Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киелі Жем өңірінің төл перзенті

11 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Кемерши селосы, Қ. Жазықов атындағы орта мектеп
тәрбие ісінің орынбасары Құлманова Злиха Санаққызы

Тақырыбы: Киелі Жем өңірінің төл перзенті
(Жерлес жазушымыз Қажығали Мұханбетқали ұлымен кездесу кеші)

Мақсаты:
Жүру барысы
І жүргізуші: Құрметті Қажығали аға, ел ағалары, ұлағатты ұстаздар, сүйікті шәкірттер, бүгінгі мектебімізде өткелі отырған «Киелі Жем өңірінің төл перзенті» атты жерлес жазушымыз Қажығали Мұханбетқалиұлының 70 жылдық мерейтойына байланысты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Қажығали Мұханбетқалиұлы 1942 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы Кемерши ауылында туған. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Одан кейін Ақтөбе облыстық радио және телевидение комитетінде, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, республикалық «Қазақстан» баспасында, «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, орыс – қазақ тілдерінде шығатын «Жаңа фильм» журналының бас редакторы болған. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының президенті аппаратында, Парламентте, «Таңшолпан» журналында қызмет істеген. Көптеген жазушылардың жекелеген әңгімелерін және түркімен жазушысы Т. Жұмагелдиевтің «Егес» атты кітабын, орыс жазушысы А. Скалонның «Бақыттың алтай түлкісі» атты әңгімелері мен повестер жинағын қазақ тіліне аударды. Өзінің де бірқатар әңгімелер мен повестері шетел тілдеріне аударылып жарық көрді. Қазақтың ХУІІІ ғасырдағы отаршылдық езгіге қарсы күресінің басшысы әрі би, әрі батыр С. Датұлы туралы ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізген ол, ондаған мақалалар жазып, осы бір айтулы тұлғаның өмірі мен қоғамдық қызметі жөнінде республикалық «Арыс» баспасынан «Сырым Датұлы» атты жинақты өзі қарастырып, алғы сөзі мен түсініктемелерін де өзі жазып жарыққа шығарды. Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған медалмен марапатталған. Байғанин ауданының құрметті азаматы 2003 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

І жүргізуші: Жем – сағыз қалың жұртым жайлаған жер
Маңғыртып төрт - түлік мал айдаған жер
Қаптаса таудай нарлар сәйгүліктер
Қойлары семіздіктен жайлаған жер
Жем – Сағыз әкем – шешем жайлаған жер
Көктемде бәйшешегі жайнаған жер
Басына жас ботаның үкі тағып
Құлынды қоңыраулатып айдаған жер – деп жерлес ақынымыз Сағи Жиенбаев жырлағандай келесі кезекті аудандық «Айгөлек» байқауының І орын иегері бүлдіршін әншіміз -------------------- орындауындағы «Ақбұлақ» әніне береміз.

ІІ жүргізуші:
Талант қабілетіне қарай кез келген жазушының өнер әлемінде өз орны бар. Солардың арасынан қай оқырман кімді сүйіп оқиды, кімді құрметтейді я жеке мәселе. Ал өз басым жылт етіп, жарыққа шыққан әр шығармасын мүмкіндігінше оқып қалуға тырысатын өзін де, сөзін де сыйлайтын санаулы ғана жазушыларының бірі – менің Қожекем. Менің дейтінім біз, газет редакциясында, біраз жыл бірге қызмет істедік, ағалы – інілі адамдардай сыйластық. Бұған мүмкін екеуміздің өнер, өмір, әдебиет жөніндегі көзқарас, пікір – тұжырымдарымыздың көп жағдайда әр жерден шығатындығы дәнекер болған шығар – дейді белгілі жазушы, қаламдас інісі Д. Әшімханұлы.

І жүргізуші:
Жазушы ағамыздың өзі де, өзі туған топырақтан шыққан Сағи ақынның шығармаларымен сусындап өскен. Келесі кезекте «Жақсы өлең өзі – ақ сөйлеп тұрады» атты шығармасына береміз. Ортаға 5 класс оқушысы --------------------------- шақырайық.

І жүргізуші:
Ауылым осы менің іздеп келген
Кеткелі талай жылдар тізбектелген
Талы жоқ ән шарықтайтын бұлбұл қонып
Шыңы жоқ шыңына мұз бөктерген
Тұрады кейде от болып құмдар күйіп
Тыңдайды желден ғана жырларды ұйып
Көңілім осы ауылда көк теңіздей биік
Көңілім осы ауылда шыңнан – деп Бәкір ақын жырлағандай «Туған жер» атты ән – шашуымызды бүлдіршін өнерпазымыз ---------------------------- орындауында қабыл алыңыздар.

І жүргізуші:
Әркім өз түйсігі өз байламы көзқарасы тұрғысында сөз қозғары белгілі, осы тұрғыдан келгенде Қажығалидың шығармаларын оқыған адам мынау ығы - жығы өмірден өзін болмаса жолдас – жора, тума – туыстарын көрері анық.
Қажығалидың қандай шығармасы болмасын өмірдің дәл өзі соның қағазға түскен картинасы. Оқисың да қалың ойға қаласың, жағымсыз кейіпкерлердің іс әрекетіне ыза боласың.

