Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің толағайлар

13 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Лондон олимпиадасының жеңімпаздары туралы мағлұматтар беру.
Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақта, суреттер, бейне көрініс, жеңімпаздар туралы слайдтар

Сабақтың барысы:
Денсаулық – зор байлық және адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау! Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Олай болса бүгін біз Лондон олимпиадасының жеңімпаздарына тоқталайық
Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындарының жүлдегерлері. 2012 жыл
Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама: 7 алтын, 1күміс, 5 қола жеңіп алып, жалпы командалық есепте12 орынға шықты және алтын медалдар саны бойынша алғашқы ондыққа кірді. Бұл біздің еліміздің мақтанышы.

1-слайд: Александр Винокуров
Александр Николаевич Винокуров 1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл кентінде туды.
Өзінің кәсіби жолын 1997 жылы «Казино» командасының құрамында бастады.
1998-1999 жылдары «Четыре дня Дюнкерка» және «Дофине либере» көпкүндіктерінде жеңіске жетті.
2000 жылы әйгілі «Дойче телеком» велотобының құрамына өтті, команда кейін атауын «T-мобайл» деп өзгертті. Осы жылы Олимпиада ойындарында топтық тас жол жарысында екінші орынға ие болды.
2003 жылы «Париж-Ницца» жарысында жеңіске жетті. 40 күннен кейін Винокуров «Амстел голд рейс» бір күндігінде жеңіске жетті. Осы жылы Швейцария жарысында және «Тур де Франс» бір кезеңінде жеңіске жетті.
2006 жылы «Вино» маңызды рөл атқарған Liberty Seguros-Würth тарағаннан кейін, оның негізінде «Астана» жаңа командасы құрылды.
Тур де Франс 2011жарысында Винокуров 9-кезеңде күрделі жарақат алды. Жамбас сүйегі сынған деген диагноз қойылды.
Лондон қаласында 2012 жылы өткен Олимпиада Александр Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелді.

2-слайд: Зульфия Чиншанло

Зульфия Салахаровна Чиншанло 1993 жылы 25 шілдеде Алматы қаласында туды.
2008 жылдан бері – ҚР ауыр атлетика бойынша ұлттық құрамасының мүшесі.
Гиннестің рекордтар кітабына ауыр атлетика бойынша ең жас жеңімпаз ретінде енгізілді. 53 кг-ге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысады.
Қазақстанның 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары жеңімпазы, сондай-ақ 2010 жылы өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Чиангмэеда 2009 жылы өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында қола медаль алды.
Сингапурде 2010 жылы өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында күміс жүлде алды.
ҚР еңбегі сіңген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.
2012 жылғы 29 шілдеде Зульфия Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль ұтты, бұл арқылы ол өзінің әлемдік рекордын жаңартты.

3–слайд:Майя Манеза
Майя Салахаровна Манеза 1985 жылғы 1 қарашада Бішкекте туды. Майя ұзақ уақыт бойы Қытайда жаттықты. Қазақстанға ҚР ауыр атлетика бойынша бас жаттықтырушысы Алексей Нидің шақыруы бойынша келді.
63 кг-ге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Екі рет әлем чемпионатында жеңіске жетті (2009, 2010).
Шынтақ жарақатына байланысты Майя 2008 жылғы Олимпиадаға қатыса алмады.
2011 жылы өткен әлем чемпионатында Майя Манеза күміс медальға ие болып, алтын медаль ресейлік ауыр атлет Светлана Царукаеваға бұйырды.
2012 жылғы Олимпиадада Манеза ресейліктен өз есесін қайтарды. 110 кг жұлқа көтерумен және 135 итеруде әлем рекордын орнатып, Қазақстан құрамасының тағы бір алтын медаль сыйлады

