Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Қазақстаным!

07 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақ тақырыбы: «Менің Қазақстаным!»
Мақсаты:
1. Тәрбиелік мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
2. Білімділік мақсат: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы туралы түсініктерін молайту.
3. Дамытушылық мақсат: Балалардың ой – өрісін, шығармашылық қаблеттерін дамытуға, тіл байлықтарын, сөздік қорын молайтуға, Отанына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға жағдай жасау.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, слайдпен жұмыс, мәнерлеп өлең оқу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ, Жаңа сабақ.
Сабақ көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, буклеттер.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесіп, орындарына отырғызу. Гимн айтқызу. Тәрбие сағатын бастамас бұрын, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып алайық.
- Балалар, біз қандай Республикада өмір сүреміз?
- Қазақстан Республикасы.
- Иә, өте дұрыс, біз Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатырмыз.: Қазақстан Республикасы біздің - Отанымыз. Сонымен бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Менің Қазақстаным!».

II. Негізгі кезең:
- Балалар мынау біздің Қазақстан Республикамыз. Оны сендер картадан көріп тұрсыңдар. Онда көптеген әдемі, үлкен – үлкен қалалар бар. Балалар біздің еліміздің бас қаласы қай қала? Кім біледі?
- Астана қаласы.
- Өте дұрыс, Астана қандай қала?
- Үлкен, әдемі қала.
- Астанада қандай үйлер. Көшелер, ғимараттар бар?
- Астанада биік – биік үйлер, ұзын көшелер, Бәйтерек бар.
- Иә, мен сендерге енді осы Бәйтерек жайлы ертегі айтып берейін.... Ертеде самұрық деген құс болыпты. Самұрық құс жылына бір рет қана жұмыртқалайды. Жұмыртқасы алтын екен. Самұрық құс дүниеде сирек кездесетін ағаш “бәйтерек” ағашына барып, жұмыртқалайды. Осы алтын жұмыртқасы бар бәйтерек ағашын көрген адамның жолы болады, бақытты өмір сүреді, тірегі, таянышы болады, - деген аңыз бар.
- Астанадан басқа тағы қандай қалаларды білесіңдер?
- Семей, Өскемен, Алматы, Павлодар, Қарағанды, т. б. Біз өзіміз осы: Қазақстан Республикасының қай жерінде тұрамыз?
- Маралды да.
- Иә өте жақсы. Маралды ауылы әдемі ауыл.: Қазақстан Республикасының елбасы кім?
- Н. А. Назарбаев.
- Иә өте дұрыс, (суретпен жұмыс) Н. А. Назарбаев атамыз - біздің елбасымыз болып, 1991ж 1 желтоқсанда сайланды. Атамыздың: Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі өте зор.: Қазақстан Республикасы Н. А. Назарбаев атамыздың арқасында өте көп жетістіктерге жетті. Отанымыз көркейіп, ең әдемі елдер қатарына қосылды.: Қазақстан Республикасының өзінің мемлекеттік рәміздері бар. Тәуелсіздік жолында, 1992ж 4маусымда: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Мемлекеттік рәміздерге – ту, елтаңба, гимн жатады.
(Суретпен жұмыс)
- Тудың түсі қандай?
- Көгілдір.
- Туда ненің суреттері бейнеленген.
- Күн, бүркіт, ою.
Көгілдір түс – ашық аспанды аңғартады. Бұлтсыз көк аспан - бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны болған. Нұрға малынған алтын күн – тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп – өркендеудің белгісі. Қанатын жайған қыран құс – билік, айбындылық бейнесі. Қыран –: Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш, қазақ халқының жан – дүниесінің кеңдігін паш етеді.
- Елтаңба -: Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі.
- Қазақстанда кімдер тұрады?
- Қазақстанда 131 ден аса ұлттар тұрады. Олар: қазақ, орыс, татар, неміс, ұйғыр, өзбек, т. б.
- Өте жақсы балалар, енді шаршағанымызды басып, сергіту сәтін жасап жіберейік.
Сергіту сәті:

III. Қорытындылау:
- Бүгін біз сабақта көп нәрсе білдік
- Сонымен біздің Отанымыз -: Қазақстан Республикасы.
- Бас қаласы: Астана.
- Елбасымыз: Н. А. Назарбаев.
- Мемлекеттік рәміздеріміз: ту елтаңба, гимн.
- Бүгін сабағымыздың қорытындысы ретінде, Отан, Елбасы, Рәміздер жайлы тақпақ айтып беріңдерші.

1. Балым. Б: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнін туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік.
Ғасырдың тойы болшы, келе берер!

2. Інжу: Менің елім алып ел
Бақша да бар, бау да бар
Бара ғой онда бәріде
Орман да бар, тау да бар.

3. Балнұр: Өзен де бар көл де бар
Теңіз де бар шөл де бар
Алан құс пен, аңы бар
Алып елді танып ал

4. Ерсін: Таңдай қаққан шартарап,
Көк туымдай бар ма бақ?
Қыран самғап барады,
Күнді иыққа арқалап.

5. Толғанай: Тәуелсіздік - тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы.
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,
Күмбез көкте желбірейді көк байрағы

6. Аяулым: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі

7. Айым: Ақ ниетті – алтын күн
Асқақ арман – қыраны
Жалауы бұл халқымның
Мәртебісі, ту ары.

8. Шолпан: Ақ Ордам, менің Астанам
Еңсесі биік басқадан.
Көркейеді күн санап,
Арқа төсі жас қалам.
9. Тәрбиеші: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен
Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр - әнім
Самғап жүрсек бостандықта биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Тақта алдына жиналып, «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңін айтқызу.
7 352
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
ашық сабақ жоспары беріледі. мұғалімдерге көмек ретінде
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Тәуелсіздік ел – тірегі!
Тәуелсіздік ел – тірегі!
Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×