Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұнайлы өлкемнің мақтанышы

02 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Саламат Мұқашев атындағы
«Атырау политехникалық колледжі» КМҚК
Дайындаған: Гапурина Ж.

Тақырыбы: Мұнайлы өлкемнің мақтанышы «Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны
Интеллектуалдық ойынның мақсаты:
- Еңсесі биік еркін елдің өскелең ұрпаққа Атырау облысында, республика басшылығында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, есімі ел есінде қалған Саламат Мұқашевты дәріптеу;
- студенттерге ағамыздың халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, патриоттық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу.
- өз бетінше іздену, оқу арқылы сөздік қорларын молайту, тіл мәдениетін, дүниетанымын кеңейту.
Өтетін орны: колледж кітапханасы; 17 қазан 2015 жыл

Интеллектуалдық ойын сабағының жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды

Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқытушылар және студенттер! Мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтің өмір жолын дәріптеу мақсатында «Мұнайлы өлкемнің мақтанышы»атты брейн ринг интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Республика және Атырау басшылығында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, есімі ел есінде қалған Саламат Мұқашевтың өмір жолы бәрімізге үлгі. Олай болса,
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
«Мұнайлы өлкеміздің мақтанышы» деп
«Брейн - ринг» танымдық ойынын бастаймыз!
Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық.
Ойынымыз 3 бөлімнен тұрады:
1. «Таныстыру» бөлімінде әр команда өздерін таныстырады

2. «Білгенге маржан» бөлімінде Саламат Мұқашев туралы 20 сұрақ қойылады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Қай топ бірінші жалауша көтереді, сол топ жауап беру құқығына ие. Әр жауапқа 1 ұпай.
3. «Тарихи шежіреге саяхат» бөлімінде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Атырау қаласының 375 жылдығына орай әзірленген 20 сұрақ қойылады. Әр жауапқа 1 ұпай.
Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – дегендей, бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпіз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық:
1. --------------------
2.---------------------
3.---------------------

Жүргізуші: Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, — деп, таныстыру бөлімін бастаймыз. (Әр топ өздерін таныстырады).

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда.
Келесі кезекте «Білгенге маржан» бөліміне кезек береміз. Ендеше сұрақтарымызға көшсек,
1. Саламат Мұқашевтің туылған жылы? (1927 жыл 20 қазан)
2. Саламат Мұқашевтің 2005 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген кітабы («Атадан аманат, ұрпағыма өсиет»)
3. Саламат Мұқашев 1980 - 1985 жылдары қандай қызметте жұмыс жасады? (Маңғыстау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы)
4. Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет еткен жылдар (1970 - 1977)
5. Еңбек Қызыл Ту орденімен неше мәрте марапатталған? (4)
6. Саламат Мұқашев 1949 жылы бүкілодақтық кәсіподақтардың орталық кеңесі мектебіне қай қалаға оқуға жіберіледі?(Харьков қаласы)
7. Саламат Мұқашев Гурьев (Атырау) мұнай техникумына қай жылы оқуға түсті? (1944)
8. Саламат Мұқашевтің 1994 жылы шыққан тұңғыш жинағы («Атырау ардагерлері»)
9. «Құрмет белгісі» Орденімен неше рет марапатталды? (2)
10. Саламат Мұқашевтің зайыбының аты - жөні? (Жақашева Мәрия Сәлімгерейқызы)
11. 1961 - 1970 жылдары қандай қызмет атқарды? (Атырау облысы Ембі (Жылыой) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы)
12. Кәсіподақтардың республикалық съезінде Қазақстан кәсіподақтары кеңесінің төрағасы болып қай жылы сайланды? (1977)
13. 1948 жылы Доссор мұнай кәсіпшілігінде кім болып сайланды? (Комсомол комитетінің ұйымдастырушысы)
14. Саламат Мұқашевқа арналған Хамит Ерғалиевтің жыр жолдары қалай аталады? («Ер елімен егіз»)
15. 1994 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген кітабы? («Атырау ардагерлері»)
16. Қазақтың көрнекті ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың Саламат Мұқашевтің 70 жасқа толған мерейтойына арнап жазылған өлеңі қалай аталады? («Ақылдылар ішінде сыпайысы»)
17. 1996 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген естелік - эсселер жинағы қалай аталады? («Өткенді оймен шолғанда»)
18. 1999 жылы «Жолдас және К» баспасынан жарық көрген кітабы? («Мұнай тарихы – мұнайшылар ғұмырымен жазылды»)
19. «Мұнайшы» қоғамдық қорының Атырау аймақтық үйлестірушісі болып қызмет атқаратын Саламат Мұқашевтің баласының аты - жөні кім? (Даулетов Болат)
20. Саламат Мұқашев қай жылы өмірден өтті? (2004 жыл 18 маусым)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 450
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ел маңдайындағы ерен жұлдыз - Еңбек Ері Зылиха – қыз!
Ел маңдайындағы ерен жұлдыз - Еңбек Ері Зылиха – қыз!
Ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі Зылиха Тамшыбаеваның өмірі мен еңбек жолынан ғибрат алып, оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Үлестер. Жай бөлшектер
Үлестер. Жай бөлшектер
Жай бөлшектің негізгі қасиетін және жай бөлшекті қысқарту ережесін есептер шығаруда қолдана білу
Елбасы – Ұлт мақтанышы
Елбасы – Ұлт мақтанышы
Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана - сезімі жоғары, саяси - құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
New Zealand. The Infinitive
New Zealand. The Infinitive
Саламат Мұқашев атындағы «Атырау политехникалық колледжі» КМҚК Дайындаған: Гапурина Ж.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ардагерлерді еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту.
Ел мүддесі- ерге сын
Ел мүддесі- ерге сын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО және шет ел
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×