Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Поэзия! Менімен егіз бе едің?!

23 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Поэзия! Менімен егіз бе едің?!»
(Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби – сазды кеш)

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
Кешті жабдықтау: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған слайд, көрме, буклет, ақын туралы пікірлер жазылған плакаттар.
«Арыз жазып кетейін» өлеңі ( үнтаспадан ойналып тұрады)

1 - жүргізуші: - Иә, болашаққа қара өлеңмен арыз жазып кеткен хас талант ақынның өлеңі ғой бұл.
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім!

2 - жүргізуші: - Қазақ поэзиясының аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап өткен біртуар ақын Мұқағали Мақатаев бүгін – 9 ақпанда 80 жасқа толады. Құдіретті поэзияның хас қалаушысы атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күнін неге тойламасқа?!

1 - жүргізуші: - Өзі тебіреніп жырлап өткен Қарасаз өңірінде, құнарлы топырақта, қасиетті мекенде 1931 жылдың ақ қыраулы ақпан айында Мұхамедқали дүниеге келген екен.

2 - жүргізуші: Сол кезде аупарткомда өзінің білімімен, адамгершілігімен көпке үлгі болып жүрген Мұхамедқали есімді жігіт болыпты. Сол жігіттей еліне елеулі азамат болсын деп бұл есімді нағашысы қойған. Жеңгелері пайғамбардың аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп, оны Мұқағали деп атап кеткен екен. Ақынның өзі де есейген шағында: Бұл есімнің қадір - қасиетін түсініп, алып жүре алам ба?! Бұдан да Мұқағали болып қалғаным дұрыс шығар» деп құжатқа да осылай жаздырып алған дейді. Енді Мұқағали атаның өзіне сөз берейік.
Мұқағали: «Менің анкетам...»

1 - жүргізуші: - Сәби болғыңыз келе ме?
Ақын: Сәби болғым келеді жаңа туған,
Мына өмірге кіршіксіз жаратылған.
Ән: «Сәби болғым келеді».

2 - жүргізуші: - Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті. Тиын әжесі мейірлі, кісілігі мол, адуынды да бола білетін адам еді. Әжесіне арнап ақын өлең жазды да, Нұрғиса Тілендиевтен ән жазуды сұрады. Ән тамаша болып шықты. Әжем, ұлы әжем, еңбегің ақталды» деп қатты қуанды, қуанып тұрып жылады да.
Ән: «Сөнбейді, әже, шырағың».

1 - жүргізуші: - Сахнаға Мұқағали ағамен 10 жыл бірге оқыған әрі досы, әрі туысы Әбдіке Асновты шақырамыз.
(Әбдіке Асанов рөлінде оқушы).
Әбдіке ата, Мұқағали ағаға қатысты мектеп өмірінен қандай естелік айтар едіңіз? Мұқағали аға мектепте қалай оқыған?
Әбдіке Асанов: Мұқағали өте зерек, алғыр болатын. Мектептің қабырға газетінде жаман оқитын балаларды «Тасбақаға», ал жақсы оқитын оқушыларды «Ұшаққа» мінгізіп, суреттерін салып, астына атарын жазып қоятын. Біз сол «Ұшақтан» түспестен мақтау қағазымен бітіріп шықтық.
2 - жүргізуші: - Мұқағали ағаның бала кездегі мінез - құлқы, тәртібі қандай болды?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 667
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев
Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы Марат Қаниев Амандықұлы
Бүгін менің туған күнім!
Бүгін менің туған күнім!
Дайындаған: Ақпейіл Курманбаева
Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, оқушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау және «ҚР - дағы Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру.
Поэзия, менімен егіз бе едің?... (9 сыныбында өткен поэзия кеші)
Поэзия, менімен егіз бе едің?... (9 сыныбында өткен поэзия кеші)
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы, С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жамауова Алтынжан
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...»  (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек (поэзия кеші)
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек (поэзия кеші)
Айна Адамбаева «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» (поэзия кеші)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×