4-слайд:Светлана Подобедова
Светлана Николаевна Подобедова РКФСР Иркутск облысы Зиминск ауданының Зима станциясында туды. Ауыр атлетикамен 11 жастан бері айналысады.
2007 жылдан бері Қазақстанда тұрады және жаттығады.
Светлана Подобедова екі рет Әлем чемпионатында және Еуропа чемпионатында екі рет жеңіске жетті.
2010 жылы Подобедова планетаның үздік штангашысы деп танылды.
Подобедова сондай-ақ Қазақстанның екі дүркін жеңімпазы (2010, 2011 және 2012 жж), Азия жеңімпазы (2009 ж.) және Азия ойындарының (2010 ж.) жеңімпазы, 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.
XXX жазғы Олимпиада ойындарында екі сайыс қорытындысы бойынша 291 кг көтеріп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын әкелді.
Подобедова екі сайыс қорытындысы бойынша әлем рекордын жаңартты (295 кг).

5–слайд:Илья Ильин
Илья Александрович Ильин. Қызыл Орда қаласында (Қазақстан) 1988 жылғы 24 мамырда туды, қазақстандық ауыр атлет.
2001 жылдың желтоқсан айында өткен Қазақстанның Семей қаласында ауыр атлетика бойынша чемпионатында қызыл Орда қаласының 13 жасар оқушысы Илья Илин арнайы жүлде алды.
2005 жылдың көктемінде өзінің он жеті жасқа толуы кезінде Ильин жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.
2005 жылғы 15 қарашада Катар астанасы Дохада 85 кг-ге дейінгі дәрежеде әлем рекордын орнатып, жеңіске жетті, екі қозғалыс қорытындысы бойынша штангашы 386 кг-мен бірінші орынға ие болды, бұл оның тағы бір әлем ректорды еді. Илья 85 кг-ге дейінгі дәрежеде ең жас қатысушы атанды.
2005 жылғы чемпионаттың үздік штангашысы деп танылды.
Илья Қазақстанда әлем біріншіліктерінің бес дүркін және 1998 жылғы олимпиада жеңімпазы Анатолий Храпатыйдан кейін екінші болып табылады, ауыр атлетика бойынша әлем жеңімпазы.
2006 жылғы мамыр айында Қытайда жасөспірімдер арасында әлем жеңімпазы атанды.
Осы жылдың қазан айында Санто-Домингода 94 кг-ге дейін әлем жеңімпазы атанды.
2006 жылдың желтоқсан айында Илья Катарда өткен Азия ойындарында 94 кг салмақта 401 кг (175+226) нәтижемен жеңіске жетті.
2007 жылы Илья Бейжің Олимпиадасына дайындалып, еш жарысқа қатысқан жоқ. Олимпиадада жұлқа көтеруде 180 кг-мен және итеруде 226 кг-мен ол алтын медаль алады.
Бейжің Олимпиадасындағы жеңістен кейін Илья өз жаттығуларына үзіліс жасайды, бұны ол физикалық шаршағандықпен, омыртқа жарақатымен және Ауыр атлетика федерациясымен болған кикілжінмен түсіндіреді.
2009 жылы Ильин жаттығуларын қайта бастайды және 2010 жылы Қазақстанның жеңімпазы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады.
Қазақстанның 2011 жылғы жеңімпазы.
2011 жылғы Әлем чемпионатында Парижде жалпы сомасы 407 кг-мен (181+226) әлемнің үш дүркін жеңімпазы атанады.
2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 94 кг-ге дейінгі салмақта әлем жеңімпазы атағын тағы бір рет ұтып алды, ол екі дүркін олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық болып табылады.

