Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітап менің досым

26 наурыз 2024, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Зеренді ауданы әкімдігінің
«Пухальск негізгі мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Оспанова Баян Балташевна

Тәрбие сағатының тақырыбы: Кітап менің досым (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітап жайлы жазылған нақыл сөздер, слайд

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабаққа психологиялық дайындық
Қонақ күту - салтымыз,
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.

Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
(құшақтасып көріседі, қол алысып амандасады).

3. Сабақтың тақырыбын ашу. Жұмбақтар жасыру

Көзге танытқан,
Сөзді дамытқан.
Ойды кеңейткен,
Озықтарға теңейткен. (Мектеп)

Ойнақтаса қолыңда,
Із қалмайды соңында. (Өшіргіш)

Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі. (Парта)

6.
1. м е к т е п
2. ө ш і р г і ш
3. п а р т а
4. т а қ т а
5. ә л і п б и

Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)

Қырық екі жауынгер,
Санын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер,
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (Әліпби)

Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).

Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кітап біздің досымыз» деп аталады.

Ертегі кейіпкерімен кездесу
Марс планетасыннан қонаққа бөгде ғаламшарлық келеді. Оның қолында екі хатқалта болады.
- Балалар, бірінші хатқалтаны ашып оқиықшы.
-
- «Сәлем, балалар! Мен аспаннан сендердің жиналғандарыңды көріп тұрмын. Сендердің кітапқа деген құмарлықтарыңды білгім келеді. Сендер шынында да кітапты құрметтейсіңдер ме? Кітап оқуды ұнатасыңдар ма? Дәлелдеп беріңдер. Рахмет сендерге, балалар»
-
- Құрметпен
- Бөгде ғаламшарлық

- Балалар, біз бөгде ғаламшарлыққа кітаппен дос екенімізді дәлелдеп берейік.
Кітап адам өміріне аса маңызды рол атқарады. Отанды сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Оны оқиды, одан тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Сондықтан да біз кітапты сүйеміз. Кітап - біздің досымыз!- дейміз. Ол - біздің рухани жан азығымыз!- дейміз.
Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар. Олар біздің салт - дәстүрімізді, тарихымызды жаңғыртып отырады. Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылады. 2 – сәуір - «Халықаралық балалар кітабы күні» және 23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.
Қымбатты балалар! Мектеп табалдырығын аттағалы бері көптеген дүниені білдіндер, таныстындар, оқыдындар. Бүгін біз сендермен кітап туралы және кітаптың құрылымы туралы әңгімелесеміз.

Кітаптың шығу тарихы
Алғашқы кітап осыдан әлденеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа еш ұксамайтын. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалды. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу, жазып, оны кептіріп, сосын күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп, соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталған материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болған. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырдағы артқа тастаған екен.

Кітап қалай жазылады.
Қағаздың негізгі материалы – ағаш. Ағаш орманнан кесіледі, жүргізушілер жүк машиналарына тиеп фабрикаларға жеткізеді, фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп, одан қағаз жасайды. Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаханаларға жеткізіледі. Жазушылар, ғалымдар кітаптың мәтінін құрастырады, оны әріп терушілер кітап бетіне түсіреді, суретшілер мәтінің мазмұнына сәйкес суреттерімен безендіреді. Осылайша кітап сауда орындарына және білім мекемелеріне таратылады. Оқушылар кітап шығару ісінде мыңдаған адамдардың маңдай тері бар екенін және көп көлемде қаржы бөлінгенін үнемі есіңде сақтау керек. Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап, таза ұстауға дағдыланғаның жөн.

“Жалғасын тап” ойыны
1. Білім -... (таусылмайтын байлық).
2. Кітап - білім бұлағы,... (білім - өмір шырағы).
3. Кітап –... (алтын қазына).
4. Өнерліге... (нұр жауар).
5. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
... (Білім – жанып жатқан шырақ).

Сергіту сәті (бейнеролик)

Тақтаға Абай Құнанбайұлының суреті ілінеді.
- Балалар, бұл кім?
- Дұрыс. Ендеше қазір біз Абай атаның кітап туралы айтқан нақыл сөзін табуымыз керек?
«Бұл не деген жұмбақ?» ойыны
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына не алдына, соңына оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір нақыл сөз оқи аласыңдар.
...рт...қ
ғ... л... м
к...т... пт...,
...р...нб...
...қ...п
к...р...г...

