Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз еркем – қылығымен көркем

27 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Байқаудың мақсаты: Жастарға сапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар тәрбие де беру. Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі деп бекер айтылмаса керек. Білімді, мәдениетті, ана тілін қастерлейтін, ұлттық салт - дәстүрлерді, әдет - ғұрыпты бойына сіңірген болашақ педагог дайындау. Студенттердің білім көкжиегін кеңейтіп, жеке тұлға ретінде жан - жақты дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке, ұжымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Заман талабына сай бәсекге қабілетті болашақ маман даярлау.

Байқаудың барысы:
Алғы сөз
Білім жолы қиында қастерлі жол.
Жас ұрпаққа сапалы білім беру, ғылымға баулу, саналы тәрбие беру, қазіргі өмір ағымына бейімдеу, жаңа ұстаздың басты міндеті деп есептейміз.
Біз Қазақстанның болашағын дайындап жатырмыз. Біздің түлектеріміз қазақ қоғамының элитасын құрайды. Сондықтан бүгінгі ашық тәрбие сағатының мақсаты қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақ салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын дарытатын, білімін шыңдайтын “Қыз еркем - қылығымен көркем”атты қыз сыны байқауын өткізіп отырмыз, бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - Жүргізуші:
Саламатсыздар ма, құрметті ұлағатты ұстаздар мен студенттер.
2 - Жүргізуші:
Қайырлы күн қадірлі қонақтар, ұстаздар және студенттер.
1 - жүргізуші: Жаны сырлы жанары таң қыздар - ай,
Сәуле шашқан өмірге нұр қыздар - ай.
Көрік болған көгімде жұлдыздар - ай,
Құдіретпен жаралған жан қыздар - ай, дегендей.
«қыз еркем – қылығымен көркем» атты қыз сыны байқауына қош келіпсіздер!
2 - жүргізуші: Қос жанарлар гауһардай мөлдіреген,
Мін таппайсың жүздерінен күлімдеген.
Кербез басып мың бұралған аруларым,
Құтты болсын сәтті болсын қадамдарың,- дей келіп, бүгінгі байқауымызға қатысушы студенттерімізді сахна төріне шақырамыз.

Сайысқа бес студентіміз түсетін болды, қолдап қол шапалақтап отырайық.
Ду қол шапалақ!
1 - жүргізуші:
Құрметті көрермендер және жанкүйерлер!
Бүгінгі байқауымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

2 - жүргізуші:
Студенттеріміз сыналатын байқауымыздың шарттарымен танысайық:
1 кезең - өзін таныстыру;
2 кезең - өз өнерін көрсету;
3 кезең - аспаздық шеберлігін көрсету;
4 кезең - сәндік өнер;
5 кезең - мақал - мәтелге, химиялық және салт - дәстүрімізге байланысты сұрақ - жауап.
6 кезең - үй тапсырмасы (қол өнері бойынша үй тапсырмасы, 1апта бұрын берілген).
1 - жүргізуші: /1 кезең – өзін таныстыру/
Арулар келіп отыр танысуға,
Сыпырды томағасын осы дуға.
Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен ізетпен танысуға.

1 нөмірлі студентіміз өзін таныстыруы
Сөз анасы сәлем деп,
Амандасып алайын.
Көпке жалғас сәлем дер,
Армысыздар ағайын,
Сынға алып қыздарды.
Демеушілік жасаған,
Мерекеге алдымен.
Құтты болсын айтайын,
Сәтті өмір сыйлаған.
Ана бақыт сыйлайын,
Өмір гүлі арулар.
Сұлулықты жырлайын,
Қазақ қызы қайсар да,
Инабатты болатын.
Қазақ елім ту тіккен,
Қазақстан жасасын.
Таныстырсам өзімді,
Мен де қазақ қызымын.
Қазақ қызы мәңгілік,
Қазақ қызы жасасын.
Зүлпыбектің екінші,
Қарлығаш атты қызымын.
Оңтүстіктің өңірі,
Туған жерім тұғырым,
Шағалалы Шардара,
Шалқар теңіз суының,
Ұзын - Ата киелі,
Құт мекенім ауылым.
Оқу ордам - білім нәрін тоқитын,
Жаратылыстану факультетінде оқимын.
Химия кафедрасы - нағыз білім ордасы,
Оқу тобы білімділер арнасы.
Тәлімгерім апайым,
Студенттері бір туған балалардай.
Даңқы биік оқу ордам мақтанатын.
Студенттері абыройын асқақтатқай.
Аяулы асыл Мейрамкүл,
Зейнетте анам,
Алты перзент өсірген,
Дара данам.
Өтеу мүмкін қарызды еместігін,
Білем ана, жар болсын хақ тағалам.
Бойжеттім бүгінде армандарға,
Қазақ қызы атына дақ салмауға,
Арманыма жетсем деп ұмтыламын,
Өмір сыны алдымда, Аллам қолда.

