Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Құттықтау сазды» бағдарламасы

12 сәуір 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 - жүргізуші: Бүгін бізде жаңа жоба «Құттықтау сазды» бағдарламасының тұсаукесеріне қош келдіңіздер. Бағдарламамыздың шымылдығын қазақ биімен ашамыз.
2 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қыз - қызғалдақтар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көрсеткенде көктемнің алғашқы хабаршысы болып Аналар мерекесі келді.
1 - жүргізуші: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын!
2 - жүргізуші: Дүниеде ең сұлу кім екенін білесің бе?
1 - жүргізуші: Ең сұлу, меніңше, Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Мақпал Жүнісова... Дүниеде сұлулар көп қой, айта берсең бітпейді...
2 - жүргізуші: Жоқ, сен қателесесің, дүниедегі ең сұлу - ол қазақ анасы.
1 - жүргізуші: Солай ма? Қалайша?
2 - жүргізуші: Қазақ анасы - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ізгі адам. Қазақ анасы - бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана.
1 - жүргізуші: Дұрыс, мен сенімен келісемін. Алайда, сен осымен не деп айтайын деп едің?
2 - жүргізуші: Менің айтайын дегенім, бүгінгі хабарымызды асыл аналарға арнасақ қайтеді? Сен осыған қалай қарайсың?
1 - жүргізуші: Неге арнамасқа! Бүгінгі бағдарламамыздың аты - «Ана – өмірдің гүлі»
2 - жүргізуші: Сәлем, сәлем, сәлем достар! Бүгін сіздер аналарыңды, ұстаздарыңды, құрбы - құрдастарыңды - бәрін құттықтай аласыңдар! Біздің байланыс телефонымыз: 5 - 14 - 68. Ауылымыздың коды 8 - 716 - 37. Біздің байланысымыз ақысыз екенін ұмытпаңыздар. Айтпақшы, құттықтай отырып қалаған бір әндеріңізді сұрай аласыздар. Біз оны бар болса ғана қойып береміз деп сөз береміз.
1 - жүргізуші: Достар, хабарласыңыздар, біздің телефонымыз сіздердің телефон шалуларыңызды асыға күту үстінде.
1 - тыңдаушы: Алло, алло, сәлеметcіздер ме?! Мен өзімнің анама сәлем жолдайын деп едім, көңіл көтеретін жақсы бір ән қойып берсеңіздер.
2 - жүргізуші: Әрине, бар, дәл қазір «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
Ақ мамам 1. Ел жатқанда жатпаған, Мен деп тыным таппаған. Бақыты үшін баланың Аман - сау бол, ақ мамам. 2. Күлімдеген көзіңнен, Күн мейірімі сезілген. Бұл жалғанда балаға, Жақын жан жоқ өзіңнен. 3. Өзің маған мият күн, Сен деп таңым жиі атты. Ақ мамамның айқайы, «Айналайын» сияқты 4. Мен деп кірпік қақпаған, Менсіз тағам татпаған. Бақыты үшін балаңның, Аман - сау жүр, ақ мамам!
2 - жүргізуші: Көрініс: «Балмұздақ» Құралай: Анашым 100 теңге бересіз бе? Гүлнұр: Оны қайтесің балам? Құралай: Бір кәрі апайға берейін деп едім. Гүлнұр: - Өй, жарайсың балам! Дұрыс қайырымды болу керек! Ол кісі қай жерде? Құралай: Мына көшенің бұрышында, балмұздақ сатып отыр.
2 - тыңдаушы: Алло, алло, сәлеметсіздер ме?! Мен сыныптас құрбыларымды, ұстаздарымды, аналарды мерекесімен құттықтап сәлем жолдайын деп едім. «Ал, давай» тобының бір әнін қойып берсеңіздер.
1 - жүргізуші: О, өкінішке қарай, ол топтың орындауында әзірше бізде ән жоқ, бірақ болған кезде қойып береміз деген уәде береміз. Ал қазір «Аналардың тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
Аналардың тілегі
1. Аналардың тілегі,
Тыңдайықшы жүрегін.
Жаны, жайсаң, аналар,
Жырға қосып жүремін.
Болашаққа бастаған,
Ана деген асқақ ән
Тебірентіп жүректі
Жыр етеді жас қалам
Қайырмасы:
Алыста жүріп сағынам,
Өзіңе мәңгі табынам.
Бас иіп өтем анаға,
Ақ жаулығын жамылған.
2. Қуат күшің талмасын,
Бақыт гүлі солмасын.
Асқарына арманның,
Ұрпақтарың самғасын.
Талай топтан іздеген,
Ана көрдім жүздеген,
Сағынышын жеткізген,
Жаны жақын қыз деген

2 - жүргізуші:
Ана деген – асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.
1 - жүргізуші: Өте тамаша жазылған өлең, біз де өзіміздің аналарымызға арнап мына көріністерден үзінділерді көрсетейік.
1 - жүргізуші: Көрініс: «Қанша қалады?»

Салауат: Гүлнұр сенің қолыңда 8 қалам бар. Оның төртеуін достарыңа бердің, өзіңде қанша қалам қалды?
Гүлнұр: Мен оларға бергенше, үйдегі ініме берген жақсы ғой.

2 - жүргізуші: Дүниеде екі ана бар. Бірі тіршілік анасы - Табиғат ана, екіншісі – адамның анасы. Екеуі де мейірімді, осы екеуіне де қаталдық көрсетуге болмайды.
1 - жүргізуші: Арман 9 жаста. Анасының тапсырған үй жұмыстарын орындағысы келмей қабағы түседі. Бір күні анасына мынадай хат жазады.
Ана, маған үй жұмыстарын істеткеніңіз үшін төмендегідей қарызыңыз бар.
Нанға барам 50 теңге, бөлмемді жинадым 100 теңге, қоқыс төктім 100 теңге, «5» алдым 50 теңге, компьютер ойнамадым 50 теңге, құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым 50 теңге, киімдерімді реттедім 100 теңге, кір киімдерімді кіржуғыш машинаға салып қойдым 50 теңге.
Барлығы: 550 теңге қарызыңыз бар. Уақытында төлемесеңіз үстеме қосатынымды айтып қояйын!
2 - жүргізуші: Анасы Арманға мынадай жауап жазады.
Саған ана сүтін бердім 0 теңге, түнде әлсін - әлсін оянғаныңда қасыңда болдым 0 теңге, ауырып қалсаң қасыңнан кетпедім 0 теңге, түсінбеген сабағыңды түсіндірдім 0 теңге, сен қуансаң бірге қуандым 0 теңге, сені қандай да болсын жамандықтан қорғауға тырыстым 0 теңге, сені еркелеттім 0 теңге, ұнататын заттарыңды алып бердім 0 теңге.
Арман өзі жазған хаты үшін қатты ұялады. Бұдан былай анасын ренжітпеуге, айтқанын орындауға бекінді.

1 - жүргізуші: Аналар, сіздерге өз алғысымызды, құттықтауымызды, ризашылығымызды білдіріп жатырмыз. Келесі әніміз де сіздерге арналады: «Құттықтаймын, ана»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 211
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 наурыз мерекесіне арналған "Айналайын ақ мамам!"
8 наурыз мерекесіне арналған "Айналайын ақ мамам!"
Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжемізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын!
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Аяулы аналар
Аяулы аналар
«Аяулы аналар» 1 - жүргізуші Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді.
Алтынсың ғой, Анашым!
Алтынсың ғой, Анашым!
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Түменбаева Құндызай
Мерекеңмен, Анашым!
Мерекеңмен, Анашым!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Аяулы анашым
Аяулы анашым
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×