Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)

04 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Айтыс өнері арқылы оқушыларды суырып салмалыққа баулу, музыканың, поэзияның, аспаптық музыканың өзара байланысы жөнінде білімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Бүгінгі егеменді еліміздің болашағын көркейтуге ат салысуға шақыру. Ата - бабаларымыздың өсиеті қадір тұтуға, айтыс өнері арқылы әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді сыйлауға баулу.
Дамытушылық: Өз ойын кең, мазмұндап жеткізе білуге үйрету.
Көрнекілік құралдар: газет - журналдар

Барысы:
Кіріспе
Мақал - мәтел - ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді.
Мақал - мәтелдің тәрбиелік мәні зор рухани байлық.

Мақал мәтел туралы анықтама.
Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

Мақалдың соңын жалғастыру, мағынасын ашу.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

Оқы да біл,
Ойна да күл.

Оқу білім азығы,
Білім ырыс қазығы.

Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.

Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

Бізге қонаққа келген ақындар мен айтыскерлерді қарсы алып, сый - құрмет көрсетейік.
Айтыс - оқу - білім, еңбек және жұмбақ туралы болмақ.
Айтыс деген айтысу деген сөзінен шыққан. Айтыс қара сөзбен де күй тарту арқылы суырып салма өлең түрінде де болуы мүмкін.

Атақты айтыскер ақындар - Жамбыл, Құлмамбет, Шашубай, Біржан, Саралар болса, қазіргі кезде шығып жүрген майталман ақындар Аманжол, Әселхан, Айнұр, Мұхамеджан, Ринат, Айтақындар тағы басқа көптеген ақындар бар.
Айтыстың бірнеше түрі бар:
1. Ақындар айтысы
2. Мысал айтыс
3. Жар - жар айтысы
4. Бәдік айтыс
5. Оқушылар айтысы
6. Мақал - мәтел айтысы
7. Жұмбақ айтыс

Сонымен, бүгінгі айтысымыз мақал - мәтел айтысы деп аталады. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» деп аталуының да себебі осында жатыр. Ойынның түрі сайыс түрінде өтпек.
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Айтыскерлерді қарсы алып,
Інжу - маржан шашайық.
Енді айтыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Әр сыныптан бір - бір оқушы шығады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 061
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1001 мақал, 101 жұмбақ
1001 мақал, 101 жұмбақ
Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға
Мың бір мақал
Мың бір мақал
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылы, №73 орта мектепте математика және информатика пәні мұғалімі Сайлыбай Қазыгүл Сайлыбайқызы
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Алға мектеп - бақшасы Нугманова Гаухар Тлеубаевна
Мақал - сөздің мәйегі
Мақал - сөздің мәйегі
Сабақтың мақсаты: Мақал - мәтелдердің мағынасын ұғынуға, олардың айырмашылығын айыра білуге үйрету. Сөз қорын молайтып, ақыл - ойын дамыту
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Бастауыш сынып мұғалімі: Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×