2 нөмірлі студентіміз өзін таныстыруы
Армысыз ұстаздарым, құрдастарым.
Өнер сүйер үлкен кіші қауымдарым.
Көктемде қырда өскен қызыл гүлмін,
Қол соғып, құшақ жайып, қабылдағын.
Айдында еркін жүзген аққу едім,
Сөзімді мен түйіндеп жүйелеймін.
Халқымның өнерде ерен қыздары көп,
Мендағы өнеріммен бөлісейін.
Елігі ем еркін жүрген кең даламның,
Өнерге қанатымды кең қағамын.
Намысын арулардың қорғай білер,
Сабыр қызы ГауҺар мен боламын.
Ұстаздардың көш басшысы апайым,
Аямаған жан шуағын бізге талай.
Санама сіз жақтыңыз білім отын,
«Кемеңгер бол»- деп мамандықтың химиядай.

3 нөмірлі студентіміз өзін таныстыруы
Аманбысың, осы отырған халайық,
Әуел сізбен сәлемдесіп алайық.
Қазылардың бізге берген балымен,
Өзімізге сай бағаны алайық.
Қозыбаева Бизаққызы Гұлнұрың!
Мен боламын, факультетім бір гүлің;
Химияның мұғалімі болуға,
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтында;
Білім алып жүр бүгін.
2 - курс химия мамандығым,
Үміт артып отырған маған бүгін.
Ақтаймын кафедрам үмітіңді,
Болса егер өнер мықты тіл ұтымды.
Мерекемен құттықтап білдірейін,
Әйелдер қауымына үмітімді.
Шаттыққа бір кенелсінші жүрегім,
Қабыл болып шын тілеген тілегім.
Мен өзіме қалаған сәттілікті,
Қарсыласқан достарыма тіледім.
“Қыз еркем - қылығымен көркем”- деп жарысты.
Атапсыздар көру үшін бар істі.
Осыменен бітті айтар сөзім деп,
Ойымша отырған көрермен, түгел танысты менімен.

4 - нөмірлі студент өзін таныстыруы
Армысың асыл елім, халқым менің.
Халқымның салт - дәстүрін бойына сіңірген қызы едім,
Ару толған жолымен алдыңызда,
Баршаңызға сәлем берем, басымды ием.
Елімізде Тәуелсіздіктің – ақ таңын сыйлаған 1992 жылы, яғни мешін жылы, қыстың соңғы айы, ақпанның жетінші жұлдызында, Оңтүстік жер ұйығы саналған, Мақтарал ауданы, Асық ата кентінде дүниеге келіппін.
Әкем Сабыр мен Анам Ұлжамалдың қуанышында шек болмай, дүйім жұртты жиып той беріпті. Сол шілдехана тойда, ауылдағы сыйлы, көне көз қария Мәулен ата құлағыма азан шақырып Лаура деп ат қойыпты. Маған дейін Темірлан, Талғат атты ұлдары болыпты. Бақытты босағаның шаңырағын, тағы бір сәбидің шаттық үні бөлепті. Көне көз қариялардың батасы мен ата - анасының тілеуінің арқасында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының табалдырығын аттадым. Білім мен тәрбиенің сусын нәрін, осы ыстық ұяда бойыма жиып жатқан жайым бар. Білімнің нәрімен, ақ сүт беріп баулып жатқан ұстазымыз ортаңызда. Жерде қызарған қызғалдақтай құлпырып 20 жасқа толдым, яғни өмірімнің 20 көктемі. Менің осындай дәрежеге жеткеніме көп адамның септігі тиді:
Бірінші ата - анам,
Бірінші тәрбиешім,
Бірінші ұстазым.
Әрине бұларға деген менің өмірімдегі ең биік орында тұрар, тағы да асыл жандар бар, ол әрине ұстаздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 003
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Менің қызығушылықтарым
Эссе: Менің қызығушылықтарым
қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі... (Әл – Фараби)
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Менің ұстаздық ұстаным
Менің ұстаздық ұстаным
Жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру, ұлттың тілін, мәдениетін, өнерін, тарихын, әдет - ғұрпын,
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×