Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қозғалыс және көңіл-күй

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған
балалар мектеп - интернат – колледжі
Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы

Денсаулық сағаты
Сабақ тақырыбы: Қозғалыс және көңіл күй
Мақсаты: қозғалыс белсенділігінің адам ағзасына және көңіл күйге әсерін түсіндіру; салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;
есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру;
түзетім жұмыстарын жүргізу
Сөздік: қозғалыс, әсері
Көрнекіліктер: презентациялар, түрлі - түсті бояу, кубик
Сабақтың түрі: саяхат - сабақ
Қолданылатын әдістер; кубизм, сұрақ - жауап, саусақпен сурет салу, ароматерапия, денсаулық сақтау технологиялары
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Есту аппараттарын тексеру
- Сен қалай естисің?
- Мен жақсы естимін.
- Қазір қандай сабақ болады?
- Қазір денсаулық сағаты болады.

Сабақ ережесі:
 Мұқият тыңдаймыз.
 Ойымызды ашық айтамыз.
 Бір - бірімізге кедергі келтірмейміз.
 Тыныш отырамыз.

Психологиялық бейімдеу. «Көңіл - күй үйлесімі»
Көңіл күйлерің қалай?
Не себепті көңілдерің көтеріңкі? (Себебі, біз әдемі киініп отырмыз, айналамыз әдемі, өзімізді жақсы сезініп отырмыз, күн сәулесі жарқырап тұр, ауа райы тамаша, т. б.) Әр оқушы түстерді таңдап, сол түске байланысты көңіл күйін сипаттайды: Мен қазір күндей көңілдімін, көңілім аспандай таза, көңіл күйім қызыл гүлдей жайнап тұр, жасыл шөптей нәзікпін, т. б.
Кезекші дыбыс [Б - П], [Д - Т] – дыбыстарды анық айту
Бала, бала бал екен
Ана биік пана екен.
Дүрс - дүрс соғып жүрегі
Тек жақсылық тілегі.
Тіл жаттығуы.
- Қайыржан, Тұрардан сұра, бүгін ауа райы қандай?
- Денсаулық сағаты сабағында не туралы айтамыз?
- Денсаулық үшін не қажет?

ІІ. Негізгі бөлім.
a) Сабақтың тақырыбын оқыту (жеке, топпен, қатты, ақырын, жай, сыбырлап)
ә) сөздікпен жұмыс қозғалыс – қимылдау, жүру, жүзу, билеу, жаттығу жасау, т. б.
б) Бүгін біз саяхатқа аттанамыз.
Есту қабілеттерін арттыру мақсатында көлік түрлерінің дауысы естіледі.
- Бұл ненің дауысы?
- Бұл – машинаның дауысы.
- Ненің дауысы?
- Поездың дауысы.
- Ненің дауысы?
- Ұшақтың дауысы.
- Ненің дыбысын естіп тұрсың?
- Кеменің дыбысын естіп тұрмын.
- Біз бүгін жаяу «Ертегілер еліне аттанамыз».
Әуеннің ырғағымен бас киімдерін киіп, рюкзакты асынып, саяхатқа аттанамыз.
Орманның дыбысы. Таңғы шықты сезіну. Таңғы шықтың үстімен жүреміз. Көгалға отырамыз. Демаламыз. Көгалға аунаймыз. Түрлі ағаштар мен гүлдердің иістері қандай керемет!
Сиырдың дауысы естіледі?
- Ненің дауысы?
- Сиырдың дауысы.
- Балалар, бұл қай ертегі кейіпкерлері?
- «Мақта қыз» ертегісінің кейіпкерлері.
Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмасын орындау. Тапсырма экраннан дыбысталады.

1. Сиырдың тапсырмасы: Қозғалыстың денсаулыққа пайдасын білгілерің келе ме? «Қозғалыс мүсінін» жасап көріңдер!
Оқушылар музыка ырғағымен түрлі қимылдар жасайды. «Тоқта!» дегенді естіген соң, бір орында тұрып қалады.
- Сендер не жасадыңдар?
- Біз денсаулық мүсінін жасадық.

2. Ағаштың тапсырмасы: Жапырақтарды түстері мен көлеміне қарай жинай отырып, сөздер құрастыр, сөздерден сөйлем құраңдар! (Дені саудың – жаны сау)

3. Қыздардың тапсырмасы: «Көңіл - күйің қандай?» Суреттегі адамдардың көңіл күйіне байланысты сөйлемдер айтады.
• қуану
• өтініш
• ренжу
• таңдану
• ашулану
4. Тауықтың тапсырмасы: «Дәндердің арасынан іздеп тап» оқушылар дәндердің арасынан тапқан ұсақ заттың атын, түсін атайды. (Мен көк түсті түйме таптым, т. с. с.)
5. Тышқан Ойын «4 сурет, 1 сөз»
Қозғалыс.
Көңіл күй.
Сергіту. Бетімізге мысық секілді бояу жағып, мысықпен бірге билейік.

ІІІ. Қорытынды.
- Көрдіңдер ме, мысық та сендермен бірге саяхаттап, көңілі көтеріліп қалды. Ол денсаулық үшін не қажет екенін білді, Мақта қызға барып, бүгін көргендерін айтып беретін болды.
Біз сабақта не істедік?
- Тыңдадық, сұраққа жауап бердік, ойнадық, биледік, саяхат жасадық.
- Қандай тапсырмалар орындадыңдар?
Кубиктер арқылы сұрақ - жауап
1. Көк түстің сұрағы: Сабақта саған не ұнады?
2. Жасыл түстің сұрағы: Сабақта саған не қиын болды?
3. Сары түстің сұрағы: Сабақтан нені үйрендің?
4. Қызыл түстің сұрағы: Сабақта не ұнамады?
Рефлексия «Бәрі өз қолыңда» алақанды бояуға малып, алдарыңдағы әйнекке сурет салыңдар. Жақсы тілек айтыңдар.
Оқушыларды мадақтау.
Аяқтау
2 523
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Функция туралы ұғым және оның берілу тәсілдері
Функция туралы ұғым және оның берілу тәсілдері
Функцияның берілу тәсілдерін қолданып есептер шығару дағдыларын арттыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Математикалық тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Бірінен - бірі қарама - қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы
Бірінен - бірі қарама - қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы
Бірінен - бірі қарама - қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі алыстау жылдамдығын табуды үйрету. Есепті өздігінен талдап, түсініп шығаруға дағдыланады.
Бір - біріне қарама – қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы
Бір - біріне қарама – қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы
Бір - біріне қарама – қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы Мақсаты: есептің жаңа түрімен таныстыру; терминдерді дұрыс қолдана алуға үйрету; дұрыс, жылдам есептеуге дағыдыландыру
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар (Физика 9 сынып)
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×