Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Терроризм – адамзаттың қасіреті

26 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау қаласы, № 23 орта мектебі
орыс тілі пәнінің мұғалімі
Бозжигитова Ляззат Конакбаевна


Терроризм – адамзаттың қасіреті
Мақсаты: А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Жүру барысы
1. Кіріспе сөз

Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Бүгінгі әңгімеміз терроризмнің саяси - әлеуметтік құбылыс ретіндегі табиғатына арналмақ. Табиғаты күрделі, тарихы тереңде жатқан бұл құбылыстың мән - жайын түсіну сарапшылар деңгейінен қалың оқырманға қарай жол тарта бастады. Біз де сол үдеріске қарата бет бұрмақпыз. Ендеше барлығыңа ортақ сұрақ: Терроризм дегеніміз не? Оның анықтамасы қандай?
Оқушы: Латынның «terror» деген сөзі үрей, қүш қолдану, қорқыту деген мағынаны білдіреді. Қазақстан заңындағы терроризмнің анықтамасы былай болып келеді: «Терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы».
Оқушы: Қазақстан заңындағы терроризмнің анықтамасы орыс заңынан алынған. Ал Американың терроризм жайлы анықтамасы бұл құбылысқа толықтай саяси түс береді. АҚШ заңына сәйкес «Терроризм – бейбіт адамдар мен түрлі нысандарға қарсы саяси мақсатты көздеген түрлі топтар мен астыртын әрекет ететін агенттердің қоғамның көңіл - күйіне ықпал ету ойымен күш қолдануы» болып табылады.

Мұғалім: Осы алдына қойған саяси мақсатына байланысты терроризм төрт түрге бөлінеді. Біріншісі, ұлтшылдық сипаттағы терроризм. Бұл террористер сепаратистік, ұлт - азаттық мақсаттар үшін күреседі. Сепаратистік мақсаттағылар ретінде Шығыс Түркістандағы ұйғырларды, Ресейдегі шешендер мен Түркиядағы күрділерді айтуға болады. Ұлт - азаттық мақсаттағылар -- Африка мен Азиядағы колониялардың Еуропадағы метрополияларға қарсы күресуші ұйымдары мен жеке тұлғалары. Ұлы державалардың азат елдерге құлдық қамытын кигізуі тарих сахнасына ұлт - азаттық күресін әкелді.

Екіншісі, діни терроризм. Бұл ең бір қатыгез, қисынсыз, әсіре идеологиялық негізге құрылған терроризм. Бұл қанды текетірестер тек діндер арасында емес (мұсылмандар - яһудилер) бір дін ішіндегі ағымдар мен бағыттар (шиалар мен суннилер, котоликтер мен протестанттар) арасында да жалғасып жатыр. Үшіншісі, қоғамдық құрылысты өзгертуді мақсат ететін, идеологиялық - әлеуметтік немесе революциялық терроризм. Миллиондаған адамдарды құрбан еткен коммунистік қызыл террор – сталиндік репрессиялар (10 - 15 миллион адам), Қытай көсемі Маоның «мәдени революциясы (15 миллион), 3 миллионға жуық адамның өмірін қиған Комбодже коммунистерінің басшысы Пол Пот Иенг Саридің әрекеті коммунизмнің нағыз террористік идеология екенін көрсетті. Бұл террор Лениннің билікте тұрған кезінде басталған болатын. Лениннің «Расстрелять» деген бұрыштама қойылған талай құпия декреттері мен қаулылары бүгінде әлеуметтің назарына ұсынылып жатыр. Ал енді осы тақырыпқа дайындалып келген оқушыларымызға сөз берейік.
Оқушы: Терроризмнің тарихы біздің эрамызға дейінгі дәуірлерден бастау алады. Қарсыластары мен мұрагерлерінің қолынан қаза тапқан патшалардың өлімін (саяси террор) есепке алатын болсақ, алғашқы террорлық актілердің бірі Александр Македонскийдің әкесі б. э. д. 340 жыл бұрын өлтірілген екен. Саяси террор орта ғасырларда үдей түсті. 1090 жылы қазіргі Иранның солтүстігіне орналасқан Хамадан аңғарындағы Аламут қамалын басып алған Хасан ибн Саббахтың ұйымы бір жарым ғасыр бойы террорлық әрекеттерді жүзеге асырып, Парсы бұғазы мен Жерорта теңізі аралығында орналасқан елдердің жүзден астам халифалары мен қазиларының, әскер басшылары мен ресми дін басшылардың жастығын қуратты. Бұл террористер сол ұлан - байтақ өңір басшыларының өмірін ізден шығарып, сол замандағы билеушілердің үрейін ұшырып келді. Тек 13 - ғасырдың ортасында Шыңғысханның әскерлері бұл аймақты орта ғасырдың ең қанды қол террористерінен біржола құтқарды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
46 586
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Терроризм және діни экстремизм
Терроризм және діни экстремизм
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Білім алушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстыру. Жастарға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру.
Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі
Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінің М.Әуезов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Утепкалиева Гулсара
Терроризм және экстремизм оның зардаптары тәрбие сағаты
Терроризм және экстремизм оның зардаптары тәрбие сағаты
Мақсаты: А) Оқушыларға терроризм және экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни
Дін - тәрбие діңгегі
Дін - тәрбие діңгегі
Сәтбаев қаласы, "№5 орта мектебі"КММ Медеубаева Айнур Култасовна
Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің қауіп қатері
Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің қауіп қатері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Тұрар Рысқұлов гимназия мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шукурбекова Сауле Боранбековна "Үздік презентация" номинациясы бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×