Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаса, жайна Қазақстан!

04 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жаса, жайна Қазақстан!
Мақсаты: Отанымыздың тарихын білуге, елін, жерін сүюге, тәуелсіздікті бағалай білуге тәрбиелеу.

Ең Бірінші бақытым – халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім күшті, десе біреу, Отан дер ем!
/М. Мақатаев./
- Балалар, бүгінгі «Жаса, жайна Қазақстан!»атты кешімізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан бастайық.
Хор. Әнұран.
- Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.
Сұрақ: Қазақстан қандай мемлекет?
Жауап: Қазақстан Республикасы – халықтың өзі басқаратын демократиялық, зайырлы, біртұтас президенттік басқару нысанындағы мемлекет.
Сұрақ: Еліміз тәуелсіздікке қашан қол жеткізді?
Жауап: 1991жылдың 16желтоқсанда «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заңы шықты. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүниежүзіне әйгілеген аса қасиетті құжат. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай өз бетінше өмір сүріп келеді.
Сұрақ: Жерінің аумағы қандай?
Жауап: Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрылықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігіне орналасқан ел. Жайық өзені Европа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Жерінің аумағы жөнінен ол дүниежүзінде 9 - орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады.
Сұрақ: Мемлекеттік тілі қандай?
Жауап: Мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Сұрақ: ҚР Президенті кім?
Жауап: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Н. Ә. Назарбаев.
Оның еліміз бен халқымыздың алдында сіңірген еңбегі орасан. Оның басшылығы кезінде халқымыз азаттық алып, егеменділікке, одан тәуелсіздікке қол жеткізді.

1 - оқушы: «Тұңғыш Президент.» /Т. Молдағалиев./
Шықты тарап ой данадан,
Бетқарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс тартты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін
Арқалаған ардағым ол.
Сұрақ: ҚР Мемлекеттік Рәміздерін атаңдар.
Жауап: ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне халқымыздың тұтастығын бейнелейтін Ту, Елтаңба және Әнұран жатады.

2 - оқушы: «Елтаңба». Т. Молдағалиев.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жал сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Қара шаңырақ - ел күні
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы – елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 691
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш бақытым
Үш бақытым
Оқушыларға өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ана тілімізді құрметтеу керек екендігін түсіндіру. Баланың сөз байлығын дамыта отырып, тіліміздің сөз мағыналарының түрлілігіне көңіл аударту.
Тілдер күніне арналған «Ойлы болсаң, озып көр» интеллектуалдық ойын
Тілдер күніне арналған «Ойлы болсаң, озып көр» интеллектуалдық ойын
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Ертеңгі бақытты болашақ!
Ертеңгі бақытты болашақ!
Отанды қорғауға, құрметтеуге, ана сүтімен дарығын қасиетті ана тілін сүюге, қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, талмай білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Рәміздерім, мақтанышым!
Рәміздерім, мақтанышым!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі: Берикова Бақытгүл
Қазақстан - біздің Отанымыз
Қазақстан - біздің Отанымыз
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №7 орта мектеп Айнура Жармуханбетова
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×