Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерлік пен елдіктің өшпес рухы

25 қазан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ерлік пен елдіктің өшпес рухы.

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың біртуар ұлы Исатай Тайманұлының өмірі, ерлік жолы туралы мол мағлұмат беру.
Кешегі өткен ұлы батырлардың істерін бүгінгі ұрпаққа үлгі - өнеге ете отырып, оқушылардың бойына ұлтжандылық, адамгершілік, батылдық сынды ізгі қасиеттерді дарыту.

Барысы:
- Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз 1836 - 1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлының өміріне арналады. Өзі үшін туып, ел үшін еңбек етуді аңсаған ер ұлдардың қиыннан тоят тілеп, қияға құлаш сермеулері, ел намысын, ер намысын аяққа бастырмау үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, жауымен арпалысып, жорық жолында өлетіндігіне - әр елдің тарихы, тарихи ерлердің өмірі айғақ.

І. Исатайдың балалық шағы.
Исатай 1791 жылы Тайсойған құмы, Тайман жалы бұйратында туған. Әкесі – Тайман, шешесінің есімі – Нағибала. Беріш тайпасының жайық руына жататын бұл әулет Ағатай батырдан бастап өздерін Жайықтың бетке ұстар бір атасы санайды.
Бірде атақты Саржала батыр сарбаздарымен жол жүріп келе жатып Тайман аулының үстінен түсіпті. Ойнап жатқан өзге балалар тұра қашқанда, 5 - 6 жасар Исатай бұқа боп өкіріп, әлгілердің өзіне топырақ боратады. Саржала Тайманға « Мына балаңнан үміт күтуге болар. Ғұмырыма жетіп ерлігін көре қалсам, үстімдегі сауыт - сайманымды сыйлармын», - дейді. Бірақ Саржала батыр Исатайдың ерлігін көре алған жоқ.

ІІ. «Досы жақсының, өзі де жақсы»
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Достық пен сертке беріктік – нар тұлғалы жау жүрек батырларға тән қасиет. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Махамбет бастан - аяқ қасында жүрген, жауымен жауласып, дауымен дауласып өлімге басын қиған Исатайдың қанды көйлек жолдасы. Бастарын ел үшін өлімге бірге байлап аттанған сарбаздардың достығы бұрын соңды болмаған достық еді. Исатайға сеніп, оны пір, әулие тұтпаса өлеңдердегі Исатай бейнесі осыншама күшті шықпас еді.
Оқушы: «Тайманның ұлы Исатай»

«... Тайманның ұлы Исатай
Ағайынның басы еді,
Алтын ердің қасы еді...»

ІІІ. «Ер қанаты – ат».
Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік.
Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаһарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс - айласы, кездігі — сұсы. Жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар, батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқа аты, бергі заман батырлары Амангелдінің Шалқасқасы, Исатайдың Ақтабаны иелерімен бірге жыр - аңызға айналып, ел құрметіне бөленген.
Ақтабан – азаттық жолында құрбан болған және тарихқа есімі жазылған тұлпар. Ақтабан ұшқан құсқа жеткізбес жүйрік болған. Исатай оны соғысқа арнайы жаратқан. Жұрттың көзіне түспесін деп бәйгеге де қоспаған көрінеді. Демек, ол – азаттық үшін туып, соның жолында құрбан болған тұлпар.
Оқушы: «Ақтабан»
... Мінгені Исатайдың ақтабан - ай,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны - ай.
Зеңбірек үш атқанда дарымады,
Құдайдың міне қара сақтағаны - ай!..

ІҮ. Көтеріліс! Бұл сөз ол кезде жоқта шығар? Қара қазақтың ұғымында, халықтың жалпақ тілінде бұл - Исатай батырдың Жәңгір ханмен жауласуы. Жауласудың басы не? Қазіргіше айтқанда көтерілістің басталу себебі не? Әрине тек қана Исатай мен Жәңгірдің бас араздығы емес. Бұның көптеген саяси - әлеуметтік себептері болды. Ең бастысы Еділ мен Жайықтың арасын жайлаған қазақтың шаруа ауылдарына Жәңгір ханның қоныстан қысым көрсетуі. Халық өзі Исатайды қолтығынан демеп, атқа отырғызды. Батырдың қыл шашақты туын қыр басына алып шықты. Хан жасағымен, патша әскерімен жыл жарымға созылған күрес басталды да кетті.
Бұл 1836 жыл еді.
 Көтерілістің шығу себептері:
 Хан озбырлығына шек қою
 Жер мәселесі
 Шаруалар жағдайы
 Көтерілістің салдары және маңызы:
Алым - салық жинауға шек қойылды
Оқушы: «Есіл ер»

1838 жылы 11 шілде күні Ойылдағы көтерілісшілер жатағы Ақшаттан шығып, Исатай 500 жігітімен Қиылға бет алды. Осы кезде қазақ - орыс әскері мен Баймағамбет жасағы шабуылға шықты. Зеңбіректен тынбай оқ атылып, шайқаста батырдың 19 жасар ұлы Оспан жарақатымен қоршауға түседі. Ұлын қоршаудан құтқарып алған Исатай оны Махамбетке тапсырып, өзі қуғыншылардың жолын бөгейді. Сол уақытта атына оқ тиген Исатай жаяу шайқасады. Алыс - жұлыс үстінде дулығасы шешілген батырға қарсыласының қылышы тиеді. Солай, ер Исатай 1838 жылдың 12 шілдесінде мерт болады. Тарихта бұл соғыс «Ақбұлақ соғысы» деген атпен қалды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды. Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт - азаттық сипаты басым болды.
Оқушы: «Мұнар күн»

Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған бас көтерулер болып өтті. Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым - салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.
Күй «Жұмыр қылыш»

Қорытынды: Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлтарақтай жер үшін шайқасты, сол бабаларымыздың аманатын іске асыратын – сендер. Исатай мен Махамбеттің Жәңгір ханға қарсы болуы, жауласуы, Хан ордасын шаппақ болған әрекеті - тарихи шындық. Көтерілістің шығуы да, жеңілуі де шындық және заңды. Тәуелсіз қазақ елінің мәңгілік болашағы тұрғысынан қолға ұстар ұранымыз – Исатай мен Махамбеттің жанкешті батырлық рухы. Қазақ ұлтының ұлтсыздануына жол бермеген ерен ерліктері ұлт есінен мәңгі өшпейді.
«Ел намысын ер қорғайды, Ер ерлігін ел қорғайды» деген мақал әрбір қазақ баласына айтылған бойтұмары болуы тиіс.
27 716
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан
Махамбет Өтемісұлы өлеңдері, өмірбаяны
Махамбет Өтемісұлы өлеңдері, өмірбаяны
Махамбет Өтемісұлы — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836 - 1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Махамбет - ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Махамбет - ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Нарын құмының Жасқұс жерінде туған.
Махамбет пен Жақия
Махамбет пен Жақия
Халқымыздың тарихынан тағылым беру. Патриоттық сезімін ояту. Батырлар туралы білетіндерін жетілдіру, кеңейту.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының еркіндік жолындағы күресі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының еркіндік жолындағы күресі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру
Ақтөбе қаласы, №41орта мектебінің 10 «а» класс оқушысы Ибадуллина Нұрлы Қалданқызы Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Сарсенова Написа Ысқаққызы
Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржаубаев Руслан Мулдабаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×