Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз ертеңгілігі

18 қазан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
"Алтын күз"ертеңгілігі

Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату; табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мерекелік ертеңгілікке сай безендірілген сахна, Акт. Видео сюжет:«Алтын күз», Слайд: Күзгі жұмбақтар, жемістердің атрибуттары, Сандықша, Көкөністер мен жемістердің муляждары, Жеміс - жидектер, Ойыншық машиналар, Жапырақтар т. б.

Жүру барысы:
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әдемі сазды көңілді әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Балалар, бүгін бізде өте әдемі, жомарт, тиянақты бірақ аздап көңілсіздеу болып туратын жыл мезгілі - Күз мейрамы. Әдемі дейтініміз күз мезгілі ғана бізге әдемі сары, қызғылт, алтын түстерді сыйлайды. Жомарт дейтініміз - тек күзде ғана жеміс - жидектер жиналады. Ал тиянақты дейтін себебіміз - көкөністер мен бидай өнімдерін тездетіп, салқындыққа қалдырмай жинап алуымыз керек. Ал енді көңілсіздеу болатын себебі - жаз мезгілімен, ашық аспанмен, ыстық күнмен, көңілді құстармен қоштасқысы келмей өкінетіндіктен екен.

Жүргізуші тақпақ оқиды: Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық,
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық!
Тақпақ балалардың, ән айтылады.

Жүргізуші: Балалар, қараңыздаршы қандай әдемі сандық. Қызық бұл сандықта не бар екен?
(Тәрбиеші сандықты алып әрі - бері тартқылап ашқысы келеді, бірақ сандық ашылмайды)
Жүргізуші: Не істесем екен мен енді?
Сандықты ашқым келеді.
Таптым, таптым қазір біз,
Тақпақ айтып береміз.
Балалар тақпақтарын айтады.

Жүргізуші: Бұл не қылғаны?
Сандық тағы ашылмады?
Таптым, таптым онда мен,
Жұмбақ айтып беремін.
Жүргізуші балаларға жұмбақ жасырады.
Күзгі жұмбақтар:
Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. Бұл не?
(Сәбіз)
Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат - қабат тоным бар
Қалай оны шешемін.
Бұл не?
(Орамжапырақ)
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бұл не?
(Пияз)
Аспай піскен, қайнамай түскен.
(Жеміс)
(Жүргізуші тағы да сандықты ашқысы келеді, бірақ сандық ашылмайды)
Жүргізуші: Не болғаны, бұл қалай?
Ашылмады сандығым.
Дилназ Жомарт: Мен білемін, сандықты ашуға кім көмектесетінін. Бұл сиқыршы - Күз. Қане оны шақырайықшы.
Балалар: Алтын күз! Алтын күз бізге қонаққа келші!
Күзгі әуенмен билеп Алтын күз келеді.
Алтын күз: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені мейрамға шақырғандарыңа рахмет!
Жүргізуші: Күз, сен бізге мына күзгі сандықты ашуға көмектесесіз бе?
Күз: Әрине көмектесем, бірақ ол үшін сендер өлең айтып, би билеулерің керек.
(Балалар өлең айтып, жапырақтар биін билейді)
Жүргізуші: Міне, әнімізде аяқталды,
Сандықшада қақпағын ашты,
Не жасырылған бұл сандықта?
Небір, небір нәрселерде бар екен.
(Жүргізуші сандықтан мухомор алып шығады)
Жүргізуші: Бұл не екен?
Балалар: Саңырауқұлақтар.

Жүргізуші: Қане саңырауқұлақтар шығыңдаршы, өз өнерлеріңді көрсетіңдерші.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Күз: Балалар сендер сезіп отырған боларсыңдар, менің күзгі сандығымнан бәрін табуға болатынын, әрі күзгі мейрамды көңілді өткізуге көмектесетінін.

Жүргізуші: Ал енді Күз бізге, тағы қандай сыйлықтар дайындады екен көрейікші?(Сандықтан көкөністердің атрибуттарын шығарады)
Балалар бастарына атрибуттарды киіп, көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарын айтады.
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
* * * *
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
* * * *
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
* * * *
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
* * * *
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
* * * *
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша - бақ
Күрең қызыл шіркін - ай
Менің атым құлпынай.
* * * *
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
* * * *
Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
* * * *
Дөп дөңгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
менің атым өрік.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№ 8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы
Ересек топ тәрбиешісі Уразалина Гулбану Насырқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 043
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қоңыр күз
Қоңыр күз
Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Күз сыйлықтары
Күз сыйлықтары
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Арайлы күз, алтын күз
Арайлы күз, алтын күз
Балаларды күз кереметімен таныстыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Жомарт күз
Жомарт күз
Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Жомарт күз
Жомарт күз
Астана қаласы, № 63 "Әсем ай" балабақшасыныңмузыка жетекшісі Измаханова Құралай Еламанқызы
Алтын күз
Алтын күз
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×