Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата заңым аялайды елімді

25 тамыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы. Ата заңым аялайды елімді.
Мақсаты. Оқушыларға ҚР конституциясы туралы терең білім беру. Жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды ұлтжандылыққа баулып құқықтық тәрбие беру.

Көрнекілігі. ҚР - заңының баптары.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру
Сыныпты екі топқа бөлу.
Бірінші топ”Азамат’’
Екінші топ’Болашақ
1993 жылы қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қабылданды. Еліміздің Президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау қажет болды.
1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдум өткізіліп, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Биыл Ата заңның қабылданғанына 16 жыл толып отыр.
Конститутция 9болім, 98 баптан тұрады Қазіргі таңда заңға бірнеше мәрте толықтырулар. мен өзгертулер енгізілген. Кез - келген азамат еліміздің негізгі заңы - Конститутцияны міндетті түрде оқып - танысып, керек баптарын жатқа білуі тиіс.

1 - оқушы: Ата заң.
Әділдікпен басталсын деп атқан таң,
Ата - бабам келе жатыр сақтап заң
Қасым ханның қасқа жолы бас болып
Тәуке ханның жарғылары сақталған.
Билер шешіп ақ пен қара арасын,
Жапқызбаған жамандықтың жаласын.
Заң деген бар біздегі асыл қасиет,
Ата заңым таң нұрындай таралған,

2 - оқушы: Бақыт құсы қонған күн.
Тойла - тойла, қазағым, мерекеңді,
Қуанышқа кенеген бейбіт елді.
Құтты болсын туған күні Ата заңның,
Мерейлі мерекесі, берекелі,
Бақыттысың, қазағым, бақыттысың,
Көк әлемге ұшыршы бақыт құсын.
Мерекелі күнінде Ата заңның
Ел тілегін әлемге алып ұшсын.
Заң ортасы орнаған Астанаң бар,
Көрген жанды көркімен таң қалдырар.
Ертеңді ойлап салдырған Ел ағасы,
Игілігін көрсін деп жас ұрпақтар.

3 - оқушы. Конститутция - ерікті елдің құқы.
Конституция - ерікті елдің құқы,
Адам құқы, алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан - жақты дәйектелген,
Конституция – алтын заң, елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайды мұны бар достар бүгін.

Сайыстың өтілуі.
1. Сұрақ - жауап сайысы.
2. Тіл - өнер.
3. Ұғымдар сөйлейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 770
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Ата заң – алтын діңгегім!
Ата заң – алтын діңгегім!
Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
30 тамыз - Конституция күні мемлекеттік мереке!
30 тамыз - Конституция күні мемлекеттік мереке!
ҚР Заңына сәйкес, 30 тамызда тойланатын ҚР Конституция күні мемлекеттік мейрам болып саналады. Еңбек заңнамасына сәйкес, бұл күні халық демалады.
Ардың шыңы - Ата Заң
Ардың шыңы - Ата Заң
Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?
Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×