Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

09 маусым 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУШІ ПӘНДЕР БОЙЫНША СЫНЫПТАН ТЫС САЙЫС-САБАҚ
Тақырыбы:

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Түрі: Сыныптан тыс сайыс – сабақ.
Типі: Оқушылардың білімдер, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру, жинақтау сабағы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жалпы білім беруші Алгебра, Геометрия, Физика, Химия, Биология, Экология, Электротехника, Информатика, Астрономия пәндері бойынша 3 жылдық білім деңгейлерін тексеру арқылы, осы пәндерге қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау;
Дамытушылық: Оқушылардың ІІІ курс бойынша алған білімдерін қолдана отырып, тәжірибе жүзінде жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойларын жеткізу білуге үйрету.

Пән аралық байланыс: Сызу, Алгебра, Геометрия, Физика, Химия, Биология, Экология, Электротехника, Информатика, Астрономия, Тарих, Қазақ әдебиеті.
Көрнекілігі: сайыс – сабақтың тақырыбы жазылған плакат, безендірілген зал, 3 дербес компьютер, маус, пернетақта, сағат, ұпай сандары жазылған бағалаушы карточкалар, ұпай беруші жұлдызшалар, оқушыларға берілетін топтық тапсырмалар, басқатырғы суреті, оқушыларға берілетін мозайка қиындылары, компьютер, тақта, мультимедиа аппараты, буклеттер.
Сайысқа қатысушылар: «Кәсіптік лицей» бөлімі ІІІ – курс топтары
С – 31 – оқушылары (6 оқушы)
С – 32– оқушылары (6 оқушы)
М – 31 – оқушылары (6 оқушы)
Сайысты жүргізуші: Серікова Н.Р. көмекші – Баймолдаева А.Б.
Әділқазы мүшелері: Жақсыбаева Қ.Д – мүдірдің ОТІ жөніндегі орынбасары, Окасов Н.С. – «Кәсіптік лицей» бөлімі меңгерушісі, Калиева Н.Д – колледждің әдіскері, Алжанова Қ.А – бірлестік жетекшісі,
Сайысты тамашалаушылар: С – 31, С – 32, М – 31 – оқушылары, топ жетекшілері мен топ шеберлері.
Жоспары:
1. 1 – сайыс. Таныстыру.
2. 2 – сайыс. Алгебра пәні бойынша сайыс
3. 3 – сайыс. Физика пәні бойынша сайыс.
4. 4 – сайыс. Экология пәні бойынша сайыс.
5. 5 – сайыс. Информатика пәні бойынша сайыс.
6. 6 – сайыс. Геометрия пәні бойынша сайыс
7. 7 – сайыс. Химия пәні бойынша сайыс.
8. 8 – сайыс. Астрономия пәні бойынша сайыс.
9. 9 – сайыс. Электротехника пәні бойынша сайыс.
10. 10 – сайыс. Биология пәні бойынша сайыс.
11. 11 – сайыс. Шешуші сайыс.

12. Сайысты қорытындылау.
Сыныптан тыс сайыстың шарттары:
1. Сайысқа үш топтан сайыс өтуші 9 – пән бойынша 6 оқушы қатыстырылады, яғни топ мүшелерінің барлығы дерлік сайысқа қатысуы керек.
2. Сайысқа қатысушы әр топтың өздік эмблемасы, лозунгы болуы керек.
3. Жинақталған ұпай саны – әр сайыс үшін берілетін жұлдызшалар санымен анықталады.

Сыныптан тыс сайыстың барысы:

Сайыс акт залында өткізіледі. Акт залының төрінде сайысқа қатысушы топ оқушылары орналасады. Құрама командалар мен теннис залы төрі арасында екі тақта қойылады. Залдың орта тұсында компьютер, мультимедиа аппараты орналастырылады. Көрермендер залының 1-қатарында әділқазы мүшелері жайғасса, залдың оң және сол жақ қанаттарына сайысқа қатысушы топтардың жанкүйерлері мен көрермендер орналасады.

Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Жалпы білім беруші бірлестіктің апталығында өткізіліп отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Бүгінгі сайысымызға қатысу үшін өз өнерлерін, білімдерін сынасқалы келген оқушыларды ортаға шықырып, ойыншыларымызды сайыстың шарттарымен таныстырамын. Сайыс 11-кезеңнен тұрады, ал бүгінгі сайысымызды біздің бүгінгі құрметті әділқазы мүшелері бағалайтын болады. Әділқазы мүшелері әр сайыс қорытындыларын әйгілеп, ұпай сандарын арнайы бағалау парағына толтырып отыруы керек. Әр сайыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен топқа жұлдызшадан таратылып отыратын болады.
Осыдан соң жүргізуші барлық әділқазы мүшелерін таныстырып шығады.

Әділқазы мүшелері:
Жақсыбаева Қ.Д – мүдірдің ОТІ жөніндегі орынбасары,
Окасов Н.С. – «Кәсіптік лицей» бөлімі меңгерушісі,
Калиева Н.Д – колледждің әдіскері,
Алжанова Қ.А – бірлестік жетекшісі,
Есепші: Идрисова А.К – математика, информатика пәні оқытушысы.

Ендігі сайысымызды басталық.

1 – сайыс - «Таныстыру».
Таныстыру ретінде әр топ өздерінің топ аттарын, эмблема, лозунг және әр топ мүшесін таныстыруы қажет.

2 – сайыс - «Алгебра пәні бойынша сайыс».
Оқушыларға логикалық есептер беріледі. Ол есептерді шешу арқылы таблодағы сілтемеден қажетті әріптерді анықтап, оларды өз ретінде қолдана отырып, жасырылған сөзді ашуы керек. Тапсырма топқа беріледі. Тапсырманы орындау жылдамдығына қарай, әр топ өзінің сайыстағы реттік кезегін алады.
Жасырылған сөз: «Интеграл» - «х1 х2 х3 х4 х5 х6 х7 х8»
Кілті:
3 – сайыс - «Физика пәні бойынша сайыс».
Таблода теріс аударылған карточкаларды төңкеріп, онда көрсетілген формуланың атауын, қандай тарауға жататындығын атауы керек. Мұндағы әр жасырылған карточкаға ауырлық деңгейіне қарай ұпай саны беріледі. Сайысқа әр топтан бір оқушы қатысады.

10 20 30
20 30 40
30 40 50

- Ньютонның ІІ – заңы
- Менделеев – Клапейрон заңы
- Джоуль – Ленц заңы
- Лоренц заңы
- Ампер заңы
- Толық тізбек үшін Ом заңы
- Кулон заңы
- Геометриялық оптика, сыну заңы
-Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі
4 – сайыс - «Экология пәні бойынша сайыс».
Әр топтан бір оқушы шығып, табиғат, қоршаған орта, Жер, Су, Ауа туралы 4-тен кем емес мақал – мәтелдер айтуы керек.
Мысалы: «Жері байдың – елі бай»
«Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар»
«Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас»
«Батар күннің атар таңы бар»
5 – сайыс - «Информатика пәні бойынша сайыс».

Әр топқа жекелеме 1 жүйелік қорап, бірнеше маус, пернетақта, қосқыштар шнурлар, жалғастырушылар қойылады. Әр топтан бір оқушы шығып, қажетті разьемге тиісті құралды жалғап, соңында компьютерді іске қосуы керек.
6 – сайыс - «Геометрия пәні бойынша сайыс».
Таблода мозайка элементтері шашылып, көрсетіледі. Оқушыларға мозайка элементтері бөлшек түрінде беріледі, оларды құрастыру арқылы, қандай да бір геометриялық фигуралар тізбесін алулары керек. Соңында мозайкадағы жасырылған геометриялық фигуралар топтамасын атап, ол фигураларды сипаттап, қолданылатын теорема, анықтамаларды айтып беруі керек. Тапсырма топқа беріледі.

