Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған!

08 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған!»
Мақсаты:
Ата - бабаларымыз еркіндікті аңсап, тәуелсіздікке жүрген ізі, тәуелсіздік ұғымын түсіну арқылы әр елдің, әр адамның ізгі адамгершілік, жоғары парасат, достық, ынтымақ – бірлік, бейбіт өмір, шат - шадыман, жарасымды тіршілік иесі екендігін, олардың игілікті қызмет етуі тиіс екендігі жас ұрпақтың санасына жеткізеді.
Тәуелсіздік күнінің Республика күнімен жалғасты, мазмұндас екенін ұғынады. Оқушылар елжандылық рухта тәрбиеленеді.
Көрнекілік: Еліміздің туы, елтаңбасы, шаңырақ. Тәуелсіздіктің сара жолына арналып жасалынған слайдтар.
І. Кіріспе: Мұғалімнің тәрбие сағаты туралы алғы сөзі.
Айдана «Менің Отаным»

ІІ. Негізі бөлім:
А) Қазақ халқының руға тайпаға бөлінуі
1. Қазақ халқының қалыптасу.
«Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған!»
Әрбір сауатты азамат тарихты білуі шарт, ол үшін алдымен өз халқының тарихын білу керек. содан кейін өз елінің, өзі тұрған мемлекеттің, оның халқының тарихын білу парыз.
Біздің мекендеген мемлекеттің жері Қазақстан деп аталады. Демек – Қазақ елі деген сөз. Сондықтан бұл жердің байырғы халқы да, иесі де – қазақтар.
Қазақ халқының қалыптасуы Қазақ жеріндегі пайда болған адамдар бірте - бірте руларға бірікті. Тілдері мен кәсіби ұқсас, қоныстары жақын рулар тайпа болып қалыптасты. Мұндай бірігу тілдері ортақтасып бір тілде сөйлеуге жағдай жасады. Халық ең алғаш мал өсірген, кейіннен егін шаруашылығымен айналысты. Тайпалар иен рулар арасындағы байланыс жақсара түсті. Бұл байланыстарға Үйсін, Қарлұқ, Керей, Маңғыт, Қоңырат, Қыпшақ, Найман, Арғын, Байұлы, Қыят, Күрлеуіт, Қаңлы, Әлімұлы, Албан, Суан, Дулат, Шапырашты т. б. рулар мен тайпалар негіз болды.

Ә) Қазақ хандары Қазақ хандығы қазақ халқының қалыптасуын одан
дәуірден басталып, 15 - ғасырда аяқталды.
Қазақ хандығының іргесін көтеріп, нығайтқан Жәнібек пен Керей. Олардан кейінгі хандар да Қазақ хандығын нығайтуға, рулар арасындағы талас - тартыстар мен дау - жанжалдары тоқталып, бірлікті күшейтуге, бүкіл қазақ жұртының басын қосуға әрекеттенді.
Қазақ хандығын күшті мемлекетке айналдырған әйгілі Қасым хан (1511 - 1523) тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен қалды. Одан кейін ыдырай бастаған қазақ мемлекетін қайта қалпына келтірген Ақназар хан (1538 - 1580) орыс мемлекетімен, Орта Азия халықтарымен байланыс, әсіресе сауда қатынасы жақсара түсті. Сауран, Түркістан қалаларын өзіне қаратты.
1598 - 1628 жылдар арасында Есім хан биледі. Ол ынтымақтастыққа, әдет ғұрыптарды сақтауға көп үлес қосты. Сондықтан «Есім салған ескі жол» деп аталды.
Тәуке хан 1680 - 1718 жылдары таққа келді. Қазақ заңдарының жиынтығы «Жеті жарғыны» жасады.
Осылайша 15 - ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы 18 - ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.
Қазақ биі «Әдемі - ай»

2. Қазақ елінің патшалығы Ресей қол астында
(18ғ - 1915)
А) Шапқыншылыққа қарсы азамат күресті ұйымдастырушылар
Әбілқайыр (1693 - 1748) – Кіші жүз ханы, қазақ жасақтарының қолбасшысы – Бас сардары. Күшімен, айласымен, батылдығымен шабуылды ұйымдастыра білумен даңқы шыққан. Қалмақ қырылған, Аңырақай шайқастарының батыры.
Абылай (1711 - 1781). Абылай ханның азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Кейін қашып жүрген кезінде Төле би оған Сабалақ деген ат қойған екен.
Абылай қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу жолдары көп ойлаған. Ол бүкіл үш жүзді басқарған хан және батыр.

