Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяулы менің - анашым!

14 ақпан 2023, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Аяулы менің - анашым!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Міндеті:
1. Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу.
2. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту.
3. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі: "Ана" туралы нақыл сөздер, суреттер, сөзжұмбақ

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің алғы сөзі:
Ана дегеніміз - әлемнің жан - дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Анамызға деген көңіліміз, мейіріміз ұшан - теңіз.
Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілей отырып 1"Б" сынып оқушыларының "Аяулы менің - анашым" атты мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз
Ұланыңды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
2 - жүргізуші: Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!

"Ана туралы жыр" хор
1 - оқушы: Бәрімізге анасың, -
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
2 - оқушы: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
3 - оқушы Еркелеткен өзің анам
Құшағыңды жайдың маған.
Кеше біздер бала едік,
Өсіп қалыппыз енді анам!
4 - оқушы: Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
5 - оқушы: Біліп тұрсың, жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның!
"Ана біздің гүліміз" хор

1 - жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған
2 - жүргізуші: Сондықтан құрметті асыл аналар, өздеріңізге арнау - өлеңдерді қабыл алыңыздар.
1 - оқушы: Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған
"Алтыным" деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам!
2 - оқушы: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам,
Аяулы менің ақ мамам!
3 - оқушы: Мақтаныңдар, аналар,-
Қыздардан батыр, дана бар.
Әлем сүйген батырлар -
Әлия мен Мәншүкте!
4 - оқушы: Ана - көркі көгімнің
Ана - нұры жерімнің.
Ана - бағы баланың
Мақтанышы елімнің.
1 - жүргізуші: Қыздарды көрсем бір түрлі,
Өзімнен - өзім мұңданам.
Тоймайды көзім жүз көрсем,
Жайқалған менің гүлдерім.
2 - жүргізуші: Мың бұрала билейтін қыздарымыздың "Айгөлек" биін тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші: Ол саған бәрінен де қымбат. Сен үшін ол - жақының, досың ұстазың. Сондықтан да сен бір - ақ адамды білесің. Ол - ана!
2 - жүргізуші: Олай болса ана туралы мақал - мәтел айтайық.
1. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
3. Ердің анасы - елдің анасы.
4. Ағайын алтау - ана біреу.
5. Ана жақсылығын ауырсаң білесің.
6. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
Ән "Айналайын ақ мамам"

1 - жүргізуші: Келесі кезекте аналар пікір алмасады.
1. Балаңызға әкесі тәртіп шарасын қолданса, сіз араға түсесіз бе?
2. Ананың ақ сүтін ақтау дегенді қалай түсіндіресіз?
3. "Батамен ел көгереді " деген сөз бар. Бата берудің мәнісі неде деп ойлайсыз?
Бәрі хормен
Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
"Анаға сәлем" хор

Келесі кезекте "Ананың арқасы" атты көріністі тамашалаңыздар.
Оқушылар еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.
Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын - дей отырып сөз кезегін аналарға береміз.
Бүгінгі "Аяулы менің - анашым" атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы,
Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Бегасилова Меизкуль Туленовна
10 743
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Анашым
Анашым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №1 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Сарсенқызы Толқын
Мерекеңмен, Анашым!
Мерекеңмен, Анашым!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Аяулы менің анашым
Аяулы менің анашым
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×