7 – сайыс – «Химия пәні бойынша сайыс».
Әр топтан бір оқушы шығып, химиялық элементтерге байланысты сұрақтарға жауап береді.
1. Жартылай өткізгіштерге мысал келтір – Германий, Кремний, Индий.
2. H2O деген не? – су
3. «Жұмсақ алтын» не? «Қара алтын» не? «Ақ алтын» не? – мақта, мұнай, күріш
4. NaCl – деген не? – ас тұзы
5. Магниттік әсері күшті заттар – Темір, Марганец, Собальт, Титан, Хром
6. Менделеев кестесіндегі бірінші элемент - Сутегі

8 – сайыс – «Астрономия пәні бойынша сайыс».
Оқушыларға слайд арқылы барлық ғаламшарлардың суреттері көрсетеді. Оқушылар оны естеріне сақтап отыруы керек. Содан соң, қандай да бір аспан денесі жайлы сипаттама беру арқылы сұрақ қойылады. Сұрақ оқылғаннан кейін, өте жылдам сұрақта айтылған ғаламшардың суреті көрсетіледі. Оқушы сұраққа қойылған қандай аспан денесі екенін табуы керек. Сайысқа әр топтан бір оқушы қатысады.

Меркурий
Шолпан
Жер
Марс
Юпитер
Сатурн
Уран
Нептун
Плутон

Сұрақ: Күн жүйесіндегі ең үлкен және ауыр планета. Қазақша атауы – Есекқырған. Көлемі Жерден 1320 есе, ал салмағы 318 есе артық. Өз өсінен айналу периоды 9 сағат 55 минут болса, Күнді айналу периоды 12 жылға жуық. Онда ешқандай жыл мезгілдерінің ауысуы болмайды. Оның экваторының әрбір нүктесі сағатына 45 мың км жылдамдықпен қозғалады. Диаметрі 25000 км болатын бұл ғаламшардың ядросы темір мен тастан тұрады және центріндегі температура 23000К-ді құрайды. Атмосферасының 89%-ын сутегі, 11%-ын гелий құрайды. 1979 жылы – сыртында сақинасы бар екендігі ашылған. Қазіргі уақытта оның 16 серігі бар, ең ірі серігі – Ганимед, содан кейін – Ио, Еуропа, Каллисто. Серіктері бар екендігін алғаш рет Галилео Галилей анықтап, алғашқы осы төрт серігін ашқан.
Жауабы: Юпитер.

9 – сайыс – «Электротехника пәні бойынша сайыс».
Сайысқа әр топтан бір оқушыдан қатысады. Оқушыларға электр тогы, ток сипаты, электрлік құралдар жайлы сұрақтар беріледі. Оқушылар сұрақтарға жауап беруі керек. Мұнда қойылатын сұрақтар түрлі түсті конверттерге салынған.

«Қызыл конверт».
1. Өндірістік жиіліктің шамасы қанша? Өндірістік кернеу шамасы қанша?
2. Мемлекеттік стандарт бойынша электр өлшеуіш құралдарға қандай талаптар қойылады?

«Ақ конверт».
1. Тұрмыстағы кернеу шамасы қанша? Жертөледегі кернеу шамасы қанша болуы керек? Неліктен?
2. Трансформатордың құрылысы, қызметі, түрлері.

«Көк конверт».
1. Төмендегі сипаттамадан қандай өлшеу құралы жайлы сөз болып тұрғанын түсіндір: 1,2I 175U 0,5%
2. Электр энергиясын өндіруші машиналардың түрлері, құрылысы


10 – сайыс – «Биология пәні бойынша сайыс».
Оқушыларға сурет түріндегі басқатырғы беріледі. Суретте көрсетілген не екенін анықтау керек. Тапсырма топқа беріледі.
«Баяғы заманда Грецияның Родос түбегінде улы жыландар қаптап кетіпті. Сол кезде біреулер бұл жерге тұяқты жануарларды өсіру керек шығар деп айтыпты. Көп уақыт өтпей осы жерге жіберілген сүтқоректілер өздерінің өткір тұяқтарымен улы жыландарды таптап, жойып жіберіпті. Мейірімді халық оларға ескерткіш қойыпты. Ол қай жануар? Оны табу үшін суретте көрсетілген нүктелерді бір-бірімен қосса, осы жануардың суреті шығады».

