Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам еңбегімен көрікті

26 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Адам еңбегімен көрікті
Мақсаты:
1. Оқушыларды мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.
2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», интерактивті тақта.
Формасы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» топтық сайыс

Жүру барысы:
Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», — дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.
Бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағаты «Адам еңбегімен көрікті» деп аталып, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» топтық сайысы ретінде жүреді.
Бүгінгі сайысымызды Насырадинов Бақыттбергеннің әні «Қазақстан» әнімен бастаймыз.

І айналым. Әр топ оқушылары мақал – мәтел айтып жарысады. Қай топ оқушылары, тоқтап қалса, келесі топ ұпай алады.

ІІ айналым
Мен мақалдың бір бөлігін оқимын, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
3. Еңбек – адамның екінші анасы
4. Еңбек етпесен елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
5. Еңбек түбі – береке
6. Ердің атын еңбек шығарар.
7. Еңбектін көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
8. Ерінбеген етікші болады.
9. Еңбектін көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
10. Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер

ІІІ айналым
Жұмбақ шешу сайысы
Сендерге мына «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі беріледі. Осы өлеңді тыңдай отырып бауырсақтың қайдан, қалай келгенін анықтаңдар.
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің бауырсақ?-
деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан сатқан,-
деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер - анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген

Егістік жер – диірменші – наубайхана - дүкен
Келесі кезекті мына грузин ертегі желісімен қойылған көріністі тамашалаңдар «Еңбекпен тапқан тиын»
Ал, балалар ендігі кезекті көрініске берейік.
Енді әр топ өз ойларын ортаға салсын.
Шығармашылық жұмыс.
«Еңбек» деген сөзге бір шумақ өлең немесе эссе жазыңдар.
Жеңімпаз топты анықтап марапаттаймыз.
Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Адам еңбегімен көрікті» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
20 018
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ мақал - мәтелдерінің орыс және ағылшын тілдеріндегі баламалары
Қазақ мақал - мәтелдерінің орыс және ағылшын тілдеріндегі баламалары
Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Мақал - сөздің мәйегі
Мақал - сөздің мәйегі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 11 Балабақша тәрбиешісі Дайрабаева Гулшат Әмірханқызы
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Еңбек түбі – береке
Еңбек түбі – береке
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қорбақова Сәуле
Мақал – сөздің мәйегі
Мақал – сөздің мәйегі
Екібастұз қаласы, №18 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Жанаргул
Еңбек түбі – береке
Еңбек түбі – береке
Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×