Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллинге 129 жыл «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» әдеби кеш

09 қазан 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сәкен Сейфуллинге 129 жыл «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» әдеби кеш

Кештің мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: С. Сейфуллиннің суреті, слайд, плакаттар, шарлар.
Шашу биі

1 - жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер - коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 129 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары атты» әдеби кешімізге қош келдіңіздер.

2 - жүргізуші:
Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын - жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз - ақ. Бірақ қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда 20 - сыншы ғасырда кенже қалған емес. Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады. Қандай марғасқа, жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол кезеңде. Әр адамның өз келбеті, өз жан - дүниесі болады.

1 - жүргізуші:
Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын. Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп, талай дүниелер дүниеге келді. Соғыстың да ащы дәмін татып, бала оқытуды да меңгерген ірі ұстаз өмірінің соңғы кезіне дейін құдіретті ақындық өнердің жүректе жатқан шырағын сөндірген емес. Жаңалыққа толы қым - қуыт жиырмасыншы ғасыр өмір майданына, өмір жағалауына таңдаулыларды өзі шығарып тастап отырды. Жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Дәл осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, мектебіміздің Сәкен есімімен аталуының өзі, шығармалары, өлеңдері бізбен бірге.
1 - жүргізуші: Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын. Өзінің бар өнерін халық мақсатына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның дауылпазы болды. Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек.

2 - жүргізуші:
Атыңнан айналайын қайран Сәкен,
Ұмытпан демім бар да тұлғаңды әсем.
Ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастаған,
«Тар жолда, тайғақ кешіп болдың көсем»- деп Сәбит Мұқанұлы жырлағандай, С. Сейфуллин ұрпақтарға ұлан - ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға аян.

1 - оқушы: Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазан айының 15 - інде Ақмола уезіне қарасты Нілді болысында (қазіргі Жезқазған облысы Ағадыр ауданы) көшпелі кедей шаруасының семьясында туған. Сәкен Сейфуллин – қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері. Оның есімі халық арасына революция жылдары және одан кейінгі кезеңде кеңінен тарады. Ол қазақ ақындарының ішінде бірінші болып революцияны жырлады, Совет өкіметі үшін күреске белсене қатысты.

2 - оқушы: Табиғаттың дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрынды, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.

3 - оқушы: 1937 - 1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С. Сейфуллин нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығынға душар етті.

4 - оқушы: Дәл осы кезде де өз басына қауіп - қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі - осы Сәкен Сейфуллин еді. Сейфуллинді НКВД 1937 жылғы қыркүйектің 24 - інде тұтқынға алып, 1938 жылғы ақпанның 25 - інде атып тастады.

Көрініс:
Сәкеннің монологы

1 - Жүргізуші:
Таудағы тасқындаған ағын судай,
Өлеңім басталады таудан ұдай,
Әсемін әңгіменің көп таратқан,
Айтылмай қалған екен тау мынадай:

2 - жүргізуші:
Көк орман, көркем тоғай маужыраған,
Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.
Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас
Төгіліп көк жиекке саудыраған, - деп Сәкен жырлағандай, келесі кезекте табиғат, туған жер жайлы жазылған өлеңдерінен жыр шумақтарын тыңдайық.
(Оқушылар сахнаға шығып, жыр шумақтарын оқиды.)

Жамбыл облысы, Шу қаласы,
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ильясова Рахила Имангалиевна

Толық нұсқасын жүктеу
38 603
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР - інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны
Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
31 мамыр – Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне. Үш бәйтерек – үш ғұмыр
31 мамыр – Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне. Үш бәйтерек – үш ғұмыр
Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз қазақ халқының “Үш бәйтерегі” – көп ұлтты кеңес әдебиетінің негізін салушы, Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер - коммунист Сәкен Сейфуллинге, Қазақ кеңес әдебиетінің ірге тасын
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин жырының ішкі сезімін сезіп, сым кернесін шертетін сырын дәлелдеп, талдауға, өз ойын еркін жеткізуі тиіс.
Сәкен Сейфуллин "Наурыз"
Сәкен Сейфуллин "Наурыз"
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Донецк селосы орыс мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақыт Зейнілғабиденқызы Шынбаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×