ІІ жүргізуші:
60 - 80 жылдардан бастап қазақ әдебиетінің проза және поэзия саласында өзіндік із қалдырған Киелі Жем өңірінің төл перзенттері Сағи, Бәкір, Есенбай, Тобық, Өтежан секілді ақын жазушыларымыздың бүгінгі жалғасы жас ұрпақтың жазушы атаға арнаған жыр үніне құлақ түрелік.
І жүргізуші:
Мектебіміздің жас маманы поэзия саласында қалам тербеп жүрген замандасымыз --------------------- өзінің жыр шашуын сізге арнайды.

Нәбиева Көркем
Маратов Нұрбек
Ерғалиева Динара

ІІ - жүргізуші:
Күй ғой бұл қоштастырған қимасыңмен
Күй ғой бұл достастырған сыйласыңмен
Көз алдыңа көлбеңдеп келе қалар
Құрманғазы, Қазанғап Динасымен дей келе мектебіміздегі Әсем ән хор үйірмесінің өнерлі балдырғандарын «Келіншек» күйімен қарсы аламыз.

І - жүргізуші:
Өзің айтшы сыншым менің қырағы
Суға тойған қашан шөлдің мғрабы
Он қызы бар ата анаға білесің
Қай кезде де бір ұл жетпей тұрады.
Байи беру болса адамның ұраны
Оны тірлік түзу жолдан бұрады
Бір дачасы бар адамға қашанда
Бір машина жетпейді де тұрады
Малы көпке еске сақта шырағым
Шөп болмайды шүкірліктің құрағы
Қанша өссе де мансап қуған адамға
Бір секіру жетпейді де тұрады
Ырық бермес көңілдің көк пырағы
Жақсы арманның жақынынан жырағы
Тойда қанша тойғанменен ішкенге
Бір жүз грамм жетпейді де тұрады деген екен Қадыр ақын Қажығали ағамызға арнаған өз жырында.

ІІ жүргізуші:
Олай болса мектебіміздің бұлбұл әншісі Нәбиева Көркемді Нұртуғанның термесі «Қәнекей тілім сөйлеші» қарсы алайық.

І жүргізуші
Адам тағдырына терең бойлау не нәрсенің себептерін түпкі тамырдан іздеу адамдық, имандық мәселелерді бәрінен де жоғары қою Қажекемнің көптеген шығармаларынан анық көрінеді. Бұлардың қай қайсысында да ол көз көрегендігін жүрек сезімталдылығын ой ұшқырлығын танытады.
ІІ жүргізуші
Олай болса келесі кезекті Рахметов Бағдаттың әсем әніне береміз.

І жүргізуші:
Қ. Мұхамбетқалиев шығармашылығының алтындай асыл арқауы адам өмірінің мәңгілік шындығының алмағайып алдамшы шырғалаңдарына құрылады. Жазушы шеберлігінің шыңдалып кемел сипатқа иеленгенін көптеген шығармалары арқылы білуге болады.

ІІ жүргізуші:
Келесі тыңдайтындарыңыз Ермұхамбетов Қалыбек пен Ержан Нұрлаттың орындауында «Кел ауылға» әні.

І жүргізуші:
Ән басталса қалайша жанбас халық
Тыңдауға бар түн бойы таң жастанып
Ұйып қалар табиғат оянбастай
Кеткен кезде керемет ән басталып демекші Рахатов Исламбекті «Жаса қазағым» әнімен қарсы алайық.

ІІ жүргізуші:
Қ. Мұхамбетқалиев өз машығы мен мәнерін қапысыз тапқан, үлкен эпосқа үлкен дайындықпен бай тәжірибемен бет алған жазушы. Оның шығармалары келер ұрпақ үшін мол мұра болып қалмақ, қаламыңыз әрі қарай ұштала берсін, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, еңбегіңізге творчестволық табыс тілей отырып бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз.

Қош сау болыңыздар!
Келесі кездескенше күн нұрлы болсын.
7 811
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Менің әкем – әлемдегі ең жақсы адам
Менің әкем – әлемдегі ең жақсы адам
Менің әкем – ең тамаша адам. Олай дейтінім әкем шыншыл, өте сабырлы, адамгершілігі мол, ұқыпты, шебер жан.
Астана – білім мен ғылым ордасы
Астана – білім мен ғылым ордасы
Астана өте әдемі қалалардың бірі. Астананың ауасы таза, әрі керемет. Қалаға көшіп келушілер, оқу бітіріп жұмыста қалып қоятындарда көп екен. 1999 жылы халық санағына сәйкес Астанада (ол кезде Ақмола) 319мың халық тұрса, қазір 700 мыңнан астам тұрғын
Абдрахман Асылбек өмірбаяны, өлеңдері
Абдрахман Асылбек өмірбаяны, өлеңдері
Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИдің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған.
Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері, қысқаша өмірбаяны
Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері, қысқаша өмірбаяны
Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді.
Облыстық қазақша күрес турнирі
Облыстық қазақша күрес турнирі
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
Сейіт ата қонақта
Сейіт ата қонақта
Астана қаласы, № 45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухтарова Гульжайнар Кабдолдиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×