11 – сайыс – «Шешуші сайыс».
Әр топқа жекелеме жоғарыда сайыс өткен 9 – пән бойынша 10 – 12 сұрақтан қойылады.

«1 – топ» мүшелеріне арналған жүргізуші сұрақтары.
1. Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды? (Монитор)
2. Физиканың атасы кім? (Аристотель).
3. Қандай физикалық шама ваттпен өлшенеді? (Қуат).
4. Судың бір молекуласында сутегінің қанша атомы бар? (2).
5. Атмосфералық қысымды алғаш ашқан ғалым кім? (Торричелли).
6. Бір тоннада қанша грамм бар? (Миллион).
7. Жұмыс қандай әріппен белгіленеді? (А).
8. Грек алфавитінің соңғы әріпі (Омега).
9. Жер өз өсінен қанша уақыт ішінде бір айналыс жасайды? (24 сағат ішінде).
10. Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысу процессі қалай аталады? (Кристалдану).
11. Дұрыс төртбұрыш қалай аталады? (Квадрат)
12. Ток күші қандай өлшеу бірлігімен өлшенеді? (Ампер)

«2 – топ» мүшелеріне арналған жүргізуші сұрақтары.
1. Дұрыс алтыбұрыш қалай аталады? (Куб).
2. Электр кедергісінің өлшем бірлігі не? (Ом).
3. Атом ядросының құрамына кіретін оң зарядталған бөлшек қалай аталады? (Протон).
4. Бір километрде қанша дециметр бар? (он мың).
5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі. (м/с2).
6. Озон молекуласында қанша атом бар? (Үш)
7. Астрономдардың оптикалық құралы (Телескоп)
8. Грек алфавитінің бірінші әріпі (Альфа)
9. Жер қанша уақытта Күнді айнала бір айналыс жасайды (1 жылда)
10. Қатты денелердің өз пішінін өзгерту процесі қалай аталады? (Деформация)
11. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? (Ньютон)
12. Бір сағатта қанша секунд бар? (3600)

«3 – топ» мүшелеріне арналған жүргізуші сұрақтары.
1. Денелер инерттілігінің өлшем шамасы не? (масса)
2. Жерге еркін түсу үдеуінің тұрақты мәні қанша? (g=9,8 м/с2)
3. Жер ғаламшарының тәулік ұзақтығы (24 сағат)
4. Зарядтардың өзара әсер заңын ашқан француз ғалымы (Кулон).
5. Әлемнің жеті кереметінің ішіндегі біздің заманымызға дейін жеткені қайсы? (Пирамидалар).
6. Дене массасының оның жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама. (Импульс).
7. 5 минутта қанша секунд бар? (300).
8. Денелердің өзара әсерінің шамасы не? (Күш).
9. Жұмсалған энергияның өлшем бірлігі (Джоуль)
10. Абсолют температура қандай шкала бойынша анықталады? (Кельвин шкаласы)
11. Атом құрамына енетін теріс зарядталған бөлшек қалай аталады? (Электрон)
12. Гелийдің Менделеев кестесіндегі реттік саны қанша? (2)

Сайысты қорытындылау.
Жүргізуші: Ендігі сөз кезегі бақылаушыларға беріледі. Сайыстың өту реті, әр команданың сайысқа қатысуы және сайыста әр топтың жинаған ұпай сандары бойынша алған орындары жайлы айтып өтсеңіздер.
Сөз әділқазылар мүшелеріне беріледі.
Сайыс соңында әр топ жинаған ұпай сандары бойынша алған орындарын көрсетуші төс алқалар және мақтау қағаздарымен марапатталады.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымыз аяқталды. Барлықтарыңызға тамашалағандарыңыз үшін рахмет айтамын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 225
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар
Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауылы "Түркістан" жалпы орта мектебі" коммуналдық мектебінің география пәні мұғалімі Нәлібаева Бақтыгүл
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Серікова Назерке Рымбекқызы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "Құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны физика, информатика, электротехника пәндері оқытушысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×