Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертеңгі бақытты болашақ!

08 қазан 2016, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты 2 сынып

Тақырыбы: «Ертеңгі бақытты болашақ!»
Мақсаты: Отан, ана тілі, отбасы, мектеп жайлы білімдерін толықтыру.
Отанды қорғауға, құрметтеуге, ана сүтімен дарығын қасиетті ана тілін сүюге, қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, талмай білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ертеңгі бақытты болашақ!»атты плакат, суреттер, нақыл сөздер.

Жүргізуші:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар! 2 «а» сынып оқушыларының дайындаған «Ертеңгі бақытты болашақ!» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

Хор: әнұран
Мұғалім: Шұғыла, сен өзіңді не үшін бақытты балдырғанмын деп ойлайсың?
Оқушы: - Иә, мен өзімді бақытты деп санайтын себебім, өйткені менің сүйікті Отаным, қасиетті ана тілім, ардақты да аяулым ата - анам бар. Ал осының бәрін сүйіп ардақтай білуді маған алтын ұя мектебім мен ұстаздарым үйретті.
Мұғалім: Олай болса, осы сұраққа сендер қалай жауап берер едіңдер?
1 - Оқушы:
Ең бірінші бақытым халқым менің,
Соған берер ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
2 – оқушы:
Ал екінші бақытым тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
3 – оқушы:
Бақытым бар үшінші Отан деген,
Құдай деген кім десе Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Хор «Отан»

4 – оқушы:
«Отан» дегеніміз – төрт әріптен тұратын сөз. Осыны айтқан кезде қазақ тілін білетін кез келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді.
6 – оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
7 – оқушы:
Отаным менің кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақстан?!
8 - оқушы:
О, Отаным құлыгыңмын қойныңда,
Өзіңмен өмірім өзің де балаң ойым да.
Болашағың күлімдеген ертеңгі
Отан – Ана мына менің мойнымда.

Ән: «Көк тудың желбірегені»
Орындаушылар: Нұржігіт, Қуаныш, Ақтілек, Саламат

9 – оқушы:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Оқушы:
Біз – бақытты балдырғанбыз. Өйткені біздің ана сүтімен тараған қасиетті ана тіліміз бар. Ана сүтімен дарыған ана тіліңді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз ана тілімізді ешқашан ұмытпаймыз.
Жүргізуші:
Біз бақытты балдырғанбыз. Өйткені бізді осындай дәрежеге жеткізіп, мәпелеп, аялап өсірген аяулы ата – аналарымыз, ата – әжелеріміз бар. Сондықтан, біздің ата – анаға, ата – әжеге деген алғысымыз мәңгі, шексіз.
Оқушы:
Бастадым сөзімді ана деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиып,
Дүниенің ардақтысы анам екен.

Оқушы: Аман бол, өр тұлғалы әкелерім,
Қыран құстай болашағым мәпелеген.
Бүгін міне өз өнерін көрсетеді
Азамат боп кешегі сәби еркелерің.

Ән: «Ананың тілі»
Орындайтындар: Нұржігіт, Қуаныш

Оқушы:
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап,
Құмарымды тарқатам,
Жер мен көкті аралап.
Ертегілер еліне біршегетін сапарды
Ардақтаймын өмірде асқар таудай атамды.

Оқушы:
Ертігісі, өзінің, таусылмайды не түрлі,
Әжімдерді көзінің, ақ мейірім секілді,
Кимешегін, жаулығын, теңеп аппақ гүлге мен
Әжемнің денсаулығын тілеп жүрем күнде мен.

Көрініс: «Атасы мен немересі»

Жүргізуші:
Ал біз келешекте өміріміздің шамшырағы болатын өнер – білімді үйретіп жатқан алтын ұя мектебімізбен аяулы ұстаздарымыздың арқасында өзімізді бақытты балдырған деп санаймыз.
Жүргізуші:
Аялаған баптаған,
Асыраған, сақтаған,
Сақтандырып күнде еппен
Мектебіме мың алғыс!
Мектебіме мың алғыс!

Ән «Мектебім»
Орындаушы: Шұғыла, Әнел

Жүргізуші:
Тыныштық баршамыздың ұранымыз
Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Хор: «Атамекен»
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!
4 573
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, бастауыш сынып!
Қош бол, бастауыш сынып!
Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан - жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Қош бол, балғын балалық!
Қош бол, балғын балалық!
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Жолың болсын, жасұлан!
Жолың болсын, жасұлан!
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы №1 «Қарлығаш» балабақшасының би маманы: Зайнова Қамажай Тәрбиешілері: Жолдыбаева Сәнім Сабырқызы Мусина Қоңырша Тұқпашқызы
Елімнің ертеңгі иесі - біз" атты ән минусовкасымен
Елімнің ертеңгі иесі - біз" атты ән минусовкасымен
Елімнің ертеңгі иесі - біз" атты ән минусовкасымен Сөзін жазған: Еспенбетова Загира Музыкасын жазған: Еспенбетова Ақзира
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігі
Бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бегайдарова Лейле Айдосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×