Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітап – білім бұлағы

10 қараша 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Кітап – білім бұлағы
Сабақтың мақсаты: 1. Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
2. Кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту;
3. Оқушыларды кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі: балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегілер әлеміне саяхат

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақ түрімен және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздерде ертегілер әлеміне саяхат жасау сабағы өтеді. Бүгін біздер үшін айрықша күн. Бүгін сендер, яғни, мектеп кітапханасына жазылмаған балалар, оқырман болып қабылданасыңдар. Мектеп кітапханасына қонаққа қош келдіңіздер!
Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді? Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.

Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.
Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа
Терең білім, ой маржанын құясың.
Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»,
Кітапхана - сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз боп шығары.
Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады.
Сондықтан олардың іші пыспасын десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады.
Кітап – ол ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.

Карима:
Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
О, кітап, бас иемін мәртебеңе,
Игілік қазынасың бар адамға.
Сен берер игіліктің есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

Әміржан:
Адамның досы кітап - өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкің,
Ақылшы жанға серік,
Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.
Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?
Оны қазір байқап көреміз. Бүгін біз сендермен әр түрлі түрлері арқылы Кітап кейіпкерлерін табамыз, кітапты күтіп ұстау ережесімен танысамыз.(төмендегі суреттермен таныстыру)
- Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен?
Кебіс кімдікі? (ханшайымдікі)
Себеттегі самса (қызыл телпек)
Жыртық шапан (Алдар көсе)
Кілт (буратино)
Хат (Хат тасушы атай)
Жарайсыңдар, бірақ, балалар, біз көп қонақ шақырғанбыз, олар неге келмей жатыр екен? (есік қағылады) Ол кім екен?
Хат тасушы атай: Бұл мен, хат тасушы атаймын, сізге жедел хат әкелдім.
Мұғалім: Олай болса, оқиық, кімнен екен?
Қане, балалар, сендер маған көмектесіп жіберіңдер?
1. Мерекеге келе алмаймын, менің таныс атайым жоғалып кетті, мен оны табуым керек. (Андерсен ертегісіндегі Герда)
2. Мерекеге сондай барғым келді, бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды, соларға барамын. (Айболит)
3. Келгім ақ келеді, бірақ пеш тартпай қалды. (Жалқау Емеля)
Олардың келе алмағаны өкінішті. Ал, енді ертегілерді шешуге қалай қарайсыңдар?
1. Орман жанында
Үшеуі бір үйде тұрады.
Үш төсек, үш жастық,
Қане, олар кімдер? (үш аю)
2. Ұшып келіп батпаққа түсті
Батпақта оны ұстап алды.
Кім жасыл қабыршақты шешіп,
Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды? (патшайым бақа)
3. Қаймаққа иленген,
Терезеде суытылған,
Сап - сары домаланған. (бауырсақ)
4. Жерден аспанға ұшу үшін
Оған үлкен сыпыртқы керек. (мыстан кемпір)
- Жарайсыңдар! Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы біледі екенсіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?
Жол алыс,
Ал себет ауыр,
Отырамын түбірге самсаны жеп. (Маша мен аю)
Шал кемпірге оралды:
Кемпірде жаңа астау. (балықшы мен алтын балық)
Тартамын, тартамын,
Тіпті де жұла алмаймын. (қызылша)

Аяулым:
Енді өздерің кітап оқу үшін келдіңдер.
Кітапты не үшін оқиды?
Кітапхана – кітаптардың ордасы,
Білсең кітап – нағыз жолбасшы.
Ал, білімің – кітап нағыз,
Қанып ішсең сусыныңды қандырады.
Кітап – ұстаз,
Кітап – үйретуші.
Кітап – нағыз дос, жолдас,
Ақылы бұлақ көзіндей еш азаймас.
Балалар, сендердің қолдарында кітапхананың қандай кітаптары бар? Еске түсірейікші. (оқулықтар)
1 - кітап, Аяулым: Қалың қалай, кітабым?
2 - кітап, Нұрқанат:
Ой, мен сыныптың алдында ұяттымын, Менің қожайыным сыртқы қабымды жұлып алды! Онымен қоймай беттерімді де жұлып алды. Одан қайық, ұшақ жасады. Ал, сен бүтінсің бе?
1 - кітап, Аяулым:
Сенің халің маған таныс. Менің оқушым қол жумай сабаққа отырған емес, беттерімде де бір сызық жоқ тап - таза. Мен оны қалай болса солай емес, тек беске оқуға үйретемін.
2 - кітап, Нұрқанат: Ал менің оқушым үшке әрең ілігеді, тіпті екілік те алады. Ой, мен сынып алдында ұяттымын.
- Балалар, қай оқулықты қолдарыңа алып оқығыларың келеді?
Жансерік:
Кітап та алма ағашы
Жемісін бізге беретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
Сендерден кейін осы оқулықтарды басқалары пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретінін білулерің керек.

Ойын «Иә - жоқ». Егер келіссеңдер иә, келіспесеңдер жоқ дейсіңдер.
Кітап нені сүйеді?
Кітап бауы «иә»,
Қар не жаңбыр «жоқ»,
Кір қолды «жоқ»,
Ұқыптап ұстауды «иә»,
Еркелеткенді «иә»,
Қуырған жұмыртқаны «жоқ»,
Еденде жатқанды «жоқ»,
Таза қолды «иә»,
Төбелескенді «жоқ»,
Кітап сөресінде тұруды «иә»,
Білгіш оқушыларды «иә».

Кітапхананың тұрақты оқырмандары бізді кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтсек:
1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.
2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады.
3. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.
4. Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.
5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.
6. Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.
Ал, оқушылар сендер кітаптармен дос болғыларың келе ме?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 086
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап - ақылшы досың
Кітап - ақылшы досың
Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту, танымдық - ойлау қабілетін, зейінін дамыту.
1 сыныптар үшін кітапханамен таныстыру сабағы
1 сыныптар үшін кітапханамен таныстыру сабағы
Екібастұз қаласы №11 жалпы орта мектебі кітапхана меңгерушісі С. Қ. Шарбекова
Кітап - білім бұлағы
Кітап - білім бұлағы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
ШҚО. Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×