Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Діни экстремизмның алдын алу

13 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Діни экстремизмнің алдын алу
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру;
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар, слайд суреттер, плакаттар.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
1. Қазіргі әлемдегі діни экстремизм мен терроризм, оны болдырмаудың қажеттілігі, діни төзімділік пен ұлтаралық келісімді сақтау мәселелері, қазіргі таңдағы ислам дініне жат ағымдар, олардың қазақ халқының діни танымын әсері жөнінде мағлұмат беру;
2. Оқушылардың өз ойларын еркін айтуға, өз көзқарасын нақты аргументтер арқылы дәлелдеуге дағдыландыру;
3. Оқушыларды әділдікке, адамгершілікке, Қазақстан Республикасын құрметтеуге, адал болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Діни экстремизмнің алдын алу» атты 8 сынып дайындаған дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар. Жарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.
Қасиетті дініміз сонау пайғамбарымыз Мұхаммед заманынан бері ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны мәлім. Қазіргі таңда әлемде Аллах Тағаланың рахымымен исламның қарқынды дамуы және мұсылмандар санының арта түсуі байқалады. Әрине, бұл бізді қуантады.
Алайда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім – соңғы кездері түрлі топтармен жұртты алдап, соңынан ертіп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.
Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде басқа бір себеппен ба, секталарға кіру. Бүгінгі «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.
1 - жүргізуші:
- Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді. Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік.
2 - жүргізуші:
- Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі. Сонымен экстремизм дегеніміз не? Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады.
1 - жүргізуші:
- Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал. Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 791
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды.
Терроризм және діни экстремизм
Терроризм және діни экстремизм
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі
Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінің М.Әуезов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Утепкалиева Гулсара
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің қауіп қатері
Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің қауіп қатері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Тұрар Рысқұлов гимназия мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шукурбекова Сауле Боранбековна "Үздік презентация" номинациясы бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×