6-слайд:Ольга Рыпакова
Ольга Сергеевна Рыпакова 1984 жылы 30 қарашада Өскемен қаласында туды.
2000 жылдан бері «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде» жаттығады.
2006 жылы Қазақ спорт және туризм академиясының олимпиада түрлері факультетін аяқтады.
Ольга XVI Азия ойындарының алтын және күміс жүлдегері; ҚР көпсайыс, түрлері және үш қарғып секіру бойынша көп дүркін жеңімпазы және жүлдегері болды.
2007 жылы Ольга Рыпакова Бүкіл әлемдік универсиадада жеңіске жетті. 2010 жылы үш рет қарғып секіруден әлем жеңімпазы болды.
Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 4-орынға ие болды.
2012 жылы XXX жазғы Олимпиада ойындарында үш рет қарғып секіруден алтын медаль ұтып алды.

7-слайд :Даниял Гаджиев
Гаджиев Даниял Дағыстанда туды. Кизилюрт қаласында № 1 БЖСМ еркін күреспен айналысты.
Бірінші жаттықтырушысы – Н. Б. Курбанов.
2001 жылдан бері Тверь қаласында грек-рим күресімен айналысты.
Ресейдің 23 жасқа дейінгі жастар жеңімпазы.
2011 жылдан бері Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді.
Д. Тұрлыханов атындағы спорт мектебінде жаттығады (жаттықтырушысы — Тұрлыханов Марат Болатоұлы).
Азияның лицензияланған Олимпиада турнирінің жеңімпазы.
2012 жылы 2 место на МТ Гран-при «Вэхби Эмре» Гран-при ХТ-да 2 орын (Түркия).
2012 жылы академик М. Сапарбаевты есепке алу ХТ-ның жеңімпазы.
Батыс Қазақстан облысының атынан өнер көрсетеді, Орал қаласында тұрады.
2012 жылы Лонданда өткен Олимпиаданың қола жүлдегері

8–слайд:Марина Вольнова
Марина Ивановна Вольнова (1989 жылғы 26 шілдеде туды) — Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың қола жүлдегері.
Бокспен 6 жастан бері айналысады. Астанада Қазақстанның бокс бойынша еңбегі сіңген жаттықтырушысы Маржықпаев Берік Борамбейұлының жетекшілігімен жаттығады.
2012 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2010 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Қазақстанның бокс бойынша төрт дүркін жеңімпазы, Азия-2010 жеңімпазы, 2010 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадаға қатысушы. Элизабет Андиегоны (Кения) 20:11 есебімен және и Саванна Маршаллды (Ұлыбритания) 16:14 есебімен жеңді, жартылай финалда американдық Кларисса Шилдсқа 15:29 есебімен ұтылды. Нәтижесі – Лондон Олимпиадасында қола медаль алды.

9–слайд:Гузель Манюрова
Манюрова Гюзель Тагировна (1978 жылғы 24 қаңтарда туды, Саранск, Мордова АСКР) – қазақстандық спортшы, 2010 жылғы дейін Ресей атынан өнер көрсетті (еркін күрес).
Ресейдің еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстанның Еңбегі сіңген спорт шебері, Афинада өткен Олимпиада ойындарыныың күміс жүлдегері (2004), Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2012).
Саранск қаласында татар отбасында туған, кейін ата-анасымен Мәскеу қаласына көшеді.
2002 жылға дейін айкидомен айналасты, Айкидо Айкикай 3-данына ие. Ресей Айкидо Айкикай вице-президенті.
Еркін күреспен 2002 жылы С. Масьянов пен А. Колывано жаттықтырушыларының жетекшілігімен айналыса бастады.
2004 жылы Еуропа чемпионатының еркін күрес бойынша жеңімпазы және Афинада өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері болды.
2005 және 2007 жылдары Ресей чемпионатында жеңіске жетті. Бұдан кейін үш жыл қатарынан (2010-2011-2012ж) Азия чемпионатында жеңіске жетті.
2011 жылы Стамбул қаласында өткен әлем чемпионатында бесінші орынға ие болып Лондонда 2012 жылы өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығына ие болады.
Лондон Олимпиадасында қола медальға ие болады.
Саранск қаласында Гюзель Манюрованың сыйлықтары үшін еркін күрес бойынша турнир өткізіліп тұрады.