Ә) Ұлт азаттық қозғалыс батырлары
Қазақ халқы Ресей патшалығының отаршылдық саясатына қарсы үздіксіз күресті. Олар: Сырым Датұлының басшылығымен 1783 - 1797 жылдардағы Кіші жүз шаруаларының көтерілісі. 1828 - 1829 жылдары болған Бөкей хандығындағы қозғалыс, 1836 - 1838 жылдары Исатай мен Махаббат Өтемісұлының басшылығымен болған шаруалар көтерілісі. 1837 - 1847 жылдары Кенесары Қасымұлының басшылығымен қозғалыс, 1842 жылғы Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысы, 1855 - 1858 жылдарындағы арал жағалауы қазақтарының отаршылдық езгіге қарсы көтерілді. 1856 жылғы Сырдарияның төменгі ағысы қазақтардың көтерілісі, 1869 жылғы Орал және Торғай облыстарындағы көтеріліс. 1870 жылы Маңғыстауда болған қозғалыс, т. б. Ал, 1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған ұлт - азаттық қозғалыс – қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінің шыңы болды.

Б) Ресей патшалығы жүргізген орыстану
ХІХ ғасырдың бас кезінде Ресейде 145 миллиондай халық болса, оның 70 млн орыстар еді. Халықтың жартысынан көбі ұлт аудандарының тәуелді, қаналушы, құқысыз адамдары болды. Ресей үлкен мемлекет болғанымен Еуропа мемлекеттерінен барлық жағынан артта қалды. Сондықтан мұнда қарапайым халықты, әсіресе шет аймақтардың еңбекшілерін қанау күшті болды. Осы орайда патша өкіметі қазақ жерін тартып алуы екі бағытта жүргізілді. Біріншіден – әскери бекіністер салу арқылы. Екінші – Қазақстанға басқа халықтарды қоныстандыру арқылы. Патша өкіметі қазақ жерін картаға түсіріп, қамал бекіністер салатын орындарды белгіледі. 16 ғасырдың аяғында қазақ жеріне қол салды. Тобыл (Томск), Омбы (Омск), Орынбор (Оренбург), Сарытау (Саратов) қалаларын тартып алды. Қазір де солардың иелігінде.
Орыстандырудың тағы бір бағыты – көне заманнан келе жатқан хан билігі, хан кеңесі, халық жиналысы сияқты басқару орындарын жою еді. Орыстандырудың тағы бір бағыты христиан емес халықтарды шоқындыру болды. Оларды орысша ойлауға, орыс адамындай сезінуге үйретті, өкінішке орай мұның сарқыншағы әлі мемлекетіміздің өз тілінде сөйлей алмауы.
Сәкен Сейфуллин «Жас қазақ марсельезасы»

3. 1916 ж. Ұлт – азаттық қозғалыс. Ақпан және қазан төңкерістері. Қазақстан КСРО құрамында (1922 - 1991)
А) Азаттық жолындағы күрестің бастаушылары мен жаршылары
Ресей патша үкіметінің, үстем таптың езгісіне, отаршылдыққа қарсы қозғалыстар күшейді. Мақсаты азаттық алу еді. Ол үшін патша үкіметін құлату керек болды. Осыдан келе революция жасау, төңкеріс жасау деген сөздер шыққан. Бұл қозғалыстарға түрлі партиялар басшылық етті. Солардың ішіндегі В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы еді.
1910 жылдан бастап Қазақстанда азаттық күрес өрлей түсіп, жаңа кезеңге енді. Бұған халықтың сана - сезімінің оянуы себеп болса, сол қозғалысты ұйымдастырушылар, бастаушылар, халықты қозғалысқа қатысуға үгіттеушілер қатары көбейді. Олар: А. Иманов,!. Жангелдин, Ғ. Талипов, Ә. Майкөтов, М. Масанчи, В. Куйбышев, А. А. Розыбакиева, М. В. Фрунзе, т. б. халықты күреске бастады. Ал А. Байтұрсынұлы, С. Торайғыров, С. Дөнентаев, М. Дулатов, С. Көбеев, М. Сералин, сынды көптеген ақын - жазушылар, ағартушылар еңбекшілерді теңдік, бостандық алуға шақырды. Олар азаттық жолындағы күрестің жаршылары болды.

