ширыққан ат үстінде шыныққан көкпаршы жігіттер. Суретші бұл шығарманы жасау үшін ең алдымен эскиздер салып, аттардың әр түрлі қозғалыс кезіндегі қимыл - қалыптарын қағаз бетіне түсіреді. Одан кейін кең дала табиғатын, адамның бастары мен қолдарын, денесін сан түрлі кейіпте жеке - жеке орындап шығады. Бұл шығармадан біз орындалу техникасының және адам ойының мазмұнға бай көрінісін көре аламыз.

Сабақты бекіту
І тапсырма:
- Айвазовскийдің «Тоғызыншы толқын» картинасында бейнеленген оқиға туралы не айтуға болады?
- Суретші өз картинасында қандай түстерді көбірек пайдаланған?

ІІ тапсырма: Сәйкестендіру тестісі.
А) Қ. Телжанов --------------- Жуалы атырабында
Б) Ә. Ысмайлов ----------------Тоғызыншы толқын
В) И. К. Айвазовский --------- Көкпар
Г) С. Мәмбиев------------------ Жолға шыққанда

Сарамандық жұмыс
Қ Телжанов « Көкпар» шығармасын орындау

Үйге тапсырма беру
Әртүрлі суретшілер шығармаларын салыстыра отырып, ерекшеліктерін ашуға тырыс.
6 124
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.
Адам бетінің пропорциясы
Адам бетінің пропорциясы
Адам қаңқасындағы күрделі бөліктерін салуда жұмыс істеу әдіс - тәсілдерін арттыру, мүмкіндігінше шығармашылық жұмыс жасауға баулу. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Үйлестіру заңдылықтары
Үйлестіру заңдылықтары
Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. Бірнеше заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Кескіндеме құралдарымен табиғаттың, адамның, ғимараттардың әсемділігін бейнелеу
Кескіндеме құралдарымен табиғаттың, адамның, ғимараттардың әсемділігін бейнелеу
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектебінің технология, бейнелеу өнері, сызу пәндері мұғалімі: Абдрахманова Алмагүл Хамаридденқызы
Сызба сызықтарының түрлері
Сызба сызықтарының түрлері
Сызба сызуда 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×