10- слайд:Иван Дычко
Иван Фёдорович Дычко (1990 жылғы 11 тамызда туды) — қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Қазақстанның 2009, 2010, 2011 жылғы бокс жеңімпазы.
2008 жылы жастар арасындағы Әлем чемпионатында 2-орын алды.
2010 ж. — Гуанчжоу қаласында (Қытай) өткен ХVI жылғы бокс бойынша жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
2011 ж. — Баку қаласында (Әзірбайджан) өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері – 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензия ұтып алды.
2008, 2009, 2010 жылғы өнер көрсету қорытындылары бойынша Қостанай облысының үздік он спортшысының қатарына енді, 2011 жылы Қостанай облысының ең үздік спортшысы атанды.
Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.

11–слайд:Ақжүрек Танатаров
Ақжүрек Достықұлы Таңатаров (1986 жылғы 3 қыркүйекте туды) — қазақстандық еркін мәнердегі күрескер, Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Тараз қаласында туған.
Қазақстан Республикасының 4 дүркін жеңімпазы.
Қазақстан Республикасы Кубогының иегері (2011), халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.

12–слайд:Әділбек Ниязымбетов
Әділбек Сабитұлы Ниязымбетов (1989 жылғы 19 мамырда туды) — 81 кг-ге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық әуесқой боксшы.
2000 жылдан бері бокспен айналысады. Маңғыстау облысының атынан өнер көрсетеді. Жаттықтырушысы - Жәкиев Марат Исағалиұлы.
2011 ж. Бакуда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері.

13-слайд:Серік Сапиев
Сапиев Серік Жұманғалиұлы (1983 жылғы 16 қарашада туды) — қазақстандық әуесқой боксшы.
Қазақстанның Қарағанды облысының Абай қаласында туды, тұрады және жаттығады.
Жаттықтырушысы — Стрельников Александр Владимирович.
Екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007).
Екі дүркін Азия чемпионы (2007, 2009).
Азия ойындарының жеңімпазы (2010).
Бірқатар ірі турнирлерде медальдар мен сыйлықтарға ие болды. Қазақстанның мейлінше атағы көп боксшыларының бірі.
Бейжіңде өткен 2008 жылғы жазғы Олимпиадаға 64 кг-ге дейінгі дәрежеде жартылай финалға өте алмады, бұдан кейін салмақты төмендетуін қойып, 69 кг дәрежесіне өтті.
Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиадада жарыс иесі – британдық Фрэдди Эвансты 17-9 есебімен жеңіп 69 кг-ге дәрежеде олимпиада чемпионы болды.
Серік Сапиев Лондон Олимпиадасының қорытындысы бойынша Вэл Баркер кубогына ие болды - бұл сыйлық Олимпиада ойындарында 1936 жылдан бері бүгінгі күнге дейін ең үздік техникаға ие боксшыға беріледі.

«Чемпиондар әні » (бейне көрініс)
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер! Сонымен ден сау болу үшін мына шарттарды орындап жүрейік.
1. Ерте тұру.
2. Орта тазалығын сақта
3. Үнемі денені таза ұстау.
4. Сергек жүру.
5. Артық тамақ ішпеу.
6. Спортпен шұғылдану.
7. Салауатты өмір салтын сақтау.
8. Зиянды нәрселерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз

Қорытынды: Осымен 1-қыркүйек күні өткізілген «Біздің толағайлар» атты сынып сағатымыз аяқталды. Біз жеңімпаздарымызды әрқашан мақтан тұтамыз.
10 447
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық - адам өміріндегі ең үлкен байлық. Денсаулықтың арқасында адам еңбек етеді, жетістікке жетеді және бақытты өмір сүреді.
Тазалық – денсаулық кепілі
Тазалық – денсаулық кепілі
Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Дені саудың – тәні сау
Дені саудың – тәні сау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөмішкөл ауылы, №66 мектеп Анапияев Олжас
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Мақсаты: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×