Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім – ақылдың көркі

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Білім – ақылдың көркі.
Сабақтан тыс өткізілетін сайыс кешінің жоспары.
Әдістемелік мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, өз бетімен жасауын ұйымдастыру.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тереңдетіп танымдылық қабілетін дамытып,
пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды ұқыптылыққа, достыққа, еңбексүйгіштікке және эстетикалық талғамда тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Математика, Информатика.
Көрнекіліктер: Ұлағатты сөздер, геометриялық денелер макеттері, сызу құралдарының
макеттері, мультипроектор, экран, компьютер, түрлі түсті шарлар,
музыкалық орталық құрал жабдықтар.
I топ: Карындаштар.
II топ: Сызғыштар.
Жоспары:
I. Кіріспе. – 5 мин.
II. Негізгі бөлім.
II. I Топтардың амандасу рәсімі (Эмблема, девиз) – 5 мин.
II. II Үй тапсырмасы. «Біліміңді байқап көр» – 3 - 5 мин.
II. III «Ашылмаған құпиялар» – 7 - 10 мин.
II. IV «Әр қолда өзінің ісі» (Басшылар сайысы) – 3 - 5 мин.
II. V «Құпиялы сандықшада» - 5 - 7 мин
II. VI «Адымда – ойлан!» 2 - 3 мин.
II. VII «Ойлан тап» 7 мин.
II. VIII «Сиқырлы кесінді» - 10 мин.
II. IX Геометриялық денелер – 7 мин.
«Сызу пәні» әні.
Сөзін жазғандар: Куспанова С. У. М. Нұрмағанбетов 9 сынып оқушысы.
III. Қорытынды марапаттау.

Жүру барысы:
I. Кіріспе.
I. I Оқытушының кіріспе сөзі.
Экранда музыкалық әуенмен сызу кітабы суреті шығады.
I. II Таныстыру.
(Сайысқа қатысушыларды қошеметпен ортаға шақыру.)
I. III Әділқазылар алқасымен таныстыру.
II. Негізгі бөлім.
II. I Топтардың амандасу рәсімі. (Эмблема, девиз)
II. II Үй тапсырмасы: «Біліміңді байқап көр» сайысы
(Әр топ сөзжұмбақ дайындап келеді. Қарсы топ оның шешуін табады.)
Жай музыка ойнап тұрады, экранда сызу туралы ұлағатты сөздер)
II. III «Ашылмаған құпиялар». Экранда тетікбөлшектің комплекстік сызбасы. Аксонометриясы. Комплекстік сызбада сандар, аксонометрияда әріптер берілген. Әріптер мен сандарды алмастыру арқылы шыққан сөзді мақалмен жалғастыру.
II. IV «Әр қолда өзінің ісі». Топ басшылар сайысы.
Екі қолмен бірдей жұмыс жасау. Сол қол үшін – үшбұрыш
Оң қол үшін – дөңгелек
II. V «Құпиялы сандықшада»
(Қобдишадағы сызу құралдарының біреуін таңдап алып, ондағы жазылған сұраққа жауап беру.)
1. Сызбада қолданылатын негізгі жазудың параметрін атаңыз? (185*30; 185*55; 185*40; 185*15; 185*35;)
2. Жазықтыққа нүктеден түсірген перпендикуляр? (Проекция)
3. Сызбада бұрыштарды тұрғызуға арналған аспап? (Транспортир)
4. «Құпиялы» атты бақытты сыйлық! (бір ұпай қосылады)
5. Екі негізі бар көпжақты дене? (Призма)
6. Сызбадағы қате сызықтарды жоюға арналған құрал? (Өшіргіш)
7. Шеңберді тұрғызуға арналған аспап? (Шеңберсызар)
8. Бір негізді айналу денесі? (Конус)
9. Қисық сызғыш? (Лекало)
10. Үш көрінісі де бірдей көпжақты дене? (Куб)
11. Нәрсені қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы алынған фигура? (Қима)
12. Алты жақты басты мен стержені бар бекіту детальі? (Болт)

II. VI «Адымда – ойлан!» Геометриялық денелер тобынан үш жазықтықтағы проекциясы бірдей денені тауып, проекциясын адыммен көрсетеді. Бір адым – бір сызуға байланысты термин.
шеңбердің үш жазықтықтағы проекциясын адыммен көрсетеді, бір адым – бір сызуға байланысты термин.
үш жазықтықтағы проекциясын адыммен көрсетеді, бір адым – бір сызуға байланысты термин.

II. VII «Ойлан тап».
Экранда А) екі проекция берілген, жоқ проекцияны тап.
В) үстіңгі көріністі тауып ауызша бейнелеу.

Көрермен ойыны. – III топ тапсырмасын орындау.
II. VIII «Сиқырлы кесінді».
Плакатта бірнеше нүктелер берілген. Нүктелерді түзулермен қосу арқылы қазақтың ұлттық ою - өрнегін табу.

I топ.
II топ.
Музыкалық сәлемдеме.
II. IX «Геометриялық денелер».
Кімде қандай кескін шығады?
Шарты: Жануарлар бағына жаңадан аң әкелінген. Оның кескіні мынадай: денесі – айналмалы конус, оның төбесінде дұрыс үшбұрышты призма; екі жағында шар тәрізді екі көзі бар, мүйізі – цилиндр, құлағы жартылай овал пластина, аяқтары биік параллелипипед.
«Сызу пәні» әні.
Сызу пәні бізді баулып шыңдайды,
Әр сызық әр беттерде жырлайды.
Қарындашың, сызғышың екеуі дос,
Еңбексіз - ақ жұмыссыз тұрмайды.
Қайырмасы:
Сызу сызсам сергектенем,
Шаршауды да білмеймін.
Ойлы, білгір, өнерліміз,
Сызу пәнін сүйеміз.
Ұзтаздардың дәрістерін,
Санамызға түйеміз.

III. Қорытынды.
III. I Әділқазылар шешімі
4 741
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі  алтын
Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын
Атырау қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Досаева Салтанат Уразқызы
Сызу және қолөнер
Сызу және қолөнер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің бейнелеу, сызу, технология пән мұғалімі Рыскалиева Галия Сайпқызы
Сызу кеңістігінде Компас 3D
Сызу кеңістігінде Компас 3D
Білімділік мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, автоматтандырылған жобалау жүйесі Компас 3D бағдарламасында өз бетімен жұмыс жасауға, ізденуге үйрету.
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×