Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат

24 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат»
(Тарихи танымдық кеш)
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Мұғалім сөзі:
Желтоқсан айының 16 – сын жыл сайын Қазақстан тарихындағы ерекше күн ретінде атап өту дәстүрге айналды. Өйткені бұл күн – халқымыздың өз ұлттық намысын қорғауға шыққан күн, қой аузынан шөп алмас, илегенге көнбес, момын атанған, әншейінде басы біріге қоймайтын халқымыздың жүрегіне батыр бабаларымыздың рухы дарып, бір жеңнен қол шығарып, көк темір құрсанған мыңдаған әскерлерге құр қолмен - ақ қарсы шығып, өр мінез, намысқойлығын әлемге танытқан күн. Бұл күн – желтоқсан оқиғасы кезінде жендеттердің қолынан қаза болған ұл – қыздарымызды еске алып, құран оқып, ас берер қаралы күн.
Бір минут үнсіздік жарияланады.
Кеш: Қазақстан Республикасының ән ұранымен басталады.
Кешті педагогика пәнінің оқытушысы -------------------------------- ашып береді.
Жүрісі:
I. жүргізуші:
Жиырма үш жыл өтті
Еркін бір дем алғалы,
Орындалып мың жылдық ел арманы,
Тәуелсіздік жолында қанын төккен,
Бабаларым бұл күнді көре алмады.

II. жүргізуші:
Жиырма үш жыл өтті
Қамытым алынғалы
Азат ел боп әлемге танылғалы
Ата салтын ұмытқан қандастарға
Ана тілде сөйле деп жалынғалы.

I. жүргізуші:
Елге айналдың, Отаным, есімі ұлы,
Аштың әлем халқыңа есігіңді.
Зорға жеткен ардақтап осы күнді,
Түзе халқым, салтың мен бесігіңді.
Құлақ кесті құл емес, қазақ тіпті,
Сезінетін шақ туды азаттықты
Отаншылдық бір айбын көтерілсін,
Толқынындай теңіздің ғажап күшті.

II. жүргізуші:
Тігілген соң Ақ орда – шаңырағым,
Тұғырыңа қонуды сан қыраның
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөлімді қандырамын.
Сенен ғана өрбиді күш, жыр - әнім,
Қазақстан, о, менің құт тұрағым!
Жер шарына қазақтың халық атын,
Тәуелсіздік туымен ұқтырамын!

I. жүргізуші:
Қазақстан тарихының кезеңдерінен әр уақытта бөліп оқырмандарға түсінік береді. Біздің қалыптасу кезеңдеріміз хандықтардан Жәнібек пен Керей хандарынан бастау алады. XVII – XVIII ғасырда Жоңғар шапқыншылығына қарсы 150 жылға созылған азаттық күресте атақты билер мен батырлар Төле би, Қаз Дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай шықты. Бұл жылдары ұлан байтақ елімізге жан – жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен – қаперсіз жатқан елімізге Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болып, Алқакөлге бас сауғалады. Сол кезде тәуелсіздік үшін, жоғарыдағы хандар елді біріктіруге күш салды.

«Елім – ай» әні орындалады.

1. Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Елім – ай, елім – ай.

2. Қарындастан айырылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Елім – ай, елім – ай.

3. Мына заман қай заман, қысқан заман.
Басымыздан бақ – дәулет ұшқан заман.
Елім – ай, елім – ай.

4. Шұбырғанда ізіңнен қар борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Елім – ай, елім – ай.

II. жүргізуші:
Кешегі үш жүзді бір тудың астына жинаған Абылай хан тұсында төбе билеріміз қара бала, қара қазан қамы үшін сөз саптаған еді. Егемендік пен бірлік – Төле бидің толғауында, Қазыбек бидің қаз дауысында, Әйтеке бидің шешендігінде көрініс тапқан.

Төле би:
- Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол.
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол.
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.
Өзегің талса өзен бойын жағала.
Басыңа іс түссе көпшілікті сағала.
Өзіңе - өзің кәміл бол.
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол.
Досыңа адал бол.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 491
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 - желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.
Тәуелсіздік – халық мұраты
Тәуелсіздік – халық мұраты
Оқушылардың өз Отаны Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихындағы оқиғалардың маңыздылығын ажырата білуге баулу, еліміз Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру.
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Желтоқсаншылардың бәрі де бір - бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға» теңейтіндігіміз осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны»
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Тәуелсіздік – тұғыры
Тәуелсіздік – тұғыры
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матина Жанар Ескендровна
Он алтыншы желтоқсан
Он алтыншы желтоқсан
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қуанова Бақтылы Уәлиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×