Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды сәт

13 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Жұлдызды сәт» ойыны

Ойынның мақсаты:
1. Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл - ой өрісін жан - жақты дамыту.
2. Сұрақ қою, жұмбақ шешу арқылы ұлттық тәрбие, Қазақстан патриотизмін қалыптастыру.
3. Ойын арқылы білімге ынтасын нығайту.
4. Өз ұлттық тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Ойынның шарты:
Ойынға 2 оқушыдан 5 топ қатысады. Ойыншылар жауапты сигналдық карточкалармен береді. Оларда 1, 2, 3 сандары жазылған. Дұрыс жауап берген топ жұлдызшаға ие болып, бір қадамнан алға аттап тұрады. Әр тапсырманы орындаған сайын, тапсырманы дұрыс орындамаған топ ойыннан шығады. Сонымен қалған бір топ ұтыскер болып шығады.
Ойынның барысы:
Қасиеттің бәрі керек адамға,
Жұмбағы көп мынау үлкен ғаламға
Әрі тапқыр, әрі жылдам балалар
Кәне, шықсын таңғажайып алаңға
1. Таныстыру.
Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,
Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін.
Дәстүрімен бүгінгі сайыстың
Әрбір топ таныстырсын өздерін.
( Әр топ өздерін таныстырады)

2. Өз өнерін көрсету.( Үйге берілген тапсырма. Топ өз өнерін көрсетеді)
3. Сұрақ - жауап
Жылдар – жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелсең жақсылықтар көп тігі
Көңілді шат сезімге баулайды.
Халқымыздың бүгінгі мен ертеңі.

А) Қазақстанның туының түсі.
1. Жасыл
2. Қызыл
3. Көк
Ә) Қазақстанның бас қаласы?
1. Алматы
2. Ақтөбе
3. Астана
Б) Көшпелі қазақ үйінің атауы?
1. Изба
2. Чум
3. Киіз үй
В) Заң шығарушы кім?
1. Президент
2. Халық
З. Парламент
Г) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Назарбаев қай жылы сайланды?
1. 1991 жылы 1 желтоқсан
2. 1991 жылы 11 қаңтар
3. 1989 жылы 26 қазан
3. Әліпбиді біліңдер,
Әр әріпті танып дәл!
Біздің қазақ тілінде
Қырық екі әріп бар.
( Ортаға 8 кубик түседі. Кубиктегі әріптерден бір сөзден құрау керек. Кімнің сөзінің әрпі көп болса сол алға шығады.)
Ойыншылар сөз құраған кезде көрермендермен сергіту сәті өткізіледі.

5. Сұрақ таңдап жауап беру.
(Тақтада тақырыптар берілген. Әр топ бір тақырыпты таңдап алып сол тақырыптағы сұраққа жауап береді)
Математика
Кітапханада 5 бөлме,
Әр бөлмеде 10 шкаф,
Әр шкафта 5 сөре,
Санай алсаң егерде,
Айтып берші анықтап
Кітапхананың сөресі нешеу?
18
150
250
Ана тілі
« Кел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.»
1. Ы. Алтынсарин
2. А. Құнанбаев
3. М. Алібаев
Дүниетану
Конституция деген не?
1. Заң
2. Мереке
3. Кітап
Орыс тілі
В каком числительном две буквы Н?
1. 11
2. 12
3. 13
Қазақ тілі
Сөйлемнің неше түрі бар?
1) 2
2) 1
3) 2
6. Асыл сөз көп халықта,
Іле жүрер құлаққа.
Іздеген жүрер мұратқа,
Ізденуден жалықпа.
(Қалған 2 топтың алдына Жұлдызшалар сөзі қойылып, олар осы сөздің әріптерінен сөздер құрайды. Кімнің құраған сөзі көп болса сол ойында ұтады)

Ойыншылар сөз құраған кезде көрермендер жұмбақ шешеді.
Зырлайды күшік әжемнің
Қолынан сүйек кеміріп.
Күн асқан сайын ақ күшік
Барады мүлде семіріп. (ұршық)
Үсті тас,
Асты тас,
Ортасында піскен ас. (таба нан)

Дәмді - дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан)

Төрт бұрышты,
Бір ауызды. (сандық)

7. Жұлдызды сәт
Ұтқан топқа жұлдызды сөз айтуға уақыт беріледі.

Міне осылай тапқыр бол,
Ақылды бол, күшті бол.
Сұрақ бердім саспадың,
Осы еді ғой тасқаным.
Ойын бітті осымен
Сау болыңдар, достарым!
4 939
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұлдызды сәт ойыны
Жұлдызды сәт ойыны
Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту, сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап, ой - өрісін кеңейту;
Баяндауыш
Баяндауыш
ШҚО, Аягөз қаласы, «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш кластар мұғалімі Қызжанова Гүлия Каримовна
Информатика жұлдыздары
Информатика жұлдыздары
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру
Біз бір топпыз ойыны
Біз бір топпыз ойыны
Семей қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі: Мустафина Кунсулу Фаткулановна
Жұлдызды сағат
Жұлдызды сағат
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Аралас сандарды қосу және азайту тақырыбын бекіту (ойын сабақ)
Аралас сандарды қосу және азайту тақырыбын бекіту (ойын сабақ)
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәні мұғалімі Фаткулина Гүлжанат Мұратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×