(а ы ы ы і а а, е і е о ы ө у е).
Шешуі: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге»
(Абай)
- Жарайсыңдар, балалар. Ал, сендер кітап туралы өлең айтып бере аласың ба?
- Қане, бөгде ғаламшарлыққа кітапты қалай жақсы көретініміз туралы айтып өтейік.

1 - оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
2 - оқушы:
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
3 - оқушы:
Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
4 - оқушы:
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
5 - оқушы:
Заводтарда күн - түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
6 - оқушы:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
7 - оқушы:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
8 - оқушы:
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
9 - оқушы:
Оқулықты мектебің
Берер саған теп - тегін.
Білмейсің - ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
10 - оқушы:
Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.

Сергіту сәті (ертегі кейіпкерлері, жануарлар туралы)

Мұғалім. – Жарайсыңдар! Сендер кітапты көп оқисыңдар ма?
Қандай ертегілерді білесіңдер? (жауаптары.)

Ойын: «Суретті сөйлет».
Балалар суреттерге қарап, ертегінің атын атайды. Слайдтан қарап айтады.
Мұғалім: - Кітапты көп оқисыңдар екен. Жарайсыңдар! Жұмбақ, жаңылтпаштар оқыдыңдар ма?
- Қане, жатқа білесіңдер ме? (Балалар білгендерін айтады.)
- Балалар, ертегі кейіпкерлері сендерге викториналық сұрақтар алып келіпті.

Викториналық сұрақтар
1. Кітаптар тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)
2. Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады? (Кітапханашы)
3. Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады? (Оқырман)
4. Балаларға арналған қандай газет - журналдарды білесіңдер? («Ұлан», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» т. б.)
5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (Баспахана)
6. Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығады? («Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап»)
7. Кітапты жазған адамды қалай атайды? (Автор)
8. Халықаралық балалар кітабы күні қай күні? (2 сәуір)
9. Дүниежүзілік кітап күні қай күн? (23 сәуір)

Ойын: “Иә - жоқ”. ---------------------Кітап нені сүйеді?
Кітап белгі бауын “иә”,----------------------- Қарды, не жаңбырды “жоқ”,
Кір қолды “жоқ”, ------------------------------- Ұқыпты ұстағанды “иә”,
Қуырған жұмыртқаны “жоқ”, --------------- Еденде жатқанды “жоқ”,
Білгіш оқушыларды “иә”, -------------------- Кітап сөресінде тұруды ”иә»

Кітап туралы қанатты сөздерді оқып шығу (Слайдтан)
Кітаппен дос бол, оның жомарт беттері көзіңді ашар,
адал дос одан жоқ тегі. (Расул Гамзатов)

Талап қыл артық білуге, артық білім кітапта,
ерінбей оқып көруге. (Абай)

Әрбір адамның ең жақсы досы,
өмірлік досы кітап болуы тиіс. (Мұхтар Әуезов).

- Жақсы, балалар, сендер бөгде ғаламшарлыққа кітапты сүйтіндеріңді дәлелдеп бердіңдер деп ойлаймын. Ал енді екінші хатқалтаны ашуға құқымыз бар деп ойлаймын. (Екінші хатқалтаны ашу.)
«Балалар, сендер шынымен де кітаппен дос екенсіңдер. Кітап оқысаңдар білімдерің толады. Білімді, парасатты адам боласыңдар. Ендеше мен сендерге келесі ескертпені бергім келеді. Ойларыңа түйіп алыңдар. Сонымен бірге мен сендерге кітаптың арасына салатын белгі бауды сыйға тартамын. Балақайлар, мен сендерге сәттілік тілеймін!»
- Құрметпен Бөгде ғаламшарлық

Кітап туралы ережелер:
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.
7. «Кітап – сенің досың» екенін ұмытпа!

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
32 335
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі
Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі
Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын арттыру. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту.
Кітап – рухани қазына
Кітап – рухани қазына
Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
Х. Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
ШҚО. Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×