Ә) Ресейдегі Ақпан және Қазан төңкерісіндегі Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Ресейдегі төңкерісте патша өкіметі қатысушыларды аяусыз қанағанымен күрес тоқтамады. Ленин бастаған большевиктер 1917 жылғы Ақпанның аяғында бүкіл Петербург ереуілге шықты. Жұмысшылар мен солдаттар патшаның министрлері мен генералдарын тұтқынға алды, полиция учаскелерін талқандады. Сөйтіп Ресейдегі екінші революция жеңді.
Ресей патшалығы құлаған күні Тоқаш Бокин мен оның сыбайластарына сот болып жатқан еді. Қазақ жерінде большевиктер наурыз айының 1918 жылы Тоқаш Бокин бастаған қарулы жауынгерлер Верный (қазіргі Алматы) қаласында билікті большевиктерге алып берді.
Қазақ АКСР – і РКФСР құрамында болғандықтан КСРО – ға біріктірілді

4. Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы (1941 - 1945)
А) Қазақстандықтардың ерлігі
1941 жылы Фашистік Германияның КСРО - ға соғыс ашты. Ол 5 жылға созылды. Бұл Ұлы Отан соғысы деп аталды. Мәскеу үшін шайқаста Қазақстандық 316 - атқыштар дивизиясы басшысы генерал - мойор И. В. Панфилов бастаған 28 жауынгер кеңестер одағының астанасы Мәскеуді қорғауға ерлік көрсетті. Сол шайқаста аға лейтенант Бауыржан Момышұлы да батырлық танытты. Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров Кеңес Одағының батыры атанды.
Жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы 9 мамыр күні Рейхстагқа ту тікті.

Ә) КСРО - ның ыдырауы
Лениннен кейін 1953 жылға дейін КСРО – бас хатшысы Сталин болды. Ұлы Отан соғысының жеңісіне көп ықпал жасады. Одан кейін партияның бірінші хатшысына Хрущев келді. Ол 30 - жылдары жазықсыз жазаланғандарды ақтауға біраз жұмыс жүргізді. КСРО ыдырау қарсаңында 1964 жылы КОПК Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Л. И. Брежнев келді. Ашық сөйлеу деген мүлде болмады.
1985 жылы КОПК Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев сайланды. Жариялылық пен демократияға жол берілді.

Б) Желтоқсан оқиғасы
Ұлт республикаларын басқаруда әкімшілдік әміршілдік жүйе көзге түсті. Ол Республикалар Мәскеусіз бірде - бір маңызды мәселені шеше алмады, оларға құқы берілмеді. Ал, Мәскеусіз Республиканың ерекшелігін ескермеді. Бұған 1986 жылғы желтоқсан айының 16 - 18 – індегі Алматы қаласындағы оқиғалар мысал болды. Мұның өзі қазақ халқының, әсіресе оның жастарының заңды наразылығын туғызды. Ал, 1986 жылы желтоқсанның 16 - сында Қазақстан КП Орталық Комитетінің Бірінші хатшылығына сырттан әкелінген Г. В. Колбинді тағайындағанда, мұның өзі жастардың ашу - ызасын туғызды. Бейбіт ереуілге шыққан жастар республиканың бірінші хатшысына қазақ халқының өкілі болмаса қазақстандық басқа ұлт өкілі сайланғанын қалады. Горбачев және Колбиннің басшылығымен және олардың жандайшаптарының, белсенділігімен осы бейбіт шеру қанға бөктірілді. Мыңдаған жастар оқудан қуылды. Бірнеше жастар қыршынынан қиылды.
Ән: Қара бауыр қасқалдақ

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 858
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік
Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл - көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан - жақтан көз
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы (шығарма)
Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы (шығарма)
Шығарма Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов)
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ельжанова Баян Турехановна
Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған!
Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған!
БҚО, Орал қаласы, №42 "Ақ ниет" гимназиясының музыка пәні мұғалімі Абдушева Армангүл Айдарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×