Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XXI ғасыр көшбасшысы (танымдық ойын)

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау қаласы
Еркінқала орта мектебінің
I - санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жұмағалиева Нұргул Қайыржанқызы

XXI ғасыр көшбасшысы
Танымдық ойын мақсаты:
1. Білімділік: Қазақ тілінен алған білімдерін байқау. Тіл мәртебесін көтеру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау сөйлеу мәнерлерін қалыптастыру, дамыту. Өз ойларын, білімдерін жинақтап тұжырымдай білуге дағдылану.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды туған тілін сүюге, өзін көрермендер арасында дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке, ойын дәл, нақты жеткізе
білуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Интерактивті тақта, ойын белгілері.

I. Кіріспе
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі күні мектепішілік тіл мерекесіне байланысты өткізіліп жатқан 10 - сынып оқушыларының “XXI ғасыр көшбасшысы” атты танымдық ойынына қош келдіңіздер.(Сайыскерлерді ортаға шақырамыз)
Көшбасшы болу - өз заманының, өз ортасының білімді де білікті, дамуы жағынан жан - жақты ерекшелігі бар беделді, үлкен әріппен жазылар азаматы. Біз бүгін сайысқа тек қана ана тіліміз бен әдебиетімізге қатысты мәселелерді және жекелеген пәндерден де қосымша сұрақтар дайындап отырамыз. Бүгінгі сайысымыз арқылы біз де өз тілін, әдебиетін жақсы білетін, ана тілін құрметтейтін өз ортамыздан шыққан үміт артар қазақ тілінің жанашырын анықтағымыз келіп отыр.

II. Әділқазылар алқасын таныстыру.
1
2
3

III. Ойын шартымен таныстыру
Ойынға 10а сыныбынан 9 оқушы қатысып отыр. Ойынға қатысушылар өздерін таныстырады. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Ойынға дайын болсаңыздар ойында бастаймыз. Сұраққа жауап беруге дайын болғанда алдарыңдағы белгіні көтересіңдер. Баршаңызға сәттілік тілеймін.

I кезең «Бәйге»
Бұл кезеңде әр жауапқа 10 ұпай беріледі. Сұрақтарға нақты әрі тез жауап беру керек. Жауабы дайын оқушы алдындағы белгіні көрсетеді.
1. Қазақ тілінде неше жалғау бар (4 көптік, септік, жіктік, тәуелдік)
2. Тіл байлығын зерттейтін сала (лексика)
3. Антоним дегеніміз не?(мағынасы бір - біріне қарама қарсы сөздер)
4. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?(42 әріп, 36 дыбыс)
5. Абайдың неше қара сөзі бар?(45)
6. Сөз құрамы неден тұрады?(түбір, қосымша )
7. Қазақ тілінде сөз табы нешеу? Ата.
8. Сан есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?(6 есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік, топтау, болжалды сан есім )
9. Қазақ тілінің атасы кім?(А. Байтұрсынұлы)
10. Зат есім, сын есім, сан есім орнына жүретін сөз тапбы? (есімдік)

II кезең «Жалғастыру»
Өлеңнің бірінші 2 жолы оқылады, өлеңді ары қарай жалғастыра айтып, өлеңнің аты мен авторын айту керек. Жауапқа 10 ұпай.
1. Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса ыстық соқсы бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
(Ы. Алтынсарин «Өзен»)

2. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
(Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»)

3. Құлагер, шешең - сұңқар, әкең - тұлпар.
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар
Сен өлсең орның босар көк бесті бар,
Болады құдай қосса ол да тұлпар.
(Ақан сері «Құлагер»)

4. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмады,
Бір қан, бір май боп енді екі ұртың.
(Абай «Қалың елім, қазағым….»)

5. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
(Абай «Жігіттер….»)
Ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 606
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
XXI ғасыр көшбасшысы «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?»
XXI ғасыр көшбасшысы «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?»
Атырау қаласы, Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибраева Жанар Ғилыманқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×