Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік тұғыры биікте

11 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
16 желтоқсанға орай желтоқсан құрбандарын еске алу.

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биікте»
Мақсаты: Оқушылардың қабілеттерін, білімдерін салыстыра отырып тәуелсіздіктің қиын - қыстау кездерін еске түсіру арқылы елін, жерін, отанын сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Көрініс
Көрнекілік: Слайдтар, плакаттар. т. б.
Ұйымдастыру: Сәлеметсіздер ме қадірлі көрермен қауым ата - аналар. Сіздердің алдарыңызда 2 «А»сынып оқушыларының тәуелсіздік тұғырына қалай қол жеткізгеніміз туралы көріп тамашалайсыздар.
Көшпенділер слайды:
Тақпақ:
І - оқушы: Абылай замананы батырлар заманы
Найзаның ұшымен қылыштың жүзіммен қасық қаны тамғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар
аманатын жалғастырған боздақтар қаншама?
ІІ - оқушы: Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырда,
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.
ІІІ - оқушы: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік.
Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін
Кімдер бас тігіп құрбан болмады.

І - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Қадірлі көрермендер,Сіздермен бірге желтоқсан оқиғасының куәгері Күзембаев Қайырғали аға.
- Иә аға бұл күнге жету үшін ата - бабаларымыз қаны мен жанын берген. 200
Жыл бұрын патшалы Ресейдің құрамында болдық. 70 жыл бойы әміршіл - әкімшіл үкімет үстемдік етті. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылды еске түсіріп көрейікші.
Көрініс: Қолдарында «Қазақстан жасасын!», «Әр Республикаға - өз басшы!», «Дербестік талап етеміз!»- деген ұрандары бар плакаттары.
Дыбыстар: Естідіңдер ме?.. Бұл не масқара..., Неге халықпен санаспайды..., Қашанғы шыдаймыз...

Ербол Спатаев: Демократияны бұғаудан шығарып босатыңдар, әр елге өз басшысы керек.
Ләззат: Сүймейтұғын болдық қой күймей ғұмыр.
Көленке күннен де тимейді нұр,
Колбин деген кім қайдан келген
- Уа сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тақпақ:
ІҮ - оқушы: Қаһарман қыз – Ләззат қыз

Ү - оқушы: Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Толған еді он алтыға не бары.
ҮІ - оқушы: Азаптады қарақшылар қан құйлы,
Қазақ қыздар қорлық көрді сан қырлы,
Арпалысып теңдігі үшін қазақтың,
Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.
ҮІІ - оқушы: Ел үшін ерлігімен елеке,
Абырой мен атағына бөлене,
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
ҮІІІ - оқушы: Қаһарман қыз ғажап қыз,
Ұрандады Ләззат қыз,
Біз қазақпыз қазақпыз!
Өмір керек азапсыз,
Ел боламыз егемен,
Сонда ғана азатпыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 046
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз елім – Қазақстаным!
Тәуелсіз елім – Қазақстаным!
Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік - тұғырым
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі студенті Батыр Нұрайым Садуахасқызы
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Махамбетова А.
Тәуелсіздік – тұғыры
Тәуелсіздік – тұғыры
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матина Жанар Ескендровна
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы
Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Тәрбиеші: Төреханова Г.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×